Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің биоресурстарды қорғау жөніндегi жекелеген мемлекеттiк мекемелерiн қайта ұйымдастыру және қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 наурыздағы N 247 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Балқаш биоресурстарды қорғау жөніндегi аймақтық мекемесi" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің "Зайсан-Ертiс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемелерiне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Солтүстiк Каспий биоресурстарды қорғау жөнiндегi аймақтық мекемесi" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінің "Орал-Каспий облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемесi болып қайта аталсын.

      3. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерінде:
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген 2-бөлімде:
      1) мына:
"Балқаш биоресурстарды қорғау жөнiндегi
аймақтық мекемесi                                         175"
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы                           98
Зайсан-Ертiс балық ресурстарын қорғау және балық
аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы            77";
      2) "Солтүстiк Каспий биоресурстарды қорғау жөнiндегi аймақтық мекемесі" деген сөздер "Орал-Каспий облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі