Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсу кезiнде адамдардың жекелеген санаттары үшiн қабылдау квотасын белгiлеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 11 қараша N 1188

Қолданыстағы

      "Білiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн білiм ұйымдарына оқуға түсу кезiнде бекiтiлген мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысынан мынадай қабылдау квотасы белгiленсiн:
      1) ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшiн ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға - 30 пайыз;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға - 2 пайыз.

      2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі