Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының ғимаратын республикалық меншiктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 22 қаңтар N 78

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының теңгеріміндегі Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 79 мекен-жайында орналасқан ғимарат Алматы қаласының коммуналдық меншiгіне берiлсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.07.17.  N 698 Қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен және Алматы қаласының әкiмдiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен жоғарыда көрсетiлген ғимаратты қабылдап алу-беру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 441, 371-құжат):
      1) көрсетiлген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 396-жолмен толықтырылсын:
      "396. Ғимарат                   Абылай хан даңғ. 79 үй";
      2) көрсетілген қаулыға 3-қосымшадағы реттік нөмірі 203-жол алынып тасталсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі