Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 20 тамыздағы N 1272 және 1999 жылғы 31 наурыздағы N 343 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 23 желтоқсан N 1347

Қолданыстағы

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының  12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасындағы малдәрiгерлiк қызметтi лицензиялау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 20 тамыздағы N 1272 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 38, 365-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау туралы ережеде:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды базарларда
ветеринариялық-санитариялық сараптау;
      зертханалық-диагностикалық қызмет";
      24-тармақта:
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "ветеринариялық қызметке лицензия алуға үмiткер заңды тұлға басшысының не оның ветеринария саласындағы құрылымдық бөлiмшесi басшының арнайы ветеринариялық бiлiмi және мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс стажы болуы тиiс;";
      мемлекеттiк тiлдегi мәтiндегi жетiншi абзацтағы "тиiс" деген сөздiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы сегiзiншi абзацпен толықтырылсын:
      "өндiрiстiк үй-жайлардың, технологиялық жабдықтар жинағының ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгi туралы ветеринарияны мемлекеттiк басқару органдарының ветеринариялық-санитариялық қорытындысының болуы";
      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Лицензиаттар тiркеу сынақтарын өткiзу үшiн қажеттi көлемдерде өндiру, әкелу (импорт) жағдайларын қоспағанда, мемлекеттiк тiркеуден өткен және Ветеринариялық препараттардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген ветеринариялық препараттарды пайдалануға мiндеттi.";
      2) "Жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң жекелеген түрлерiнiң рыногын дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 31 наурыздағы N 343 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 11, 105-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген нарықтық қатынастар субъектiлерi заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң тiзбесiнде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес мемлекеттiк монополияға жатқызылған функциялардан басқа, ветеринария саласындағы жұмыстар және қызмет көрсетулер.";
      6, 7, 8, 9, 10-тармақтар алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі