Азаматтық қоғамды одан әрі демократияландыру мен дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау бойынша тұрақты жұмыс істейтін кеңес туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 2002 жылғы 15 қараша N 357. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2005.07.04. N 560 өкімімен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 ақпандағы N 218 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарында:
      реттік нөмірлері 26, 34, 40-1, 43, 44, 45-жолдар алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі