Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 28 қараша N 1267

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931  Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. <*>
       Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06. N 310   қаулысымен .

      2. Мынадай республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар қайта аталсын:
      1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан гидрогеолого-мелиоративтiк экспедициясы" "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң Оңтүстік Қазақстан гидрогеология-мелиоративтiк экспедициясы";
      2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң Қызылорда гидрогеология-мелиоративтiк экспедициясы" "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң Қызылорда гидрогеология-мелиоративтiк экспедициясы".

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге көлiк қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердi пайдалануды peттey туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288  қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарына көлiктік қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердің тиесiлiлiк табелiнде:
      "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" деген бөлiгінде:
      мынадай:
      "Су ресурстарын пайдалану            Бассейндiк
      объектiлерiн бақылауды               су шаруашылығы
      жүзеге асыру                         басқармалары 4"
      деген жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бөлiммен және жолдармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі";

      Технологиялық       Су ресурстарын       Бассейндiк
                          инспекциялық         су шаруашылығы
                          және жедел           басқармалары
                          басқаруды
                          жүргiзу үшiн                      4";

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Opталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерге көліктік қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердiң тиесiлілiк табелінде:
      "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" деген бөлiмде тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі".
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешімдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен бiрлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны iске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң       
2002 жылғы 28 қарашадағы  
N 1267 қаулысымен     
бекітiлген     

  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары жөнiндегі комитетi туралы
ЕРЕЖЕ 

       Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06. N 310   қаулысымен .

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң       
2002 жылғы 28 қарашадағы  
N 1267 қаулысымен    
бекiтiлген    

  Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөніндегi комитетiнiң құрылымы 

       Ескерту. Құрылымның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06. N 310   қаулысымен .

Қазақстан Республикасы   
Үкіметiнiң        
2002 жылғы 28 қарашадағы  
N 1267 қаулысымен    
бекітілген    

  Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөнiндегi комитетiнің мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының
Тізбесі 

       Ескерту. Тізбенің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06. N 310   қаулысымен .

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң        
2002 жылғы 28 қарашадағы   
N 1267 қаулысымен     
бекiтiлген     

  Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөнiндегi комитетінің қарауындағы ұйымдардың Тізбесі 

       Ескерту. Тізбенің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06. N 310   қаулысымен .

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң         
2002 жылғы 28 қарашадағы   
N 1267 қаулысына      
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешімдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 2 наурыздағы N 347  қаулысының 1, 3-тармақтары, 4-тармағының екiншi абзацы, 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 13-14, 134-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 25 мамырдағы N 793  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 24, 278-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылдың 2 наурызындағы N 347 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 6 маусымдағы N 853  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 25, 296-құжат).