Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1290 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 18 ақпан N 170

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын әзірлеудің, бекітудің және қолданылу мерзімдерінің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1290 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 44, 400-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулының кіріспесінде:
      "Заңына" деген сөз "Заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының "Білім туралы" деген сөздермен ауыстырылсын және "маусымдағы" деген сөзден кейін "және "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын әзірлеудің, бекітудің және қолданылу мерзімдерінің тәртібінде:
      1-тармақта:
      "Заңына" деген сөз "Заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Қазақстан" деген сөздің алдынан ", Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ "білім берудің" деген сөздерден кейін мынадай сөздермен толықтырылсын:
      ", оның ішінде кемтар балаларға арнаулы мектепке дейінгі және жалпы арнаулы білім берудің".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі