Қазақстан Pecпубликасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдеріне өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 наурыздағы N 287 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына  және "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 11 қыркүйектегi N 993 қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнің       
2003 жылғы 21 наурыздағы
N 287 қаулысымен   
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбiр
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер

      1. "Құпияландыруға жататын мәлiметтердiң ведомстволық (салалық) тiзбелерiн әзiрлеудің тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2000 жылғы 14 наурыздағы N 389 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 151-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Құпияландыруға жататын мәлiметтердің ведомстволық (салалық) тiзбелерiн әзiрлеу тәртiбiнде:
      20, 26-тармақтардағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттігіне" деген сөздер "мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау жөніндегі қызметтi лицензиялаудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 14 желтоқсандағы N 1842 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 55, 603-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын техникалық қорғау жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың ережесінде:
      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттігi" деген сөздер "мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын құрайтын мәлiметтердi пайдаланумен, мемлекеттiк құпияларды қорғау құралдарын жасаумен, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзумен және (немесе) қызметтер көрсетумен байланысты жұмыстар жүргiзуге рұқсат алу үшiн ұйымдарға арнайы сараптама жүргiзу және олардың басшыларын аттестаттаудан өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 10 мамырдағы N 619 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 17, 221-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын құрайтын мәлiметтердi пайдаланумен, мемлекеттiк құпияларды қорғау құралдарын жасаумен, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау жөнiндегi іс-шараларды жүргiзумен және (немесе) қызметтер көрсетумен байланысты жұмыстар жүргiзуге рұқсат алу үшiн ұйымдарға арнайы сараптама жүргiзу және олардың басшыларын аттестаттаудан өткiзу ережесiнде:
      4-тармақта:
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгі" деген сөздер "мемлекеттiк құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Агенттік" деген сөз "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы "Агенттік" деген сөз "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөнінде тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2001 жылғы 15 мамырдағы N 638 қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау жөнiнде тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия туралы үлгi ережеде:
      9-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөніндегі агенттiгі" деген сөздер "мемлекеттiк құпияларды қорғау жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Бiрлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 31 мамырдағы N 743 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 19, 250-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бiрлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi беру ережесiнде:
      9-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттігінің" деген сөздер "мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздермен ауыстырылсын.