Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 29 қараша N 1270

Жаңартылған

      Сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Мынадай мемлекеттік мекемелер (бұдан әрi - мекемелер) құрылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң ЖД-158/7 түзеу мекемесi;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң 3K-169/5 түзеу мекемесi.

      2. Мекемелердi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте сотталғандарды ұстауға Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне көзделген қаражат шегiнде 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап жүргiзiледi деп белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi заңнамада белгiленген тәртіппен:
      1) мекемелердің жарғыларын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тіркелуін қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) <*>
      2) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 590-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттік нөмiрлерi 98-99-жолдармен толықтырылсын:
      "98. ЖД-158/7 мекемесi
      99. 3K-169/5 мекемесi".
      10. <*>
      Ескерту. 1)-тармақша күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2004.03.17. N
330 қаулысымен .

      5. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі