Мемлекеттік ресурстар астығын сатудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 наурыздағы N 252 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының сатылатын мемлекеттік ресурстар астығын 200 мың тоннаға дейінгі көлемде республиканың ішкі рыногында ашық тендерлер өткізу арқылы не тауар биржасында сатуын қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С.Есімовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі