Халықты және өрт қауiпсiздiгі саласындағы мамандарды хабарландыру, бiлiмдi насихаттау, оқыту ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 19 желтоқсан N 1327

Қолданыстағы

      "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Халықты және өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды хабарландыру, бiлiмдi насихаттау, оқыту ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
2002 жылғы 19 желтоқсандағы    
N 1327 қаулысымен бекiтілген    

Халықты және өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды
хабарландыру, бiлiмдi насихаттау, оқыту
ЕРЕЖЕСI

      1. Осы Ереже Халықты және өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды хабарландыру, бiлiмдi насихаттау, оқыту тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Ұйымдар қызметiнiң өрттердiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi қауiпсiздiкке, салдарларға, шараларға қажеттi өрт қаупiнiң дәрежесi мен ықтимал дәрежесi туралы ақпарат ашық, жариялық болып табылады және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      3. Халыққа қауiп төндiретiн өрт туындаған кезде Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары 24 сағаттың iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарын хабардар етедi, соңғысы болған оқиға туралы ресми хабарды жариялайды не эфирге шығарады.

      4. Өрт ошағына жақын аудандарға қауiп төнген жағдайда, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасай отырып, өрт туралы ақпарат жинауды ұйымдастырады және бұл туралы 10 сағаттан кешiктiрмей халыққа хабардар етедi.

      5. Меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ұйымдар қызметкерлердi өрттiң туындау қаупi немесе туындағаны туралы хабарландырады, сондай-ақ өрттiң туындау қаупі немесе туындау сәтiнен бастап тез арада Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң аумақтық бөлiмшелерiне фактi туралы белгiленген тәртiппен хабарлайды.

      6. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы бiлiмдi насихаттауды Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органы, оның аумақтық бөлiмшелерi, қоғамдық өрт бiрлестiктерi жүзеге асырады.

      7. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары бұқаралық ақпарат құралдарымен, тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың келiсiмi бойынша жыл сайын өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау жөнінде жоспарлар әзiрлейдi және олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi.

      8. Өрт қауiпсiздiгі ережелерiн насихаттау жөнiндегi материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға байланысты шығыстарды қаржыландыру тиiсті жергiлiктi бюджеттерде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде жүргiзiледi.

      9. Жергiлiктi атқарушы органдар меншiк нысанына қарамастан, шаруашылық жүргiзушi объектiлердiң және елдi мекендердiң өрт қауiпсiздігін қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдаған кезде Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң қызметкерлерi бұқаралық ақпарат құралдары, кәсiпорындардағы, оқу орындарындағы, МПК және басқа да ұйымдардағы өрт қауiпсiздiгi бұрыштары арқылы халықты хабардар ету жөнiндегi тиiстi жұмысты жүргізедi.

      10. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары жыл сайын жылыту маусымы басталар алдында аймақтар халқымен өрт қауiпсiздiгi жөнiнде айлық өткізедi.

      11. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары жыл сайынғы жұмыс жоспарына сәйкес өрт-техникалық орталықтардың базасында өрт саласындағы бiлiмдi және өртке қарсы қызметтiң жетiстiктерiн насихаттау үшiн экскурсиялар, конкурстар өткiзедi, мектепке дейiнгi, жалпы орта, бастауыш, орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарын, халықты, журналистерді, жазушыларды, суретшiлердi тарта отырып, көпшiлiк іс-шараларын ұйымдастырады.

      12. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы қызмет көрсетулер, оның iшiнде халықты оқыту мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк ұйымдарды қоспағанда, шарттық негiзiнде орындалады және көрсетіледi.

      13. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қоғамдық өрт бiрлестiктерiне өртке қарсы плакаттар, альбомдар, открыткалар, буклеттер әзiрлеуде және шығаруда, өртке қарсы экспозицияларды, стендтерді, витриналарды, және кабинеттердi (бұрыштарды) жабдықтауда әдiстемелiк көмек көрсетедi, қаржыландыру сол бiрлестiктердiң есебiнен жүргiзiледi.

      14. Меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары, орта, бастауыш кәсiптiк, жалпы орта және мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарында өрт қауiпсiздiгi шараларына мiндеттi оқыту арнайы бағдарламалар бойынша оқу жоспарында сағаттардың сараланған санымен жүзеге асырылады.

      15. Ұйымдардың қызметкерлерiн өрт қауiпсiздiгi шараларына оқыту және өртке қарсы насихат жүргiзу заңнамамен меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың бiрiншi басшыларына жүктелген.

      16. Объектiлердегi өрт қауiпсiздiгiне жауап беретiн мамандарды (инженерлік-техникалық қызметкердi), кәсіпкерлер мен азаматтарды өрт қауiпсiздiгi саласында оқыту:
      кәсiптiк даярлау мектептерi мен Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет аумақтық органдарының оқу орталықтарында;
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi жанындағы бiлiктiлiктi арттыру курстарында жүргiзiледi.

      17. Халықты тұрғылықты жерi бойынша өрт қауiпсiздiгi ережелерiне оқытуды қажеттілiгiне қарай және жедел жағдайды ескере отырып, Мемлекеттiк өртті қадағалау органдары жиналыстарда, тұрғындардың жиындарында жүргiзедi. Мемлекеттiк инспекторлар қызмет көрсетiлетiн аумақта халықты өрт қауiпсiздiгi шараларына өтеусіз негiзде оқытуға (лекциялар, семинарлар, сұхбаттар, викториналар, тақырыптық кештер және т.б. өткiзуге) қатысады.