Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң Су ресурстары жөнiндегі комитетiнiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2000 жылғы 2 наурыз N 347

      Жайық өзенінің арнасы шайылуының және Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының елді мекендерін су алуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Батыс-Қазақстан облысының әкіміне Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою және өзге де күтпеген шығыстар бойынша резервінен Жайық өзенінің оң жағалауы бойынша жағалау бекіту жұмыстарын жүргізу үшін 83 (сексен үш) миллион теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың

 

мақсатты пайдалануын бақылауды жүзеге асырсын.

     3. Батыс-Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының Төтенше

жағдайлар жөніндегі агенттігіне 2000 жылдың қорытындылары бойынша

орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп ұсынсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.