Мемлекеттік ресурстар астығын сатудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 наурыздағы N 252 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының сатылатын мемлекеттік ресурстар астығын 300 мың тоннаға дейінгі көлемде республиканың ішкі рыногында ашық тендерлер өткізу арқылы не тауар биржасында сатуын қамтамасыз етсін. <*>
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.23. N 592 қаулысымен.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С.Есімовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі