Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру мен дамыту жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдау бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес туралы" 2002 жылғы 15 қарашадағы N 357 өкiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру мен дамыту жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдау бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру мен дамыту жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдау бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жариялылық және жүргiзiлiп отырған жұмыс пен Кеңесте азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру мен дамыту жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдау бойынша қабылданған шешімдер туралы азаматтарды кеңiнен хабардар ету қамтамасыз етілсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1391 қаулысымен
бекiтiлген
Азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру мен дамыту жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдау бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1. Азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру мен дамыту жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдау бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн кеңестiң (бұдан әрi - Кеңес) қызметi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру мен дамыту жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдау бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес туралы" 2002 жылғы 15 қарашадағы N 357 өкiмiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, Қазақстан Республикасы Yкiметiнің мүшелерi, Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң және басқа да мемлекеттік органдардың өкiлдерi, саяси партиялардың, үкiметтiк емес ұйымдардың басшылары мен өзге де өкiлдерi Кеңестiң қатысушылары болып табылады. Кеңестiң жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Кеңес қатысушыларының ұсынысы бойынша оған жаңа мүшелер қосу жолымен оның құрамы кеңейтiлуi мүмкiн.
4. Кеңестiң жұмысына әрбiр қатысушыдан - саяси партиядан, үкiметтiк емес ұйымнан бiр өкiлден қатысады. Кеңеске қатысушы депутаттар олардың төрағаларымен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталарынан не өз саяси партияларынан өкiлдiк етедi. Парламенттiң өзге депутаттары, саяси партиялардың, үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi, Кеңес жұмысына кеңесушi дауыс құқығымен қатыса алады.
5. Кеңестi Қазақстан Республикасының Үкiметi Кеңеске қатысушылардың ұсыныстары бойынша бекiтетiн төраға басқарады. Кеңес төрағасының Кеңеске қатысушылар iшiнен сайланатын орынбасары болады. Төрағаның орынбасары Кеңестiң кезектi отырысы басталғанға дейiн өз өкiлеттiктерiн сақтайды және оған дайындық жұмысын қамтамасыз етедi. Кеңестiң төрағасы Мемлекет басшысына Кеңестiң жұмысы туралы жүйелi түрде ақпарат ұсынады.
6. Кеңестiң қызметiн ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету үшiн Кеңестiң Хатшылығы құрылуы мүмкiн. Кеңестiң қызметiн ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi Кеңестiң жұмыс органы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi жүзеге асырады.
7. Кеңестiң жұмысы отырыстар түрiнде жүргiзiледi.
8. Кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатқа ие, ашық дауыс беру арқылы қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады және, егер оларға қатысушылар жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады.
Оларды бiлдiрген қатысушылардың тiлегi бойынша Кеңеске қатысушылардың көпшiлiк дауысына ие болмаған пiкiрлерi жазбаша түрде ресiмделуi және Кеңестiң шешiмiне қоса берiлуi мүмкiн.
9. Кеңес мыналарға құқылы:
азаматтық қоғамды одан әрi демократияландырумен және дамытумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен консультациялар жүргiзуге;
азаматтық қоғамды одан әрi демократияландырумен және дамытумен байланысты мәселелер бойынша заңдар мен өзге нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдау туралы ұсыныстарды әзiрлеуге және мемлекеттiк органдарға енгiзуге;
Кеңес құзыретiне енетiн жекелеген мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеу үшiн жұмыс топтарын құруға;
Кеңес мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi құжаттар мен өзге де материалдарды мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға;
Кеңес құзыретiне енетiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн тыңдауға;
қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға.
10. Кеңес отырыстары (бұдан әрі - отырыс) қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына бір рет өткiзiледi.
11. Отырыстың күн тәртiбiнiң жобасын Кеңеске қатысушылар ұсыныстарының және бұрын қабылданған шешiмдердiң негiзiнде Кеңес қалыптастырады. Отырыс күн тәртiбiн қалыптастыру кезiнде әрбiр қатысушы отырыс күн тәртiбiне мәселелер енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқылы. Мәселенiң бастамашысы отырыс басталғанға дейiн 30 күн бұрын Кеңестiң жұмыс органына барлық қажеттi материалдарды (анықтамаларды, шешiмдердiң жобаларын) енгiзуге тиiс. Жұмыс органы кезектi отырысқа материалдарды Кеңеске қатысушыларға жөнелтудi ол өткiзiлгенге дейiн 7 күннен кешiктiрмей жүзеге асырады.
12. Ұсынылатын отырыстың күн тәртiбi мәселелерi бойынша Кеңестiң жұмыс органына түсiндiрме жазба, отырыс шешiмiнiң (ұсынымының) жобасы, шақырылған адамдардың тiзiмi ұсынылады.
13. Кеңестiң кезектi отырысы өткiзiлетін күнiн Кеңес төрағасы Кеңеске қатысушылармен келiсiм бойынша белгiлейдi.
14. Отырысқа Кеңеске қатысушылар құрамына кiрмейтiн мемлекеттiк емес ұйымдардың өкiлдерi, ғалымдар мен мамандар, басқа да ұйымдардың өкiлдерi, тәуелсiз сарапшылар шақырылуы мүмкін.
15. Отырыстар Қазақстан Республикасының Yкiметi беретiн үй-жайларда өткiзiледi.
4. Кеңес отырыстарын өткiзудiң тәртiбi
16. Кеңес қатысушыларының жартысынан астамы болған жағдайда, отырыстар заңды болып саналады.
17. Төраға отырыста:
отырыстың күн тәртiбi мен оның жұмысының регламентi туралы хабардар етедi;
осы Ережеге сәйкес отырысты жүргiзудi қамтамасыз етедi;
ұсыныстардың түсу ретiне қарай сөз сөйлеушiлерге сөз бередi, ал қажет болған жағдайларда осындай өзгертудiң дәлелдемесiн жариялап, сөз сөйлеудiң кезегiн өзгерте алады;
отырыстың бекiтiлген регламентiн бұзған кезде сөз сөйлеушiге ескерту жасауға немесе оны сөз сөйлеуден айыруға құқылы.
18. Баяндамаларға отырыста 20 минуттан аспайтын уақыт берiледі. Отырысқа қатысушылардың әрқайсысы талқыланатын мәселе бойынша екi реттен асырмай сөз сөйлеуге құқылы. Бұл ретте негiзгi сөзi үшiн 5 минуттан аспайтын, қосымша сөзi үшiн 2 минуттан аспайтын уақыт берiледi. Қаралатын мәселенің сипатын ескере отырып, осы регламент Кеңестiң отырысқа қатысушыларының шешiмi бойынша өзгертiлуi мүмкiн.
19. Отырыстарға қатысушылар мен шақырылғандар оларға төраға сөз бергеннен кейiн ғана сөз сөйледi.
5. Отырыстар шешімдерiнiң орындалуын бақылау
20. Отырыстар шешiмдерiнiң орындалуын бақылау Кеңес төрағасына жүктеледi. Кеңес төрағасы Кеңес шешiмдерiн орындау жөнiндегi жұмыстың барысы туралы Кеңеске қатысушыларды тұрақты түрде хабардар eтeдi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1391 қаулысына
қосымша
Азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру мен дамыту жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдау бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн кеңестің құрамы
Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы
Бауыржан Әлiмұлы Премьер-Министрiнiң орынбасары,
төраға
Әбділдин - Қазақстан Коммунистік партиясының
Серiкболсын Әбділдаұлы бiрiншi хатшысы, Қазақстан
Республикасының Парламентi
Мәжiлiсiнiң депутаты
(келiсiм бойынша)
Әбiлқасымов - "Қазақ елi" ұлттық бiрлесу
Ерасыл Әбiлқасымұлы Партиясының төрағасы, Қазақстан
Республикасының Парламентi
Мәжiлiсiнiң депутаты
Әуезов - "СОРОС-Қазақстан" қорының
Мұрат Мұхтарұлы Президентi
Антоний - Орал және Гурьев архиепископы
(Москаленко Владимир)
Байкенов - Қазақстан Республикасы Жұмыс
Қадыр Қарқабатұлы берушiлер Конфедерациясының
президентi
Байтасов - Қазақстан телерадио хабарларын
Арманжан Мерекеұлы таратушылары ұлттық
қауымдастығының президентi
Бексұлтанов - "Қазақстанның болашағы үшiн"
Мәди Қазбекұлы республикалық қозғалысының төрағасы
Беляков - "Соотечественник" партиясының
Геннадий Федорович төрағасы, Орыс және славян ұйымдары
қауымдастығының төрағасы
Волков - Қазақстанның өрлеу Партиясы
Анатолий Михайлович төрағасының орынбасары
Дербiсәлi Әбсаттар қажы - Қазақстан мұсылмандары дiни
(Бағысбайұлы) басқармасының төрағасы, Бас мүфтий
Ермегияев - "Отан" республикалық социал-
Амангелдi Дiнұлы демократиялық партиясы төрағасының
мiндетiн атқарушы
Ертiсбаев - Қазақстан Республикасы
Ермұхамет Қабиденұлы Президентiнiң кеңесшiсi
Жовтис - Адам құқығы және заңдылықты
Евгений Александрович сақтау жөнiндегi халықаралық
бюроның директоры
Жұмабаев - Қазақстан телерадио хабарларын
Айдар Әбiлмәжiнұлы таратушылары қауымдастығының
президентi
Қалиев - "Ауыл" Шаруа социал-демократиялық
Ғани Әлiмұлы партиясының басшысы, Қазақстан
Республикасының Парламентi
Мәжiлiсiнiң депутаты
Қасымов - Қазақстан патриоттары Партиясының
Ғани Есенгелдiұлы төрағасы, Қазақстан Республикасының
Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты
Қасымов - Қазақстанның "Алаш" партиясының
Жанат Жақыпсейiтұлы төрағасы
Коген - Қазақстанның бас раввинi
Ешая
Қосанов - Қазақстанның Республикалық
Әмiржан Сағитрахманұлы халықтық партиясы (келiсiм бойынша)
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының
Мұхтар Абрарұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келiсiм Министрi
Мадинов - Қазақстан аграрлық партиясының
Ромин Ризович төрағасы, Қазақстан Республикасының
Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты
Матаев - Қазақстан Журналистер одағы
Сейiтқазы Бейсенғазыұлы басқармасының төрағасы
Мұқашев - Қазақстан Республикасының
Сиязбек Өнербекұлы кәсiподақтары федерациясының
төрағасы
Нәрiкбаев - "Құқықтық Қазақстан үшін"
Мақсұт Сұлтанұлы республикалық азаматтық
қозғалысының төрағасы
Нысанбаев - Әлеуметтiк ғылымдар академиясының
Әбдiмәлiк Нысанбайұлы президентi, Қазақстан
Республикасының Бiлiм және ғылым
министрлiгi Философия және
саясаттану институтының директоры
Перуашев - Қазақстан Азаматтық партиясының
Азат Тұрлыбекұлы бiрiншi хатшысы
Сәрсембаева - Қазақстан әйелдерi Демократиялық
Раушан Бiргебайқызы партиясының төрағасы
Своик - "Азамат" демократиялық партиясының
Петр Владимирович төрағасы (келiсiм бойынша)
Сиврюкова - Қазақстанның үкiметтiк емес
Валентина Андреевна ұйымдары Конфедерациясының
төрағасы
Сұлтанов - ҚР Парламентi Сенатының депутаты
Қуаныш Сұлтанұлы
Соломин - Қазақстан Республикасының еркiн
Леонид Зиновьевич кәсiподақтары конфедерациясының
төрағасы
Терещенко - Қазақстан Республикасының
Сергей Александрович Халықтарының Ассамблеясы
төрағасының орынбасары
Тоқтасынов - "Қазақстанның демократиялық
Төлен Мұхамедияұлы таңдауы" республикалық қоғамдық
бiрлестiгi саяси кеңесiнiң
төрағасы, Қазақстан Республикасының
Парламентi Мәжiлiсiнiң
депутаты (келiсiм бойынша)
Томаш - Астана Апостолдық епископы, Рим-
Пэта католик шiркеуiнiң әкiмшiсi
Ескерту: Кеңестің құрамына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi Төрағасының келiсiмi бойынша Мәжiлiстiң екi депутаты және Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының бiр өкiлi енедi.