Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) <*>
2) "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік
кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат):
1-тармақта:
"уәкілетті органдар" деген сөздер "мемлекеттік басқару органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
1), 2), 3), 4), 9), 10), 11) тармақшалардағы "(уәкілетті органның - РМК үшін)", "(уәкілетті орган - РМК үшін)", "(уәкілетті органмен - РМК үшін)", "(уәкілетті орган алдында - РМК үшін)" деген сөздер тиісінше "(мемлекеттік басқару органының - РМК үшін)", "(мемлекеттік басқару органы - РМК үшін)", "(мемлекеттік басқару органымен - РМК үшін)", "(мемлекеттік басқару органы алдында - РМК үшін)" деген сөздермен ауыстырылсын.
Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.05.20. N 565 қаулысымен .
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі