Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының ғимаратын республикалық меншiктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 22 қаңтар N 78

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының теңгеріміндегі Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 79 мекен-жайында орналасқан ғимарат жалдау ақысы алынбай, орналасқан үй-жайларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Республикалық ғылыми ауыл шаруашылығы кiтапханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына қалдыру шартымен Алматы қаласының коммуналдық меншiгіне берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен және Алматы қаласының әкiмдiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен жоғарыда көрсетiлген ғимаратты қабылдап алу-беру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 441, 371-құжат):
      1) көрсетiлген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 396-жолмен толықтырылсын:
      "396. Ғимарат                   Абылай хан даңғ. 79 үй";
      2) көрсетілген қаулыға 3-қосымшадағы реттік нөмірі 203-жол алынып тасталсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі