Мемлекеттiк мүлiкті мемлекеттiк меншiктiң бip түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 22 қаңтар N 81

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 192-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкіметінiң       
2003 жылғы 22 қаңтардағы
N 81 қаулысымен    
бекiтiлген    

Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бір түрінен екiншi түрiне беру epежeci

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 192-бабына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру тәртібiн анықтайды.

      2. Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) мүлiктiк кешендерi ретінде республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен республикалық мемлекеттiк мекемелер (бұдан әрi - республикалық заңды тұлғалар), акционерлiк қоғамдардың акциялары мен республикалық меншiктегi жауапкершiлiгі шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлестерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкiмiнiң қолдаухаты негiзiнде коммуналдық меншiкке берiледi;
      2) республикалық заңды тұлғалардың мүлкi облыс (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкiмiнiң қолдаухаты негізiнде:
      теңгерiмдік құны беру күнiне он мың және одан асатын ең төменгi есептiк көрсеткiш мөлшерiнде болған кезде - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша;
      теңгерiмдiк құны беру күнiне он мың ең төменгi есептік көрсеткiш мөлшерiнен кем болған кезде - теңгерiмiнде берiлетiн мүлiк бар республикалық заңды тұлғаны мемлекеттiк басқару органы не уәкiлеттi орган болып табылатын мемлекеттiк органмен келiсiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң шешiмi бойынша коммуналдық меншiкке берiледi;
      3) мүлiктiк кешендер ретiнде коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар мен коммуналдық мемлекеттiк мекемелер (бұдан әрi - коммуналдық заңды тұлғалар), акционерлiк қоғамдардың акциялары және коммуналдық меншiктегi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестіктердiң жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлестерi облыс (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкiмдiгi қаулысының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң республикалық меншiкке қабылдау туралы шешiмiнiң негiзiнде республикалық меншiкке берiледi;
      4) коммуналдық кәсiпорындар мүлкi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және теңгерiмiне мүлiк берiлетiн республикалық заңды тұлғаны мемлекеттiк басқару органы болып табылатын мемлекеттiк органмен (не уәкiлетті органмен) келiсiлген облыс (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкiмдiгiнiң қаулысы негiзiнде республикалық меншiкке берiледi.

      3. Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру туралы шешiм қабылданғаннан кейiн 30 күннен аспайтын мерзiмде берушi және қабылдаушы тараптардың уәкiлеттi лауазымды тұлғалары қол қоятын және республикалық және коммуналдық меншiкке иелiк етуге уәкiлеттi орган басшылары бекiтетiн мүлiктi қабылдап алу-беру актісi (табыстау актiсi) ресiмделедi.
      Қабылдап алу-беру актiсi (табыстау актiсi) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде төрт данада, қабылдау-беру актiсiн (табыстау актісiн) ресiмдеуге қатысатын тараптардың әрқайсысы үшiн бiр данадан жасалады.