"Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 23 желтоқсан N 1343

Қолданыстағы

      "Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуiрдегi Заңының  24-бабына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстанның Даму Банкi" ЖАҚ (бұдан әрi - Даму Банкi) акционерлерiнiң жалпы жиналысына:
      1) Даму Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамына:
      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi Леонид Александрович Ивановты сайлау;
      2) Даму Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамынан Ерболат Асқарбекұлы Досаевты шығару ұсынылсын.
      2. Қазақстан Республикасының кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
      иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 217-1-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне" деген бөлiммен және мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 268-жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне:
      268. "Қазақстанның Даму Банкi" ЖАҚ";
      2) "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 18 мамырдағы N 659 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 18, 232-құжат):
      5 және 6-тармақтар алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi";
      3) "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлiк қоғамының Директорлар кеңесi құрамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 желтоқсандағы N 1662 қаулысына :
      1-тармағы 1) тармақшасының екiншi абзацындағы "Қаржы" деген сөз "Экономика және бюджеттiк жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі