"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережесi бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 31 қазандағы
N 1158 қаулысымен
бекiтiлген
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу ережесi
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу, конкурстық комиссияны құру мен оның қызметiнiң тәртiбiн, сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың салалық ерекшелiктерiн және солар бойынша шарттар жасау мерзiмдерiн белгiлейдi.
2-тарау. Мемлекеттiк сатып алу процесiн
ұйымдастыру мен өткiзу
& 1. Конкурстық комиссия құру мен оның қызметiнiң тәртiбi
2. Заңның 9-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетiлген тәсiлдермен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру үшiн конкурсты ұйымдастырушы конкурстық комиссия құрады.
3. Конкурстық комиссияны конкурсты ұйымдастырушы әрбiр конкурсқа арнап құрады.
4. Конкурстық комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және конкурстық комиссияның мүшелерi кiредi. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ саннан тұруға және онда кемiнде үш адам болуға тиiс. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесi бола алмайды және конкурстық комиссия шешiмдер қабылдаған кезде дауысқа ие болуға құқығы жоқ.
Конкурстық комиссия конкурсты ұйымдастырушы конкурсты ұйымдастыру және өткiзу туралы конкурстық комиссия құру туралы шешiмдi бекiткен немесе мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енгенге дейiн бiр көзден сатып алу тәсiлi жүзеге асырылған сәттен бастап жұмыс iстейдi.
5. Конкурстық комиссиялардың құрамына конкурсты ұйымдастырушының бiрiншi басшылары немесе олардың орынбасарлары, тапсырысшының басшылары немесе олардың орынбасарлары, конкурсты ұйымдастырушының және/немесе тапсырысшының мамандары мiндеттi түрде енгiзiледi, сондай-ақ Заңда ескертiлгендердi қоспағанда, конкурсты ұйымдастырушының және/немесе тапсырысшының оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары мен мамандары енгiзiлуi мүмкiн.
6. Мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер жүзеге асыратын мемлекеттiк сатып алу мәнi объектiлердi салу және/немесе күрделi жөндеу болса, конкурстық комиссиялардың құрамына сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның өкiлдерi, солардың келiсiмi бойынша енгiзiлуi мүмкiн.
7. Конкурстық комиссияның төрағасы конкурсты ұйымдастырушының бiрiншi басшысының орынбасарынан төмен емес тұлға болып табылады, ол комиссияның қызметiне басшылық жасайды, комиссияның отырыстарына төрағалық етедi, жұмысты жоспарлайды және оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Төраға болмаған кезде оның функциясын орынбасары атқарады.
8. Конкурстық комиссияның хатшысы мемлекеттiк, сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзуге жауапты конкурсты ұйымдастырушының тиiстi бөлiмшесiнiң маманы болып табылады. Конкурстық комиссияның хатшысы ықтимал өнiм берушiлерге конкурстық құжаттаманы ұсынады, ықтимал өнiм берушiлерден конкурстық өтiнiм салынған конверттердi қабылдайды, конкурстық комиссия отырысының күн тәртібi бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындайды және отырыс өткiзiлгеннен кейiн оның хаттамаларын ресiмдейдi, келiп түскен конкурстық өтiнiмдердi және конверттердi ашу рәсiмiне қатысуға тiлек бiлдiрген ықтимал өнiм берушiлердi тiркеу журналын жүргiзедi, оларда конкурстық өтінiмдер салынған конверттердi ықтимал өнiм берушiнiң ұсынған уақыты мен күнi және ықтимал өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң (конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ұсынушы тұлғаның және конкурсқа қатысушының) тегі, есiмi, әкесiнiң есiмi көрсетiледi. Келiп түскен конкурстық өтiнiмдердi және конверттердi ашу рәсiмiне қатысуға тiлек бiлдiрген ықтимал өнiм берушiлердi тiркеу журналдары тiгiлуге, беттерi нөмiрленуге тиiс, соңғы бетi конкурсты ұйымдастырушының мөрiмен куәландырылуға тиiс. Сатып алу түрлерi бойынша бiрыңғай журналдар жүргiзуге жол берiледi.
Санкция берiлмеген қол жеткiзiлiмнен қорғаудың жеткiлiктi элементтерi болған кезде тiркеу журналы оны конкурс нәтижелерi бойынша кейiннен қағазға түсiре отырып электронды түрде ресiмделуi мүмкiн. Келiп түскен конкурстық өтiнiмдер мен ықтимал өнiм берушiлерді тiркеу журналдарын жүргiзу және сақтау конкурсты ұйымдастырушының iс жүргiзуiнде белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
Қажет болған кезде конкурсты ұйымдастырушы хатшының жұмысын орындау үшiн хатшылық белгiлей алады, бұл конкурсты ұйымдастырушының осы Ережеде белгiленген жағдайларда құжаттарға қол қоюға хатшылық атынан уәкiлеттi жауапты тұлғаны көрсете отырып, конкурстық комиссия құру туралы бұйрығында көрiнiс табуға тиiс.
9. Конкурсты ұйымдастырушыда тиiстi бейiндегi мамандар болмаған жағдайда ол мемлекеттiк қызметшiлердi өтеусiз негiзде, ал бейiнi сатып алынатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге сәйкес келетiн өзге мамандарды тараптардың уағдаластықтары бойынша ақылы, сонымен бiрге өтеусiз негiзде, техникалық сарапшы ретiндегi жұмыс үшiн тарта алады.
Қажет болған кезде конкурсты ұйымдастырушы техникалық сарапшылардан тұратын сарапшылар комиссиясын құра алады.
Ақылы негiздегi техникалық сарапшылар ретiнде тартылатын тұлғаларды таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Техникалық сарапшылар (сарапшылар комиссиясы) ықтимал өнiм берушiлер ұсынған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгi жөнiнде сараптамалық қорытынды бередi және конкурстық комиссия шешiм қабылдаған кезде дауысқа ие болуға құқығы жоқ. Техникалық сарапшылардың (сарапшылар комиссиясының) қорытындысы конкурсқа ұсынылған конкурстық өтiнiмдердi бағалау мен салыстыру және конкурс жеңiмпазын анықтау кезiнде, егер ол конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегiнде жасалған жағдайда ғана ескерiледi. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресiмделедi, оған техникалық сарапшылар (сарапшылар комиссиясының мүшелерi) қол қояды және ол конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қоса берiледi.
11. Осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес ашық конкурс өткiзу туралы нысан бойынша жарияланатын хабарландыру жарияланғанға немесе осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес жасалатын жабық конкурс өткiзу кезiнде ықтимал өнiм берушiлерге хабарлама жiберiлгенге дейiн конкурсты ұйымдастырушы конкурстық комиссияның құрамын, конкурстық комиссияның хатшысын бекiтедi, қажет болған кезде техникалық сарапшыларды (сарапшылар комиссиясының құрамын) белгiлейдi, конкурстық құжаттаманы дайындайды және бекiтедi.
Осы тармақ бойынша барлық шешiмдер конкурсты ұйымдастырушының бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның шешiмiмен немесе бұйрығымен (бұйрықтарымен) қабылданады.
12. Конкурс өткiзу басталғанға дейiн конкурстық комиссия конкурсты ұйымдастырушы дайындаған конкурстық құжаттамамен танысуға тиiс.
13. Конкурстық комиссияның отырысы конкурстық комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде өткiзiледi. Конкурстық комиссияның шешiмi ашық дауыспен қабылданады және егер ол үшiн конкурстық комиссияның қатысушы мүшелерi жалпы санының көпшiлiгі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, конкурстық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда, осы Ереженiң 7-тармағына сәйкес төрағаның функциясы жүктелген төрағаның орынбасары дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
Конкурстық комиссияның шешiмiмен келiспеген жағдайда, осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесi айрықша пiкiр айту құқығына ие, ол жазбаша түрде жазылуға және конкурстық комиссия отырысының хаттамасына тiркелуге тиiс. Конкурстық комиссияның қайсыбiр мүшесi өндiрiстiк немесе басқа себеппен болмаған жағдайда конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебi және осы фактiнi растайтын құжатқа сiлтеме көрсетiледi.
Егер конкурстық комиссия мүшелерiнiң қажеттi саны болмауы себебiнен конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысы белгiленген күн мен уақытта өтпеген жағдайда, конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа ұсынылған конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердiң сақталуын қамтамасыз етедi және жарияланған мерзiмнен 24 сағаттан кешiктiрмей, конверттердi ашуды жүргiзу күнi мен уақыты туралы жариялайды. Бұл ретте жаңадан берiлген өтiнiмдер қабылданбайды.
14. Конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның барлық қатысушы мүшелерi, оның төрағасы, оның орынбасары мен хатшысы қол қояды.
& 2. Конкурстық құжаттаманы дайындау
15. Конкурсты ұйымдастырушы барлық ықтимал өнiм берушiлерге Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетiлген ақпаратта баяндалған конкурстық құжаттаманы ұсынуға міндетті.
16. Конкурстық құжаттама уәкiлеттi орган бекiтетiн үлгi негiзiнде жасалады.
& 3. Конкурстық өтiнiмдердiң мазмұны, оларды
ұсыну, бағалау және салыстыру
17. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген, заңды тұлға болып табылатын ықтимал өнiм берушi ұсынатын конкурстық өтiнiмде:
1) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм;
2) ықтимал өнiм берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың тiзбесi:
ықтимал өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге және сатуға, жұмыстар орындау мен қызметтер көрсетуге арналған құқығын растайтын лицензияларының және/немесе патенттерiнiң, куәлiктерiнiң, сертификаттарының, дипломдарының, басқа да құжаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмесi (не заңды түрде белгiленген нысандағы көшiрмесi);
егер сатып алатын жұмыстары мен көрсететiн қызметтерi лицензияланбайтын болған жағдайда, ықтимал өнiм берушi орындайтын қызмет түрлерiнiң тiзбесiмен бiрге заңды тұлға жарғысынан алынған үзiнді көшiрменiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi немесе мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiне аудара отырып нотариалды куәландырылған сауда тiзiлiмiнен алынған заңдастырылған үзiндi көшiрме (Қазақстан Республикасының резиденттерi емес үшiн);
бухгалтерлiк баланс; конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiнiң қарсаңында ықтимал өнiм берушiнiң банктiң (банктердiң) алдында үш айдан асатын мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы бiрiншi басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның және бас бухгалтердiң қолы қойылып, банктiң (банктердiң) мөрi басылған банктiң (банктердiң) анықтамасы (егер ықтимал өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктердiң немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкiнiң клиентi болып табылса, бұл анықтама осындай банктердiң әрбiрiнен ұсынылады);
мiндеттi түрде аудит жүргiзу Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылы үшiн аудиторлық есебi;
тауарлар өндiру, қызметтер көрсету және жұмыстар орындау үшiн мамандықтар бойынша бiлiктiлiгi, жұмыс стажы көрсетiлген қызметкерлердiң болуы мен саны туралы құжат;
заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң немесе заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн, тиiстi мемлекеттiк орган берген құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
статистикалық карточканың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
құрылтайшылардың құрамы туралы құрылтай шартынан алынып нотариалды куәландырылған үзiндi көшiрме;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi ұзартылған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiнiң қарсаңында ықтимал өнiм берушiнiң салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдар бойынша үш айдан асатын мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы бiрiншi басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, осы салық органының мөрi басылған тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
3) осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылған және ол болған кезде шегерiмнiң нақты мөлшерi көрсетiлетiн iлеспе қызметтердiң құнын қоса алғанда, берiлетiн тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң түпкi бағасын құрайтын, ықтимал өнiм берушiнiң барлық нақты шығындары баяндалған ықтимал өнiм берушi ұсынған баға;
4) сатып алуға арналған тауарлардың және көрсетiлетiн қызметтердiң қолайлығын және конкурстық құжаттамаға сәйкестiгiн растайтын куәлiктердiң және/немесе шығарылған жерi сертификаттарының және басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесi (не заңды түрде белгiленген нысандағы көшiрмесi);
5) техникалық ерекшелiктер (ерекшелiктердi, жоспарларды, сызбаларды, нобайларды және халықаралық немесе қазақстандық стандарттарға сiлтемелердi, бiрыңғай нормалар мен ережелердi қоса алғанда, ұсынылатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге техникалық сипаттама беру);
6) ұсынылатын iлеспе қызметтер;
7) Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтiнiмдi (кассалық кiрiс ордерi, төлем тапсырмасы, банк кепiлдiгi) қамтамасыз етудiң енгiзiлгенiн растайтын құжаттың түпнұсқасы;
8) конкурстық құжаттамаға сәйкес ұсынылуы үшiн қажеттi басқа да құжаттар болуға тиiс.
18. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген ықтимал өнiм берушi - жеке тұлғаның конкурстық өтiнiмiнде:
1) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм және жеке куәлiктiң, паспорттың немесе жеке тұлғаны куәландыратын құжаттарды ауыстыруға қабылдау туралы iшкi iстер органдары анықтамасының көшiрмесi;
2) iс-әрекетке қабiлетті болып табылатын ықтимал өнiм берушi - жеке тұлғаға қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттардың тiзбесi:
ықтимал өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге және сатуға, жұмыстар орындау мен қызметтер көрсетуге құқығын растайтын лицензияларының және/немесе патенттерiнiң, куәлiктерiнiң, басқа да құжаттарының (кәсiби бiлiктiлiгiнiң бар екендiгiн растау үшiн) нотариалды куәландырылған көшiрмесi (не заңды түрде белгiленген нысандағы көшiрмесi);
заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін, тиісті мемлекеттiк орган берген құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi (мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу үшiн азаматтық құқықтық қабiлеттiлiктiң болуын растау үшiн) және ықтимал өнiм берушiнiң ұсынылатын тауарға, көрсетiлетiн қызметке меншiк құқығын немесе иелену құқығын растайтын құжаттар;
3) осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылған және ол болған кезде шегерiмнiң нақты мөлшерiн көрсете отырып, берiлетiн тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң түпкi бағасын құрайтын ықтимал өнiм берушiнiң барлық нақты шығындары баяндалған ықтимал өнiм берушi - жеке тұлға ұсынған баға;
4) сатып алуға арналған тауарлардың және көрсетiлетiн қызметтердiң қолайлығын және конкурстық құжаттамаға сәйкестiгiн растайтын куәлiктердiң және/немесе шығарылған жерi сертификаттарының, басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесi (не заңды түрде белгiленген нысандағы көшiрмесi);
5) техникалық ерекшелiктер;
6) ұсынылатын iлеспе қызметтер;
7) конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудiң енгiзiлгенiн растайтын төлем тапсырмасының немесе кассалық кiрiс ордерiнiң түпнұсқасы болуға тиiс.
19. Заңның 14-бабының 2-тармағында тiзбеленген жағдайларды қоспағанда, ықтимал өнiм берушi конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi ақша кепiлi түрiнде конкурсты ұйымдастырушының тиiстi шотына енгiзедi.
20. Конкурстық өтiнiмдер конкурстық құжаттамада көрсетiлген тiлде жасалуға және ұсынылуға тиiс.
21. Тауарларға, жұмыстарға және көрсетiлетiн қызметтерге қойылатын техникалық талаптар қолданыстағы халықаралық және/немесе ұлттық стандарттарға, нормалар мен ережелерге негiзделуге тиiс.
22. Мемлекеттiк орган мен мемлекеттiк мекеме өткiзетiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысу үшiн ықтимал өнiм берушi ұсынатын конкурстық өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi конкурстық өтiнiмдер ашылған күннен бастап кемiнде 45 күн, ал акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорын мен акционерлiк қоғам, сондай-ақ солармен аффилиирленген заңды тұлға өткiзгенде - кемiнде 35 күн болуға тиiс. Ықтимал өнiм берушi өзiнiң конкурстық өтінiмiнде оның қолданылу мерзiмiн көрсетуге тиiс.
Қолданылу мерзiмi конкурстық құжаттамада көрсетiлгендегiден неғұрлым қысқа конкурстық өтiнiм қабылданбайды.
23. Конкурстық өтiнiмдi ықтимал өнiм берушi тiгiлген түрде, нөмiрленген беттерiмен ұсынады және соңғы бетi оның қолымен, ал заңды тұлға үшiн - мөрiмен куәландырады. Егер ықтимал өнiм берушi конкурстық өтiнiмнiң бағасын конкурстық өтiнiмнен бөлек ұсынған жағдайда, бұл баға ұсынысын өзi қосымша растайды. Конкурстық өтiнiмнiң техникалық бөлiп (тiгiлген түрде, нөмiрленген беттерiмен, соңғы бетi қолымен, ал заңды тұлға үшiн - ықтимал өнiм берушiнiң мөрiмен расталған) және банктiк кепiлдеменiң түпнұсқасы конкурстық өтiнiмге бөлек тiркеледi.
24. Ықтимал өнiм берушi конкурстық құжаттамада қажеттілігіне қарай "Түпнұсқа" және "Көшiрме" деп көрсете отырып, конкурсты ұйымдастырушы көрсеткен конкурстық өтiнiм көшiрмелерiнiң қажет санын ұсынады. Олардың арасында алшақтық болған жағдайда түпнұсқаға басымдық берiледi.
Конкурстық өтiнiмнiң түпнұсқасы және барлық көшiрмелерi басылуға немесе өшпейтiн сиямен жазылуға және ықтимал өнiм берушi қол қоюға тиiс.
Конкурстық өтінiмде, ықтимал өнiм берушiнiң грамматикалық немесе арифметикалық қателердi түзетуi қажет болған жағдайларды қоспағанда, жол арасында ешқандай қосу, өшiру немесе қосып жазу болмауға тиiс.
25. Ықтимал өнiм берушi конкурстық өтiнiмнiң түпнұсқасы мен әрбiр көшiрмесiн әртүрлi конверттерге салып, мөрлейдi, оларға "Түпнұсқа" немесе "Көшiрме" деген белгi соғады. Бұл конверттерде ықтимал өнiм берушiнiң атауы мен мекен-жайы көрсетiлуге тиiс (
Заңның
13-бабы 5-тармағының негiзiнде конкурстық өтiнiм ашылмай қайтарылған жағдайда). Бұдан кейiн конверттер сыртқы конвертке салынып, мөрленедi.
Iшкi және сыртқы конверттер:
1) конкурстық құжаттамада көрсетiлген мекен-жай бойынша конкурсты ұйымдастырушыға жiберiлуге;
2) "______________________ сатып алу жөнiндегi конкурс" және
(конкурстың аты)
"__________________________________________ дейiн ашуға болмайды"
(конверттердi ашудың конкурстық құжаттамада
көрсетiлген күнi мен уақыты)
деген сөздер жазылуға тиiс.
Заңның
13-бабының 4-тармағында көзделген конкурстық өтінiмдi өзгертудi ықтимал өнiм берушi дайындауға, мөрленуге және ол конкурстық өтiнiмде ұсынылуға тиiс.
Керi қайтарып алу туралы хабарламаны ықтимал өнiм берушi жазбаша нысанда, бiрақ конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмiнен кешiктiрмей жiберуге тиiс.
Конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi өткеннен кейiн конкурстық өтiнiмдерге ешбiр өзгерiс енгiзiлмеуге тиiс.
26. Ықтимал өнiм берушiнiң конверттердi ашуға қатысуға уәкiлеттi өкiлге берген сенiмхаты конкурстық өтiнiмге қоса тiркелуге не оны осы өкiл конверттердi ашу (ашылу) кезiнде (алдында) ұсынуға тиiс. Ол болмаған жағдайда ықтимал өнiм берушiнiң өкiлi конверттердi ашу рәсiмiне жiберiлмейдi, ал конкурстық өтiнiм ашылады.
27. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдермен қоса ұсынылған конверттердiң түпнұсқалары мен көшiрмелерiн конкурстық құжаттамада белгiленген орында және уақытта ашады. Конверттердi ашудың тiкелей алдында конкурстық комиссия ықтимал өнiм берушiге конкурстық өтiнiмнiң бiр бөлiгi ретiнде қосымша конверттер енгiзуге құқық бередi, оларда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бағасы көрсетiледi. Қосымша конверттер ұсынуды конкурстық комиссияның хатшысы тiркеу журналында тiркейдi. Осы рәсiмнен кейiн қандай да бiр қосымша конверттер қабылданбайды.
Конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу рәсiмi бойынша конкурстық комиссияның хатшысы осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан мен мазмұны бойынша ашу жөнiндегi хаттамасын жасайды, оған конкурстық комиссияның төрағасы, оның орынбасары, конкурстық комиссияның мүшелерi және хатшысы қол қояды.
28. Ықтимал өнiм берушi және оның аффилиирленген тұлғасы ашық конкурсқа (лотқа) қатысқан жағдайда конкурстық комиссия
Заңның
7-бабының 3-тармағын iске асыру мақсатында мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың кез келген кезеңiнде мұндай тұлғалардың конкурстық өтiнiмдерiн қабылдамай тастайды.
Осы фактi конверттердi ашу және/немесе конкурстың қорытындысы туралы хаттамаларда көрiнiс табуға тиiс.
29. Конкурстық комиссия ықтимал өнiм берушiлердің қойылған бiлiктiлiк талаптарға сай келетiн конкурстық өтiнiмдерiн бағалайды және салыстырады.
Егер конкурсқа (лотқа) қатысуға бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн екеуден кем ықтимал өнiм берушi конкурстық өтiнiмдер берген жағдайда, конкурстық комиссия конкурс өтпедi деп таниды.
Конкурстық комиссия, сондай-ақ егер бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн барлық конкурстық өтiнiмдер
Заңның
16-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтiндер ретiнде қабылданбаса, конкурс тұтастай немесе белгiлi бiр лот бойынша өтпедi деп таниды.
Конкурстық комиссия, сондай-ақ егер бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетiн ықтимал өнiм берушiлер ұсынған барлық бағалар, осы сатып алуға көзделген сомадан асып кетсе, конкурс тұтастай немесе белгiлi бiр лот бойынша өтпедi деп таниды.
30. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурсқа қатысушы ықтимал өнiм берушiнiң жұмыс тәжiрибесiнiң болуы мәселесiн қарау кезiнде конкурстық комиссия осы конкурс нәтижесiнде сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi беру, орындау және көрсету рыногындағы жұмыс тәжiрибесiн ғана қарайды. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмнiң бағасын ықтимал өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер рыногындағы жұмыс тәжiрибесiнiң болуына қарай бiр жылдан бастап әрбiр екі жыл үшiн белгiлi бiр процентке шартты түрде азайтады. Бiр жылға дейiн жұмыс тәжiрибесi болған нeмece ол болмаған жағдайда мұндай процент белгiленбейдi.
Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер рыногындағы жұмыс тәжiрибесiне ие болу қажеттiгi туралы талап шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қолданылмайды, оларды қолдау
Заңның
27-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
31. Конкурстық комиссия қабылданған конкурстық өтiнiмдердi бағалау мен салыстыру кезiнде конкурстық өтінiмнiң бағасынан басқа конкурстық құжаттамада ескертiлген және барлық конкурстық өтiнiмдерге бiрдей мөлшерде қолданылатын
Заңның
16-бабы 6-тармағының 2) - 8) тармақшаларында немесе 7-тармағының 2) және 3) тармақшаларында тiзбеленген өлшемдердi ескередi, осы Ереженiң 30, 32, 33, 35 және 36-тармақтарында көрсетiлген элементтердiң конкурстық өтiнiм бағасына белгiлi бiр процент негiзiнде ықпалын белгiлейдi және конкурстық өтiнiмдердiң шартты бағаларын салыстыру жолымен жеңiмпазды анықтайды.
Заңның 16-бабы 6-тармағының 2) - 4), 6), 7) тармақшаларында немесе 7-тармағының 2), 3) тармақшаларында тiзбеленген өлшемдердiң конкурстық өтiнiмнiң бағасына жиынтық проценттiк ықпалы 15 проценттен аспауға тиiс.
32. Ықтимал өнiм берушi өзiнiң конкурстық өтiнiмiнде тауарға байланысты пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге жұмсалған шығыстарды (пайдалану шығыстарын) конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiм iшiнде көрсетуi және оларды есептеулермен растауы қажет. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдi пайдалану шығыстарының ең төменгi құнымен айқындайды және басқа конкурстық өтiнiмдердiң бағасына осындай проценттi шартты түрде қосады, оларда әрбiр конкурстық өтiнiмдi пайдалану шығыстарының құны пайдалану шығыстарының ұсынылған ең төменгi құнынан асып кетедi.
33. Егер конкурстық құжаттамада конкурстық өтiнiмдердi ықтимал өнiм берушiнiң тауар берудiң (жұмыстарды аяқтаудың, көрсетiлетiн қызметтердi ұсынудың) конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiмдермен салыстырғанда неғұрлым кеш мерзiмiмен беру мүмкiндiгi көзделген болса, онда конкурстық комиссия конкурстық өтiнiм құнының белгілi бiр процентi негiзiнде тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетiлетiн қызметтердi берудiң, аяқтаудың немесе ұсынудың талап етiлген мерзiмiмен салыстырғанда кiдiрткен әрбiр апта үшiн бұл проценттi ақшалай мәнде көрсетуге және бұл проценттi берiлу (жұмыстарды аяқтау, көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну) мерзiмi неғұрлым кеш конкурстық өтiнiм бағасына шартты түрде қосуға құқылы. Осы рәсiм тауарлар берудiң (жұмыстарды аяқтаудың, көрсетiлетiн қызметтердi ұсынудың) неғұрлым кеш мерзiмдерiн көздейтiн әрбiр конкурстық өтiнiмге қолданылады. Тауарларды (жұмыстарды аяқтауды, көрсетiлетiн қызметтердi ұсынуды) мерзiмiнен бұрын жеткiзгенi үшiн бағаны шартты түрде төмендету көзделмейдi.
34. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада төлемнiң талап етiлетiн шартын мәлiмдеуге тиiс және конкурстық өтiнiмдер төлемнiң осы шартының негiзiнде бағалануға тиiс. Сонымен бiрге, ықтимал өнiм берушi төлемнiң балама шартын немесе басқа шарттарды және сонымен байланысты нақты баға шегерiмдерiн ұсына алады. Конкурстық комиссия ықтимал өнiм берушi көрсеткен тапсырысшы үшiн қолайлы шартты қарайды, ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiм бағасын ұсынылған шегерiм сомасына азайтады. Бұл жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт конкурс жеңiмпазымен оның конкурс өтiнiмiндегi баға сомасына, ол ұсынған шегерiмдi шығарып тастап және ол ұсынған шартпен жасалады.
35. Ықтимал өнiм берушi, берiлетiн тауарлар мен ұсынылатын қызметтердiң конкурстық құжаттамалардың техникалық талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ете отырып, ұсынылатын тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң пайдалану сипаттамасына кепiлдiк беретiн кезеңдi көрсетедi. Конкурстық комиссия, егер конкурстық өтiнiмде ұсынылған кепiлдiк кезеңi конкурстық құжаттамада мәлiмделген базалық кезеңнен аз болса, конкурстық өтiнiмнiң бағасына әрбiр жыл үшiн белгiлi бiр проценттi шартты түрде қосады немесе егер кепiлдiк кезеңi базалық кезеңнен көп болса, шартты түрде алып тастайды.
36. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердiң шартты бағасына әсер ететiн проценттердiң белгiлi бiр мәнiн сатып алынатын тауарлардың функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамалары бойынша, сондай-ақ неғұрлым жоғары экономикалық тиiмдiлiктi қамтамасыз ететiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi бағалаудың басқа да өлшемдерi бойынша белгiлейдi.
37. Конкурстық комиссия ұтқан конкурстық өтiнiмдi анықтаған кезде отандық тауар өндiрушiлер болып табылатын ықтимал өнiм берушiлердiң конкурстық өтiнiмдерiнiң бағасын конкурстық құжаттамада көрсетiлген белгiлi бiр процентке кемiтедi, сондай-ақ шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мен мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiк ұйымдары беретiн және көрсететiн конкурстық құжаттамада көзделген тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң көлемiн ескередi.
Отандық тауар өндiруші - Қазақ Республикасының резидентi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға (қолдануға) дайын тауар өндiретiн, жергiлiктi еңбек ресурстарының кемiнде 85 процентiн пайдаланатын заңды немесе жеке тұлға.
Отандық тауар өндiрушiнiң конкурстық өтiнiмiнiң бағасы шартты түрде 20 процентке азайтылады.
38. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттамада көрсетiлген өлшемдердi ескере отырып анықталатын, неғұрлым аз жиынтық шартты бағамен ұтқан конкурстық өтiнiмдi дауыс беру жолымен анықтайды. Екi немесе бiрнеше конкурстық өтiнiмдердiң жиынтық шартты бағалары тең болған жағдайда тауарлар берудiң, жұмыстар орындаудың, қызметтер көрсетудiң неғұрлым жақсы шарттарын ұсынатын конкурстық өтiнiмге басымдық берiледi.
39. Жеткiлiктi бәсекелестiк орта болған кезде конкурстың қорытындысын шығарған кезде конкурстық комиссия конкурс жеңiмпазынан басқа, ұсыныстары неғұрлым басымдыққа ие болған кемiнде екi ықтимал өнiм берушiнi белгiлейдi.
Егер конкурс жеңiмпазы деп танылған ықтимал өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа белгiленген мерзiмдерде қол қоймаса, тапсырысшы конкурс жеңiмпазының ұсынысынан кейiн ұсынысы неғұрлым басымдыққа ие болып табылатын конкурсқа басқа қатысушымен шарт жасасуға құқылы. Бұл жағдайда тапсырысшы конкурс жеңiмпазымен шартқа қол қою мерзiмi өткен сәттен бастап үш күн iшiнде конкурстық өтiнiмi неғұрлым басымдыққа ие деп танылған ықтимал өнiм берушiге оны өнiм берушi деп тану туралы хабарламаны және мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын жiбередi.
Конкурстық өтiнiмi неғұрлым басымдыққа ие деп танылған ықтимал өнiм берушi, ол туралы хабарламаны және мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын алған күннен бастап үш күннiң iшiнде шартқа қол қоюға немесе орын алған келiспеушiлiктер туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тартатыны туралы тапсырысшыға жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Егер конкурстық өтiнiмдердiң қолданыстағы мерзiмдерi өтiп кетсе және мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалмаса немесе ол бұзылса, онда тапсырысшы қайтадан ашық конкурс жариялайды немесе сатып алуды уәкiлеттi органмен келiсе отырып, Заңға сәйкес басқа тәсiлмен жүзеге асырады.
40. Конкурс қорытындысы туралы хаттама нысаны мен мазмұны бойынша осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес жасалады және оған конкурстық комиссияның төрағасы, оның орынбасары, конкурстық комиссияның мүшелерi мен хатшысы қол қояды. Күрделi техникалық cипаттамалары мен ерекшелiктерi бар жабдықтарды мемлекеттiк сатып алу, құрылыс мерзiмi алты айдан асатын күрделi объектiлердi салу жөнiндегi жұмыстарды сатып алу жүргiзiлген кезде конкурс қорытындыларын шығару мерзiмдерi отыз күнтiзбелiк күнге дейiн ұзартылуы мүмкiн.
Конкурстың қорытындылары туралы хаттамада осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген сома көрсетiлуге тиiс.
& 4. Сатып алуды өзге тәсiлдермен жүзеге асыру тәртiбi
41. Баға ұсыныстарына сұрау салуды пайдалана отырып өнiм берушiнi таңдау тәсiлiмен тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде тапсырысшы ықтимал өнiм берушiден сатып алынатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге жазбаша баға ұсыныстарын ауызша немесе жазбаша сұратады. Мұндай сұрау салу бағаға тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң өз құнынан басқа, тасымалдауға, сақтандыруға жұмсалатын шығыстарды, кеден баждары мен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер төлеудi, сондай-ақ ықтимал өнiм берушi өзi ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бағасына енгiзетiн өзге де шығыстарды енгiзу туралы ақпаратты қамти алады.
Егер ықтимал өнiм берушілер Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылса, баға ұсынысы осы баға ұсынысы берiлген күнгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген бағам бойынша шетел валютасымен көрсетілуі мүмкін.
Әрбiр ықтимал өнiм берушi жазбаша түрде ресiмделуi тиiс бiр ғана баға ұсынысын бередi (ақы төлеуге арналған шот, прайс-парақ). Жеке тұлғалардың баға ұсынысы жеке куәлiгiнiң нөмiрiн және егер ол болса банктiк деректемелерiн көрсете отырып, тапсырысшы басшысының атына өтiнiш түрiнде ресiмделедi. Сондай-ақ өтiнiшке салық төлеушiнiң куәлiгi мен әлеуметтiк жеке кодының көшiрмесi қоса тiркеледi.
Егер сатып алынатын тауарларды (жұмыстарды/көрсетiлетiн қызметтердi) сатуға және беруге (орындауға/көрсетуге) арналған қызмет мiндеттi түрде лицензиялануға тиiс болған жағдайда, тапсырысшы осындай лицензияның нотариатпен куәландырылған көшiрмесiн (не заңды түрде белгiленген нысандағы көшiрмесiн) сұратады.
Тапсырысшы тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған кезде ұсынылған шотқа сәйкес ақы төлеуге және/немесе тапсырысшының қажеттiлiгiн қанағаттандыратын ең төмен баға ұсынған ықтимал өнiм берушiмен шарт жасасуға құқылы.
42. Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi уәкiлеттi органға сатып алу тәсiлiн келiсу үшiн заңнамада белгiленген жағдайларда тапсырысшы ғана жүгiнедi.
43. Мемлекеттiк сатып алуды Заңда көзделген жағдайларда және шартпен бiр көзден сатып алу тәсiлiмен жүзеге асырған кезде конкурстық комиссия осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысан мен мазмұн бойынша бiр көзден сатып алу хаттамасын жасайды.
44. Ашық тауарлық биржалар арқылы мемлекеттiк сатып алулар Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
& 5. Құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстарды
сатып алудың салалық ерекшелiктерi
45. Өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салуға, қайта жаңартуға, техникалық қайта жарақтандыруға және күрделi жөндеуге арналған мердiгерлiк жұмыстарды, сондай-ақ өзге де көлемдi, жазықтағы немесе желiлiк объектiлердi мемлекеттiк сатып алу кезiнде конкурсты ұйымдастырушы, сатып алудың нақты шарттарын ескере отырып, жекелеген конкурстарды өткiзудiң мынадай сабақтастығын:
1) жобалау алдындағы және/немесе жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеудi;
2) құрылысты (соның iшiнде, қажет кезiнде, жабдықтарды беру және монтаждау, сондай-ақ iске қосу-жөндеу жұмыстары және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес басқа жұмыстар) белгiлейдi.
46. Жобалау алдындағы және/немесе жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеуге арналған конкурстарға конкурстық құжаттама жасаған кезде конкурсты ұйымдастырушы
Заңның
12-бабының 1-тармағында санамаланған ақпараттан басқа:
1) құрылыс алаңының, географиялық, инженерлiк-геологиялық және басқа айрықша табиғи жағдайлардың қысқаша сипатталуын, инфрақұрылым мен коммуникациялардың болуын, жергiлiктi ресурстардың, стандарттар жүйесiнiң және техникалық нормативтердiң, техникалық құжаттаманы әзiрлеудiң ресми тiлiнiң сипатталуын;
2) объектiнiң толық құрамын, аумақты инженерлiк әзiрлеу, өндiрiс технологиясы және жабдықтау, инженерлiк қамтамасыз ету, пайдаланылатын материалдар мен құрастырмалар, объектiнi жарақтандыру және басқа қажеттi ақпарат бойынша талаптарды көздейдi.
47. Құрылыс және құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша конкурстарға конкурстық құжаттаманың құрамында конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттiк сараптамадан өткен және белгіленген тәртiппен бекiтiлген, базалық бағаларға есептелген сметалық есептеулердi көздейтiн жобалау-сметалық құжаттаманың қажеттi бөлiмдерiн немесе көлемi жөнiнен қысқа жобалық материалдарды (жоба бөлiмдерi - түсiндiрме жазба, бас жоспар және көлiк, сәулет-құрылыс және технологиялық бөлiк, инженерлiк қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, техникалық-экономикалық бөлiк, құрылысты ұйымдастыру және басқа) бередi.
48. Жобалау-сметалық құжаттама объектiнi салу шартының "кiлтпен қоса тапсыру" талабына есептелген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзiрлеген кезде құрылыстың "кiлтпен қоса тапсыру" талабын көздей алады, бұл ретте мердiгер құрылысты салу және оны қамтамасыз ету жөнiндегi барлық мiндеттердi өз мойнына алады және ол тапсырысшыға объектiнi пайдалануға дайын күйiнде өткiзуге тиiс. Бұл орайда, егер объектiнi салу созылмалы сипатқа ие болса, конкурстық құжаттамада құрылысты салу кезеңдерi және/немесе жұмыстарды орындау кестесi көрсетiледi.
49. "Кiлтпен қоса тапсыру" талабымен объектiнi салу жұмыстарын мемлекеттiк сатып алу жөнiнде конкурс өткiзген кезде, осы талап көрсетiле отырып, шарт жасалады.
Ғимараттар мен құрылыстарды ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардың бiртектес түрлерiн мемлекеттiк сатып алу жұмыстар көлемiнiң тiзiмдемесi негiзiнде жүргiзiледi.
Жұмыстар көлемi тiзiмдемесiнiң әзiрлеушiсi бола отырып, тапсырысшы оның толықтығы және құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкестiгi үшiн жауапкершiлiк тартады.
50. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада бас мердiгердiң өткiзiлетiн конкурстың нысанасы болып табылатын жұмыстар көлемiнiң (құрылыс құнының) жиынтығында үштен екiсiнен астамын қосалқы мердiгерге беруiне тыйым салу туралы талапты көздейдi.
51. Iрi және күрделi құрылыс объектiлерi немесе құрылыс мерзiмi алты айдан астам объектiлер бойынша мердiгерлiк жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу өткiзуге арналған конкурстық құжаттама мемлекеттiк сарапталуға тиiс.
52. Жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурс өткiзу кезiнде конкурсты ұйымдастырушы осы құрылыста көзделген жұмыстардың әрбiр түрi бойынша ықтимал өнiм берушiнi анықтау жөнiнде конкурс өткiзе алады.
53. Жұмыстарды мемлекеттiк сатып алулар жөнiндегi конкурсқа қатысатын және бас мердiгер болып әрекет ететiн ықтимал өнiм берушi осы құрылыста көзделген барлық жұмыстарға немесе қосалқы мердiгерлердi тартқан жағдайда, олар орындайтын жұмыс түрлерiне лицензия ұсынады.
Қосалқы мердiгерлердi тартқан жағдайда ықтимал өнiм берушi өзiнiң конкурстық өтiнiмiнде осындай қосалқы мердiгерлердiң тiзбесiн көрсетедi.
& 6. Iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен
әзiрлемелер жүргізу бойынша көрсетiлетiн қызметтердi,
фармацевтикалық және медициналық мақсаттағы өнiмдердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекшелiктерi
54. Олар үшiн сатып алуды жүзеге асырудың басқа тәсiлi Заңмен көзделмеген, оларды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама жүргiзу мiндеттi iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелер жүргiзу бойынша көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу екi кезеңдi рәсiмдi пайдалана отырып конкурс өткiзу тәсiлiмен жүзеге асырылуға тиiс.
55. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтiнiмдi ықтимал өнiм берушi әрбiр бағдарлама, жоба (лот) бойынша ресiмдейдi және онда ұсыныстың техникалық-экономикалық, қаржылық және ғылыми-технологиялық тиiмдiлiгiн, бағдарламалар мен жобаларды және зерттеулердiң нәтижелерiн iске асыру кезiндегi әлеуметтiк, экологиялық және басқа салдарларын сараптамалық бағалау үшiн қажеттi және жеткiлiктi ақпарат, сондай-ақ қабылданатын мiндеттемелердi орындау үшiн кәсiби бiлiмiнiң, тәжiрибесiнiң, беделiнiң, қажеттi қаржылық, материалдық-техникалық және еңбек ресурстарының бар екенiн растайтын құжаттар болуға тиiс.
56. Бастапқы конкурстық өтiнiмдердi ашудың және түпкiлiктi қабылдаудың мерзiмi Заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес белгiленедi.
57. Ықтимал өнiм берушi әзiрлеген және ұсынатын бастапқы конкурстық өтiнiмде мынадай компоненттер болуға тиiс:
1) конкурстық құжаттамаға сәйкес толтырылған конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм;
2) ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық құжаттама талап ететiн, мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысу үшiн қажеттi бiлiктiлiкке ие екендiгi туралы куәландыратын құжаттамалық дәлелдеме;
3) сатып алынатын көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және өзге сипаттамаларына қатысты ұсыныстар және оларды көрсетудiң талаптары;
4) конкурстық құжаттамаға сәйкес ұсынылуы қажет басқа да құжаттар.
58. Мұндай конкурстың бiрiншi кезеңiнде ықтимал өнiм берушiнiң, конкурстық өтiнiмдердiң техникалық ерекшелiктерi мен баға талаптарына сәйкестiгiн қоспағанда, Заңның 8-бабының 1-тармағында санамаланған бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттамада көрсетiлген өлшемдерге сәйкестiгi қаралады.
59. Конкурстық комиссия бiрiншi кезеңде, егер:
1) конкурстық өтiнiм берген ықтимал өнiм берушi бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмесе;
2) конкурстық өтiнiм конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап бермесе конкурстық өтiнiмдi қабылдамай тастайды.
60. Конкурстың бiрiншi кезеңiнде конкурстық комиссия көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық немесе өзге сипаттамаларына және оларды көрсетудiң (бағадан басқа) шарттық талаптарына қатысты бастапқы конкурстық өтiнiмi қабылданған кез келген ықтимал өнiм берушiмен келiссөздер жүргiзе алады.
61. Конкурстың бiрiншi кезеңi аяқталуы бойынша конкурсты ұйымдастырушы конкурстық комиссияның шешiмi негiзiнде конкурстық құжаттамаға өзгерiстердi әзiрлейдi және бекiтедi, олар конкурстық құжаттаманың барлық жеткiлiксiз бөлiмдерiн, сондай-ақ түпкiлiктi конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың және ашудың талаптарын қамтиды.
Түпкiлiктi конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың және ашудың мерзiмiн конкурсты ұйымдастырушы, конкурстың бiрiншi кезеңiнде қабылданған бастапқы конкурстық өтiнiмдердi, конкурстық құжаттамаға бекiтiлген өзгерiстердi барлық ықтимал өнiм берушiлерге ұсынғаннан кейiн 20 күннен кешiктiрмей, дербес белгiлейдi.
62. Конкурстық құжаттамаға өзгерiстерде конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi бағалау мен салыстыру және ұтқан конкурстық өтiнiмдi анықтау үшiн конкурстық құжаттамада кез келген бастапқы белгiленген көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық немесе өзге сипаттамаларының аспектiлерiн, сондай-ақ конкурстық құжаттамада кез келген бастапқы белгiленген өлшемдердi алып тастай алады немесе өзгерте алады және жаңа сипаттамалар мен өлшемдер қоса алады.
Бастапқы бекiтiлген конкурстық құжаттама, сондай-ақ оған өзгерiстер мен толықтырулар бiрыңғай конкурстық құжаттаманы құрайды.
63. Конкурстың екiншi кезеңiнде iрiктеудiң бiрiншi кезеңiнен өткен, iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелер бойынша тиiстi бағдарламаны (жобаны), конкурстық комиссия ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы уәкiлеттi орган ұйымдастыратын мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптамаға жiбередi. Конкурстың екiншi кезеңiнде техникалық ерекшелiкке сәйкестiк мәселесi қаралады және конкурстық өтiнiмдер баға факторы бойынша және осы Ережеде белгiленген және конкурстық құжаттамада көрсетiлген бағалау өлшемдерiне сәйкес жүзеге асырылады. Жеңiмпаз конкурстық өтiнiмдердiң шартты бағаларын салыстыру арқылы анықталады.
64. Қажет жағдайда конкурстың екiншi кезеңiнде iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердiң бағдарламалары мен жобалары арнаулы сараптамаға (экологиялық және/немесе басқа) жiберiлуi мүмкiн.
65. Iргелi және қолданбалы зерттеулер бойынша конкурс өткiзген кезде конкурстық өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiнен бастап кемiнде 75 күнтiзбелiк күн деп белгiленедi.
66. Конкурстық құжаттамаға сәйкес ұсынылған түпкiлiктi конкурстық өтiнiмдер осы Ережеге сәйкес бағаланады және салыстырылады.
67. Егер осы параграфпен өзгеше көзделмесе, екi кезеңдi рәсiмдi пайдалана отырып тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу бойынша конкурс өткiзу кезiнде ашық және жабық конкурс өткiзу кезiндегiдей рәсiмдер мен ережелер пайдаланылады.
68. Медициналық мақсаттағы фармацевтикалық өнiмдi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде бiртектес тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi анықтау үшiн тапсырысшы медициналық мақсаттағы бiртектес құралдар мен бұйымдар топтарының тiзбесiн көздейтiн, азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы орталық атқарушы органның актiсiн басшылыққа алады.
& 7. Бағдарламалық қамтамасыз ету жөнiндегi көрсетiлетiн
қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекшелiктерi
69. Бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу және оны сүйемелдеу бойынша көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу кезiнде конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада әзiрленген бағдарламалық өнiмге мүлiктiк құқықтың тапсырысшыға тиесiлiлiгi туралы, сондай-ақ тапсырысшының қызметкерлерiн оқыту туралы талапты көздейдi.
Осы талап мемлекеттiк сатып алу туралы шартта көзделуге тиiс.
70. Конкурсты ұйымдастырушы осындай бағдарламалық өнiмдi сүйемелдеудiң толық циклын көздей алады.
71. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерлердiң сатып алынатын көрсетiлетiн қызметтердiң жалпы көлемiнiң үштен бiрiнен аспайтын көрсетiлетiн қызметтерiн тарту мүмкiндiгi туралы көрсетуi қажет.
& 8. Мемлекеттiк ресурстарға астықты, сондай-ақ оларды сақтау
және өткiзу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк
сатып алуды жүзеге асырудың ерекшелiктерi
72. Мемлекеттiк ресурстарға астықты, сондай-ақ оларды сақтау және өткiзу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмiмен анықталған өнiм берушi (агент) жүзеге асырады.
73. Өнiм берушi (агент) жүзеге асыратын мемлекеттiк ресурстарға астықты, сондай-ақ оларды сақтау және өткiзу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
& 9. Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын
бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушы
74. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмiмен бюджеттiк шығындарды азайту мақсатында және мемлекеттiк органдарға ведомостволық бағынысты мемлекеттiк мекемелерден басқа, бiрнеше тапсырысшылардың тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiртектес түрлерiн сатып алу қажеттiгі туындаған жағдайда, бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушы белгiленуi мүмкiн.
75. Бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушы белгiленген жағдайда тапсырысшылар конкурсты ұйымдастырушыға олар белгiлеген мерзiмде, конкурсты ұйымдастыру мен өткiзу үшiн қажет ақпарат, соның iшiнде осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сатып алудың жоспарын, сатып алынатын тауарлардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) техникалық ерекшелiктерiн, жұмыстарды сатып алған кезде объектiлердiң құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттаманы ұсынады, сондай-ақ бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушыға осы ақпараттағы өзгерiстер туралы дереу хабарлайды. Бұл орайда тапсырысшылар ұсынылатын ақпараттың сапасы мен толықтығына кепiлдiк бередi.
76. Бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушы конкурстық рәсiмдердi әзiрлеу және өткiзу жөнiндегі өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
77. Бiрыңғай ұйымдастырушы өткiзген конкурстың қорытындысы бойынша тапсырысшылар жеңiмпаздармен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар жасасады.
& 10. Ұсынылған конкурстық құжаттама үшiн
ақы алудың тәртiбi мен шарты
78. Конкурстық құжаттаманы бергенi үшiн мемлекеттiк мекемелер алатын ақы конкурсты ұйымдастырушының тиiстi бюджетiнiң кiрiстер кодына аударылады.
79. Мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдар және солармен аффилиирленген заңды тұлғалар конкурстық құжаттаманы ұсынғаны үшiн алатын ақы конкурсты ұйымдастырушының қызмет көрсетiлетiн банктердегi банктiк шотына немесе оның бухгалтериясына аударылады.
80. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген ықтимал өнiм берушiге конкурстық құжаттаманы ұсынғаны үшiн, конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн жасауға, ал жабық конкурс өткiзiлген жағдайда, оны салып жiберуге кететiн нақты шығыннан аспайтын ақы алуға құқылы.
81. Конкурстық құжаттаманы байланыс көрсететiн қызметтi пайдалана отырып жөнелту қажет болған жағдайда, осы көрсетiлетiн қызметтер бойынша конкурсты ұйымдастырушының шығыны конкурстық құжаттаманы ұсынғаны үшiн алынатын ақының жалпы мөлшерiне енгiзiледі.
82. Ақы төленгенi туралы растау конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманы алған кезде берiледi.
83. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мен Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер өндiретiн ұйымдарға және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға конкурстық құжаттама тегiн берiледi.
& 11. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың
орындалуын қамтамасыз етудi енгiзудiң тәртібі
84. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету:
1) банкте орналастырылатын ақша кепiлi;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес берiлген және осы Ереженiң 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған банктiк кепiлдеме түрiнде белгiленуi мүмкiн.
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерiн конкурсты ұйымдастырушы (тапсырысшы), егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының 3%-ынан 5%-ына дейiнгi мөлшерде белгiлейдi.
85. Конкурстық құжаттамада конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттiк мекеменiң атынан, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзудi ақша кепiлi түрiнде көздеген жағдайда, олар тапсырысшының конкурстық құжаттамада көрсетiлген тиiстi шотына енгiзiледi.
86. Шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мазмұнын, нысанын және енгiзiлу талаптарын осы Ережеге сәйкес тапсырысшы анықтайды, олар конкурстық құжаттамада көрсетiледi және мемлекеттiк сатып алу туралы үлгi шартқа сәйкес жасалатын мемлекеттiк сатып алу туралы шартта айтылады.
87. Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа тараптар қол қойғаннан кейiн, егер бұл шартта өзгеше көзделмесе, он жұмыс күнi iшiнде енгiзедi.
& 12. Өткiзуге дайындалып жатқан және өткiзiлген
мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтердiң
жариялану тәртiбi
88. Конкурсты ұйымдастырушы тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң бiртектес түрлерiнiң көлемi құндық түрiнде Қазақстан Республикасының тиiстi қаржы жылына арналған заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң төрт мың еселенген мөлшерiнен аспайтын жағдайда ғана кемiнде аудан аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымында өткiзуге дайындалып жатқан және өткiзiлген мемлекеттiк сату туралы хабарландыру жариялайды, бұған медициналық препараттар, тамақ өнiмдерi, жанар-жағар май материалдары және құрылыс жұмыстары қосылмайды, олар туралы хабарландырулар аптасына кемiнде үш рет шығарылатын және облыс аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымында жарияланады.
89. Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiртектес түрлерiн мемлекеттiк сатып алу көлемi Қазақстан Республикасының тиiстi қаржы жылына арналған заңнамасында белгіленген айлық есептiк көрсеткiштiң он мың еселенген мөлшерiнен аспаған кезде конкурсты ұйымдастырушы аптасына кемiнде үш рет шығарылатын және кемiнде облыстың, Астана мен Алматы қалаларының аумақтарында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымында алдағы конкурс пен өткiзуге дайындалып жатқан және өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер (хабарландыру) бередi.
90. Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiртектес түрлерiн мемлекеттiк сатып алу көлемi Қазақстан Республикасының тиiстi қаржы жылына арналған заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң он мың еселенген мөлшерiнен асып түскен кезде конкурсты ұйымдастырушы аптасына кемiнде бес рет шығарылатын және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымында алдағы конкурс пен өткiзуге дайындалып жатқан және өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер (хабарландыру) бередi.
91. Техникалық сипаттамалары күрделi және ерекше сипаты бар тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде бұл конкурстарды өткiзу туралы хабарландыру аптасына кемiнде бес рет шығарылатын және Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымында жарияланады.
92. Ашық конкурс өткiзген жағдайда конкурсты ұйымдастырушы, мерзiмдi баспасөз басылымында хабарландыру жариялаудан басқа, конкурс өткiзу туралы ақпаратты Web-сайтта орналастыра алады, сондай-ақ жарияланған хабарландыру көлемiнде өзiне белгiлi ықтимал өнiм берушiлерге конкурсқа қатысу жөнiнде шақыру жiбере алады.
93. Конкурс өтпеген жағдайда конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысқан барлық ықтимал өнiм берушiлерге конкурс өткiзiлетiнi туралы хабарландыру жарияланған мерзiмдi баспасөз басылымының өзiнде конкурстың өтпегенi туралы хабарлайды.
94. Конкурстың қорытындылары туралы хабарландыруды конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткiзiлетiнi туралы хабарландыру жарияланған мерзiмдi баспасөз басылымында осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысанда жариялайды, ал оннан астам атаудағы (лоттар) тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер сатып алынған жағдайда конкурсты ұйымдастырушының Web-сайтына орналастырылуы мүмкiн.
95. Баспасөз баспаларының хабарландырулар жариялау жөнiндегi қызметтерiн мемлекеттiк сатып алу, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
96. Тапсырысшы шарттың орындалуына енгiзiлген қамтамасыз етудi өнiм берушi осы шарт бойынша өз мiндеттемелерiн шартта көрсетiлген мерзiмде толық және тиiсiнше орындағаннан кейiн немесе, егер шартта бұл мерзiм көрсетiлмесе, өнiм берушi мiндеттемелерiн толық орындаған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде өнім берушiге қайтарады.
97. Ереженiң салалық ерекшелiктерiнде көрсетiлген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде шарттар жасасу мерзiмдерi, Заңның 23-бабының 2-тармағында белгiленгенiнен басқа, конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап бiр айға дейін ұзартылуы мүмкін.
98. Егер өнiм берушi шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаса немесе тиiстi түрде орындамаса (тауарларды жеткiзiп беру, жұмыстарды орындау және қызметтердi көрсету мерзiмдерiн бұзу, сапасыз тауарлар беру, жұмыстарды сапасыз орындау, сапасыз қызметтер көрсету, шарттың басқа да талаптарын бұзу), онда тапсырысшы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шарттың орындалуына өнiм берушi енгiзген қамтамасыз етудi ұстап қалады.
99. Конкурстық рәсiмдердi өткiзу кезiнде конкурс комиссиясы жол берген жолсыздықтар анықталған жағдайда, тапсырысшының басшысы және/немесе конкурсты ұйымдастырушы конкурсты өтпедi деп тануға құқылы, сондай-ақ қажет болған кезде тапсырысшының басшысы және/немесе конкурсты ұйымдастырушы және/немесе ықтимал өнiм берушi конкурс комиссиясының шешiмiн қайта қарау немесе конкурс комиссиялары шешiмдерiнiң күшiн жоқ мәселесi бойынша мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi уәкiлеттi органға жүгiнуге құқылы.
Егер конкурсты өткiзу барысында Қазақстан Республикасының сатып алу туралы заңнамасының бұзылу фактiлерi анықталса, тапсырысшы мен конкурсты ұйымдастырушы конкурс рәсiмiн тоқтата тұрады, шартқа қол қоюдан бас тартады, конкурсты өтпедi деп таниды және мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi уәкiлеттi органға бұл туралы хабарлайды.
100. Конкурс рәсiмдерi осы Ереженiң 99-тармағында көрсетiлген себептермен тоқтатылған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткiзiлетiнi туралы хабарландыру жарияланған мерзiмдi басылымның өзiнде хабарландыру жариялайды, сондай-ақ конкурсқа қатысқан әрбiр ықтимал өнiм берушiге конкурс рәсiмдерiнiң тоқтатылғаны туралы хабарлайды.
101. Мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың қызметiн толассыз қамтамасыз ету мақсатында тапсырысшы тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданылуын, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген мерзiмде республикалық бюджет туралы заң немесе мәслихаттың тиiстi жылға арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмi қабылданбаса, сол шарт бойынша осы Ережеге 12-қосымшада көрсетiлген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiне сәйкес ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанының бюджеттiк қаржы бөлу көлемiнен аспайтын көлемде келесi жылдың бiрiншi тоқсанына ұзартуға құқылы.
102. Мемлекеттiк сатып алу процесi мемлекеттiк органдарға мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындарға арналған қаржы жоспары және шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарға, акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдарға, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғаларға арналған бюджеттер (бизнес-жоспарлар) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлгеннен кейiн жүзеге асырылады.
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасы мен көлемiн дайындауды және бекiтудi Қазақстан Республикасының ұлттық Банкi оның шығындарының қолданылып жүрген жiктемесiне сәйкес жүзеге асырады, соның негiзiнде мемлекеттiк сатып алу жоспары жасалады.
103. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындарға оның мақсаттар мен мiндеттерiн iске асыру үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк тапсырыс беруi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бекiтiлген бюджетi (шығыс сметалары) шеңберiнде уәкiлеттi органмен келiсе отырып жүзеге асырылады.
104. Заңда көзделген жағдайда мемлекеттiк сатып алу тәсiлiн таңдауды келiсудi мемлекеттiк сатып алу процесi басталғанға дейiн тапсырысшы жүзеге асырады.
Жабық конкурсты жүзеге асыру келiсiлген жағдайда тапсырысшы уәкiлеттi органға мұндай таңдап алуды негiздеп, жабық конкурсқа қатысуға шақырылған ықтимал өнiм берушiлердiң тiзбесiн жiбередi.
105. Сатып алынатын тауарлар тез бұзылатын сипатта болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы аймақтар бойынша жеке конкурстар өткiзе алады.
106. Конкурсты ұйымдастырушының конкурс құжаттамасын, соның iшiнде нақты сатып алуға қойылатын техникалық талаптарды дайындауы кезiнде адал бәсекенi қамтамасыз ету мақсатында сол сатып алуға коммерциялық жағынан мүдделi болуы мүмкiн және сатып алынатын тауарларды жеткiзiп беру (қызметтер көрсету жұмыстар орындау) саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға байланысты ұйымдардың кеңестерi мен сондай адамдардың қызметтерiн пайдалануға жол берiлмейдi.
107. Ашылған конкурстық өтiнiмдер ықтимал өнiм берушiлерге қайтарылмайды. Банк кепiлдiгiнiң түпнұсқасына ерекшелiк жасалуы мүмкін, бұл орайда конкурсты ұйымдастырушы осы құжаттың конкурсты ұйымдастырушы куәландырған ксерокөшiрмесi сақталуға тиiс.
108. Өткiзiлген конкурстың материалдары конкурсты ұйымдастырушының тиiстi iс номенклатурасында белгiленген тәртiппен сақталады.
109. Баға (тарифтер) немесе олардың шектi деңгейiн және шығындар қалыптасуының ерекше тәртiбiн белгiлеу бөлiгiнде табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi, сондай-ақ сатып алу тәсiлiн реттеу мен келiсудi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi заңнамасы нормаларының сақталуын бақылауды мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
110. Тапсырысшының (конкурсты ұйымдастырушының) оқшауланған бөлiмшелерi Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары орналасқан жағдайда, олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге арналған мемлекеттiк сатып алу процесi олар орналасқан аумақтағы мемлекеттердiң заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Толтырылған уақыты:______ жылғы_____/______
(Тапсырыс берушiнiң aтауы)____ жылға тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi) сатып алу жоспары (қажеттілік) (осы құжат конкурстық құжаттаманың құрамдас бөлiгi болып табылмайды және ықтимал өнiм берушілерге ұсынылмайды, тапсырыс берудi конкурстың ұйымдастырушысына бередi)
__________________________________________________________________
N | Cатып | Тауар. |Өлшем|Саны |Тауарды | Тауарды |Сатып
|алынатын | лардың, | бір.|(тұ. |жеткізу,| жеткізу, | алу
| тауар. | жұмыстар. |лігі |тыну |жұмыс. | жұмыс. | үшін
| лардың, | дың және | | кө. |тарды | тарды |бюджет.
| жұмыс. | көрсе. | |лемi)|орындау,| орындау, | те
|тардың |тілетiн | | |қызмет. | қызмет. |көздел.
| және | қызмет. | | | терді | терді | ген
| көрсе. | тердің | | |көрсету | көрсету | сома
|тiлетiн | толық | | |мерзімі | орны |
|қызмет. |сипаттамасы| | | | |
|тердiң |(сипаттау) | | | | |
|атауы | | | | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8
__________________________________________________________________
| |Егер тауар.| | | Қажет | |
| | лардың, | | | болған | |
| |жұмыстар. | | |жағдайда| |
| |дың және | | |жеткізу | |
| | қызмет | | |орындау/| |
| |көрсетулер.| | |көрсету | |
| |дiң сипат. | | |кестесі | |
| |тамасын осы| | | қоса | |
| | бағанда | | |берілуі | |
| |сипаттау | | | тиіс | |
| | мүмкiн | | | | |
| |болмаса он.| | | | |
| |да ол жеке | | | | |
| | қосымшаға | | | | |
| |(техникалық| | | | |
| | ерекшелiк)| | | | |
| | жазылады | | | | |
| | және бұл | | | | |
| |жерде қо. | | | | |
| |сымша(лар) | | | | |
| |ға сiлтеме | | | | |
| | жасалады | | | | |
__________________________________________________________________
Тапсырыс берушi басшының лауазымы, тегi, аты-жөнi және қолы
М.О.
Алдағы болатын конкурс туралы хабарландыру нысан
__________________________________________________________ мынадай
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетiн қызметтердi) (тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) қысқаша сипаттау және олардың құны көрсетiлмеген саны (көлемi); (конкурсты ұйымдастырушы сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) толық тiзбесi, олардың саны және егжей-тегжейлi ерекшелiгi конкурстық құжаттамада көрсетілген деп сілтеме жасауға құқылы) мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурс өткiзу туралы хабарландырады.
Тауар жеткiзiлуi (жұмыстар немесе қызметтер орындалуы/көрсетiлуi) тиіс: (тауарларды жеткiзу, жұмыстарды немесе қызметтердi орындау/көрсету орны көрсетiледi).
Жеткiзудің (орындаудың, көрсетудің) талап етiлетiн мерзiмi Конкурсқа "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
8-бабының 1-тармағында көрсетiлген біліктiлiк талаптарына жауап беретiн барлық ықтимал өнiм берушiлер жiберiледі.
Конкурстық құжаттама пакетiн______ ж."____" ________ (конкурстық өтiнімдер салынған конверттердi ашқанға дейін 24 сағат бұрын уақыты мен күнi көрсетiледi)_______ сағатты қоса алғанда дейiнгі мерзiмде мына мекен-жай бойынша _________, N ________ бөлме сағат_____ -ден _____ -ге дейiн немесе мекен-жайы _______________ электрондық почта бойынша ықтимал өнiм берушi конкурстық құжаттама төленгенi туралы құжатты бергеннен кейiн алуға болады.
Конкурстық құжаттама пакетінің құны ________ теңгенi құрайды және ________ есепшотқа енгізiледi (конкурсты ұйымдастырушының тиiстi есепшоты көрсетіледi) (егер ақы төлеу көзделмесе, осы абзац алынып тасталады).
Ықтимал өнiм берушілер конкурсқа қатысу үшiн конверттерге жапсырылған конкурстық өтiнiмдерiн (конкурсты ұйымдастырушының атауы көрсетiледi) мекен-жай бойынша (толық мекен-жайы, бөлменiң N көрсетiледi) табыс етедi (жiбередi).
Конкурстық өтiнімдердi табыс етудің соңғы мерзiмi (уақыты мен күні көрсетіледi) дейiн.
Конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер (уақыты мен күнi көрсетіледi) мынадай мекен-жай бойынша (толық мекен-жайы, бөлменiң N көрсетіледi) ашылады. Ықтимал өнiм берушiлер конкурстық өтiнімдер салынған конверттерді ашу кезiнде қатыса алады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы (қаланың коды мен телефон нөмiрi көрсетіледi) телефон бойынша алуға болады.
Жабық конкурс өткiзу туралы хабарлама нысаны
Кiмге ____________________________________________________________
(ықтимал өнiм берушiнiң атауы)
__________________________________________________________ мынадай
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) (тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) қысқаша cипaттay және олардың саны (көлемi); (конкурсты ұйымдастырушы сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) толық тiзбесi, олардың саны және егжей-тегжейлi ерекшелiгi конкурстық құжаттамада көрсетілген деп сiлтеме жасауға құқылы) мемлекеттік сатып алу бойынша жабық конкурс өткiзу туралы Сiздi хабарландырады және Сiздi оған қатысуға шақырады.
Тауар жеткiзiлуi (жұмыстар немесе қызметтер орындалуы/көрсетiлуi) тиіс: (тауарларды жеткізу, жұмыстарды немесе қызметтердi орындау/көрсету орны көрсетіледi).
Жеткiзудің (орындаудың, көрсетудің) талап етiлетiн мерзiмi ______________
Конкурсқа "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
8-бабының 1-тармағында көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн барлық ықтимал өнiм берушiлер жiберiледi.
Конкурстық құжаттама пакетiн _____ ж. "___" ___________ (конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашқанға дейiн 24 сағат бұрын уақыты мен күнi көрсетiледi) _______ сағатты қоса алғанда дейінгi мерзімде мына мекен-жай бойынша ______________, N _____ бөлме сағат_____ -ден _____ -гe дейiн немесе мекен-жайы _________ электрондық почта бойынша ықтимал өнiм берушi конкурстық құжаттама төленгенi туралы құжатты бергеннен кейiн алуға болады.
Конкурстық құжаттама пакетiнің құны _______ теңгені құрайды (егер ақы төлеу көзделмесе, осы абзац алынып тасталады).
Ықтимал өнiм берушiлер конкурсқа қатысу үшiн конверттерге жапсырылған конкурстық өтiнімдерiн (конкурсты ұйымдастырушының атауы көрсетiледi) мекен-жай бойынша (толық мекен-жайы, бөлменiң N көрсетіледi) табыс етедi (жiбередi).
Конкурстық өтiнімдердi табыс етуi соңғы мерзiмi (уақыты мен күні көрсетіледi) дейiн.
Конкурстық өтiнімдер салынған конверттер (уақыты мен күнi көрсетіледi) мынадай мекен-жай бойынша (толық мекен-жайы бөлменiң N көрсетiледi) ашылады. Ықтимал өнiм берушiлер конкурстық өтiнімдер салынған конверттердi ашу кезінде қатыса алады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы (телефон нөмiрі көрсетiледi) телефон бойынша алуға болады.
(Кiмге) __________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
(Кiмнен) _________________________________________________________
(ықтимал өнім берушiнiң атауы)
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТIНIМ
(заңды тұлғалар үшiн)
__________________________________________________________________
(конкурстың атауы)
конкурс өткiзу жөнiндегi конкурстық құжаттаманы қарай келіп, оның алынғандығы осымен куәландырылады, ______________________________
__________________________________________________________________
(ықтимал өнiм берушiнiң атауы)
конкурстық құжаттамаға сәйкес мынадай лоттар бойынша тауарларды жеткiзуi (жұмыстарды орындауды, қызметтердi көрсетудi): жүзеге асыруды ұсынады:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетiн қызметтердiң
__________________________________________________________________
лоттар бойынша егжей-тегжейлi сипаттамасы)
жалпы сомасы _____________________________________________________
__________________________________________________________________
(цифрлармен және жазбаша)
Осы конкурстық өтiнiм мыналардан құралады:
1. _______________________________________________________________
2. _______________________________________________________________
3. _______________________________________________________________
4. _______________________________________________________________
5. _______________________________________________________________
6. _______________________________________________________________
7. _______________________________________________________________
8. _______________________________________________________________
9. _______________________________________________________________
10._______________________________________________________________
Бiз, бiздің конкурстық өтiнiм ұтып шыққан деп танылған
жағдайда, __________ күн ішінде тауарларды жеткiзудi (жұмыстарды
(жазбаша)
орындауды, қызметтердi көрсетудi) бастауға және осы конкурстық өтiнiмде көрсетiлген барлық тауарларды жеткiзуге (жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге) бiз конкурстық өтiнiмді ұтып шыққан деп тану туралы Сiзден хабарлама алған сәттен бастап
__________ күн iшiнде аяқтауға мiндеттенемiз.
(жазбаша)
Бiз конкурстық құжаттамада көрсетiлген Сiздің төлем шарттарыңызбен келiсемiз. Төлемнің мынадай балама шарттарын _____ _________________________________________________________________
(төлемнiң балама шарттары, егер ондайлар болса, көрсетiледi)
немесе басқа шарттарды (_____________________ атап көрсетiледi)
ұсынамыз және бұл ретте мынадай мөлшерде ________________________
_________________________________________________________________
(ақшалай көрсеткiште жазбаша көрсетiледi)
баға шегерiмiн беремiз.
Біздің конкурстық өтiнiм ұтып шыққан деп танылған жағдайда,
бiз шарттың жалпы сомасының __________ процентiн құрайтын сомада
(жазбаша)
мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етудi* енгiземiз.
Осы конкурстық өтiнiм конкурстық өтiнiмдер салынған
конверттердi ашқан күннен бастап ________ күн бойына қолданылады.
(жазбаша)
Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасқан сәтке дейiн осы
конкурстық өтiнім оны ұтып шыққан деп тану туралы Ciздің хабарламаңызбен бiрге бiздің арамыздағы мiндеттi шарт рөлiн атқарады.
_______________ ________________________
(Қолы, күнi) (Лауазымы, тегi, аты-жөнi)
M.O.
_____________________________________________________ атынан және
(ықтимал өнім берушiнiң атауы)
тапсыруы бойынша конкурстық өтінiмге қол қоюға барлық өкілеттiгi
бар.
________________________
* егер шартты орындауды қамтамасыз етудi енгізу конкурстық құжаттамада көзделген болса, көрсетіледi
(Кiмге) __________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
(Кімнен) _________________________________________________________
(ықтимал өнiм берушiнiң тегi, аты-жөнi)
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТIНIМ
(жеке тұлғалар үшiн)
__________________________________________________________________
(конкурстың aтayы)
конкурс өткiзу жөніндегi конкурстық құжаттаманы қарай келіп, оның алынғандығы осымен куәландырылады, конкурстық құжаттамаға сәйкес мына лоттар бойынша тауарларды жеткiзудi (жұмыстарды орындауды, қызметтердi көрсетудi) жүзеге асыруды ұсынады:
__________________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң
__________________________________________________________________
лоттар бойынша егжей-тегжейлi сипаттамасы)
жалпы сомасы ____________________________________________________
(цифрлармен және жазбаша)
Осы конкурстық өтiнiм мыналардан құралады:
1. _________________________________________________________
2. _________________________________________________________
3. _________________________________________________________
4. _________________________________________________________
5. _________________________________________________________
6. _________________________________________________________
7. _________________________________________________________
8. _________________________________________________________
9. _________________________________________________________
10._________________________________________________________
Мен, менiң конкурстық өтiнімiм ұтып шыққан деп танылған
жағдайда, __________ күн ішінде тауарларды жеткiзудi (жұмыстарды
(жазбаша)
орындауды, қызметтердi көрсетудi) бастауға және осы конкурстық өтiнiмде көрсетiлген барлық тауарларды жеткізуге (жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге) менiң конкурстық
өтінiмім ұтып шыққан деп тану туралы Сiзден хабарлама алған сәттен
бастап ___________ күн iшінде аяқтауға міндеттенемiн.
(жазбаша)
Мен конкурстық құжаттамада көрсетiлген Сiздің төлем шарттарыңызбен келiсемiн. Төлемнің мынадай балама шарттарын:
__________________________________________________________________
(төлемнің балама шарттары, егер ондайлар болса, көрсетіледi)
немесе басқа шарттарды (_________________________ атап көрсетіледi)
ұсынамын және бұл ретте мынадай мөлшерде __________________________
___________________________________________________________________
(ақшалай көрсеткiште, жазбаша көрсетiледi)
баға шегерімін беремiн.
Менің конкурстық өтiнiмiм ұтып шыққан деп танылған жағдайда,
мен шарттың жалпы сомасының __________ процентiн құрайтын сомада
(жазбаша)
мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етудi* енгiземiн.
Осы конкурстық өтiнiм конкурстық өтiнімдер салынған
конверттерді ашқан күннен бастап __________ күн бойына қолданылады.
(жазбаша)
Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқан сәтке дейiн осы конкурстық өтінiм оны ұтып шыққан деп тану туралы Сiздің хабарламаңызбен бiрге бiздің арамыздағы міндеттi шарт рөлiн атқарады.
___________________ ______________________
(Қолы) (Тегi, аты-жөнi)
_____________________________
* егер шартты орындауды қамтамасыз етудi енгізу конкурстық құжаттамада көзделген болса, көрсетіледi
Ықтимал өнiм берушiнің конкурстық өтінiмінің
БАҒАЛАР КЕСТЕСI
(ықтимал өнiм берушiнiң атауы)
(әрбір лотқа бөлек толтырылады)
__________________________________________________________________
|Тауарлардың, жұмыстардың және
|көрсетiлетiн қызметтердің атауы
__________________________________________________________________
1. Қысқаша сипаттау
2. Шыққан елi (жұмыстарды сатып
алған кезде алынып тасталады)
3. Жасаушы зауыт (жұмыстар мен
көрсетiлетiн қызметтердi сатып
алған кезде алынып тасталады)
4. Өлшем бірлігі
5. Бiрлік бағасы, ___________
______-де(да)
ИНКОТЕРМС 2000 шартында _____
_____________________________
(жеткiзiлетiн пункт)
6. Саны көлемi
7. Барлық бағасы = 4x5 жолдар
______-де(да)
8. Ықтимал өнiм берушiнің
тасымалдауға, сақтандыруға,
кеден баждарын төлеуге, ҚҚС
және басқа да салықтарға, төлем.
дерге және алымдарға шыққан
барлық шығыстарын, жиынтық
детальдардың, міндеттi қосалқы
бөлшектердің және пайдаланудың
бастапқы мерзiмi iшінде бiр өлшем
бiрлiгiнің және басқа да
шығыстардың құнын қоса алғанда
ИНКОТЕРМС 2000 шартында
______________________ жалпы
(жеткiзiлетiн пункт)
бағасы ____-де(да).
Ықтимал өнiм берушi басқа да
шығыстарды көрсетуге құқылы,
оның iшіндe:
8.1. _________________________
8.2. _________________________
9. Шегерiм ұсынылған жағдайда,
оның мөлшерi
9.1. _________________________
9.2. _________________________
Ескерту: ықтимал өнiм берушi 8-жолда көрсетілген жалпы бағаның құрамдастарын көрсетпеуге құқылы, бұл ретте осы жолда көрсетiлген бағаны конкурстық комиссия ықтимал өнiм берушiнiң барлық шығындары есептелiп белгiленген баға ретінде қарайды және бұл баға қайта қарауға жатпайды.
___________ _________________________
(Қолы) (Лауазымы, тегi, аты-жөнi)
М.О.
Сатып алу бойынша конкурсқа қатысу үшiн ықтимал өнiм берушiлер ұсынған конкурстық өтiнiмдер салынған конверттерді ашу хаттамасы
(конкурстың атауы)
(Ашу орны) (Уақыты және күні)
Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: (конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерiнiң тегi, аты-жөнi, лауазымы, конкурстық өтiнiмдердi ашу күнi, уақыты және орны) конкурстық өтiнiмдер салынған конверттерді ашу рәсiмiн өткiздi.
Конкурстық құжаттама мынадай ықтимал өнiм берушiлерге (конкурстық құжаттама табыс етiлген барлық ықтимал өнiм берушiлердiң атауы, мекен-жайы) табыс етiлдi.
Мынадай ықтимал өнiм берушiлердiң (конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурстық өтiнiмдердi табыс еткен барлық ықтимал өнiм берушiлердiң атауы, мекен-жайы, конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң уақыты) конкурстық өтiнiмдерi
________________________________________________________________
негізiнде ашылмай қайтарылды.
Конкурстық өтiнiмдерді табыс eтyдің соңғы мерзiмi өткенге дейiн белгіленген мерзiмде конкурстық өтiнiмдi ұсынған мынадай ықтимал өнiм берушiлердің конкурстық өтiнiмдерi (конкурстық өтiнімдердi табыс етудiң соңғы мерзімi өткенге дейiн конкурстық өтiнімдердi табыс еткен барлық ықтимал өнiм берушiлердiң атауы,
мекен-жайы, конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң уақыты) ашылды және олар конкурстық өтiнiмдердi ашу кезiнде барлық қатысушыларға жарияланған (тауардың, жұмыстың немесе көрсетiлетiн қызметтiң бiрлiгiнiң бағасы, конкурстық өтiнiмнiң жалпы бағасы, әрбiр конкурстық өтiнімнiң негізгi шарттары, конкурстық өтiнiмдi құрайтын құжаттардың бар болуы немесе болмауы туралы ақпарат, конкурстық өтiнiмдердi керi қайтарып алу және оның өзгерiстерi туралы және конкурстық өтiнімдердi ашу кезiнде хабарланған басқа да ақпарат) қамтиды.
Конкурстық өтiнiмдерді ашу кезiнде мынадай ықтимал өнiм берушiлер: (конкурстық өтiнiмдердi ашу кезiнде қатысқан барлық ықтимал өнiм берушiлердiң aтayы, мекен-жайы және олардың уәкілеттi өкiлдерiнiң тегi, аты-жөнi) қатысты.
Конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерiнiң және хатшысының тегi, аты-жөнi және қолдары.
Сатып алу жөнiндегi конкурстың
қорытындылары туралы хаттама
(конкурстың атауы)
(Орналасқан жерi) (Уақыты және күнi)
1. Конкурстық комиссия (конкурстық комиссияның құрамы aтaп көрсетiледi) құрамда (сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi қысқаша cипаттау) мемлекеттік сатып алу жөнінде (ашық, жабық, екi кезеңдi рәсімдердi пайдалана отырып) конкурс өткiздi.
2. Сатып алу үшiн бөлiнген сома (сома көрсетіледi) теңге.
3. Конкурстық құжаттаманы сатып алды/алды (конкурстық құжаттаманы сатып алған/алған барлық ықтимал өнiм берушiлердiң атауы және орналасқан жерi aтап көрсетiледi, сатып алған/алған күнi).
4. Ықтимал өнiм берушiлерден конкурстық құжаттаманы түсiру туралы сұраулар (егер осындай сұраулар орын алған болса, мазмұны жазылады) түсті және оларға мынадай түсірулер (сұрауларға берiлген жауаптардың қорытылған мазмұны жазылады) берiлдi.
5. (Егер конкурстық құжаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген болса, өзгерiстер мен толықтырулар қорытылып жазылады).
6. Конкурсқа қатысуға мынадай ықтимал өнiм берушiлер (конкурстық өтiнімдi табыс еткен барлық ықтимал өнім берушiлердiң атаулары және орналасқан жерлерi aтап көрсетiледi, табыс етілген күнi) конкурстық өтiнiмдерін табыс еттi.
7. Мынадай конкурстық өтiнiмдер (қабылданбаған конкурстық өтiнімдер туралы толық ақпарат берiледі, оларды қабылдамаған барлық себептерi мен негiздемелерi атап көрсетiледi) қабылданбады. Барлық конкурстық өтiнiмдер қабылданбаған жағдайда, тиiстi себептерi де көрсетiледi.
8. (Ықтимал өнiм берушiлердiң бiлiктiлiк мәліметтерi туралы немесе мұндай мәлiметтердiң болмауы туралы ақпарат жазылады).
9. Ықтимал өнiм берушiлер (тауарларды жеткізу жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету) бойынша мынадай ұсыныстар ұсынды: (ықтимал өнiм берушi конкурстық өтiнiмiн табыс еткен лоттың атауы, тауардың, жұмыстың немесе қызметтiң бiрлiгiнiң бағасы, әpбip конкурстық өтiнімнiң жалпы бағасы және әрбiр конкурстық өтiнiмнiң басқа да негiзгi шарттары қысқаша атап көрсетіледi).
10. Табыс етiлген конкурстық өтiнімдердi қарау кезінде конкурстық комиссия конкурстық өтiнімдердi бағалаудың және салыстырудың мынадай өлшемдеріне сүйенді: (олар бар болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы дайындаған конкурстық құжаттамаға сәйкес конкурстық комиссия қолданатын конкурстық өтiнiмдердi бағалаудың және салыстырудың өлшемдерi атап көрсетiледi).
11. (Сарапшыларды тарту, ықтимал өнiм берушiлер ұсынып отырған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгi бойынша олардың ұсынған қорытындылары туралы ақпарат).
12. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнімдерді бағалаудың және салыстырудың нәтижелерi бойынша ШЕШТI:
1) (Осы конкурстық өтiнiмдi табыс еткен ықтимал өнiм берушiнiң атауы және орналасқан жерi, сондай-ақ ол жеңiмпаз деп танылған шарттар көрсетiледi) конкурстық өтiнiмi конкурста жеңіп шыққан деп танылсын.
Егер конкурстық өтiнiмдер қаралған, бағаланған және салыстырылған кезде конкурстың жеңiмпазы анықталмаса немесе барлық конкурстық өтiнiмдер қабылданбаған болса, тиicтi себебi көрсетiледi.
2) Конкурс жеңiмпазының ұсынысынан кейiн ұсыныстары артықшылықты болып танылған ықтимал өнiм берушiлер (ықтимал өнiм берушілердiң (екеуге дейiн) атауы және орналасқан жерi басымдық тәртібі бойынша көрсетiледi).
3) Тапсырыс берушi (тапсырыс берушiлер) (әрбiр тапсырыс берушiнiң атауы және орналасқан жерi атап көрсетiледi) _______ жылдың ___ _______ дейiнгi мерзімде (жеңiп шыққан конкурстық өтiнiмдi ұсынған ықтимал өнім берушiнiң атауы көрсетiледi) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасассын.
4) Koнкурсты ұйымдастырушы (конкурсты ұйымдастырушының атауы көрсетіледi):
- бұқаралық ақпарат құралдарында өткiзілген конкурстың қорытындыларын жарияласын.
Конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерi мен хатшысының және конкурстық өтінiмi жеңiп шыққан ықтимал өнiм берушiнiң қолдары.
Сатып алу хаттамасының нысаны
(бip көзден сатып алу тәсiлiмен жүргiзілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi әрбiр сатып алуға бөлек жасалады)
(Орналасқан жерi) (Отырыс күні)
Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: (конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерiнiң тегi, аты-жөнi, лауазымы) ________ жылғы "___" ________ N ___ хатқа сәйкес мемлекеттiк сатып алу жөнінде уәкілетті органмен ("Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
(бұдан әрi - Заң) 21-бабының 2-тармақшасына сәйкес келiсiм қажет болса - (уәкiлеттi органның атауы) келiсiм бойынша (тауарлардың атауы, жұмыстардың, қызметтердiң түрлерi көрсетiледi) мемлекеттiк сатып алуды (тауардың атауын, жұмыстардың, қызметтердiң түрлерiн көрсету) жүзеге асыру үшiн ШЕШТI:
1. (Заңның 21-бабының 1-тармағына және 24-бабына сәйкес бiр көзден мемлекеттiк сатып алу тәсiлiн қолданудың негiздемесi жазылады) байланысты бiр көзден мемлекеттiк сатып алу тәсiлi қолдансын.
2. __________________________________________________________
(Өнім берушiнiң атауы)
мынадай негізде "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
8-бабында және Ереженiң ___ тармағында көзделген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келедi.
___________________________________________________________________
(ықтимал өнім берушi бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау
___________________________________________________________________
үшiн ұсынған құжат көрсетіледi)
3. (Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасатын өнiм берушiнiң атауы және орналасқан жерi көрсетiледi) жалпы сомасы ____ (мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың бағасы көрсетiледi) (сатып алынатын бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң қысқаша сипаттамасы) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасассын.
Конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерiнiң және хатшысының қолдары
Өнiм берушi басшының қолы, тегi, аты-жөнi және деректемелерi
МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШАРТТЫ
ОРЫНДАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ НЫСАНЫ
(БАНКТIК КЕПIЛ)
Банктің атауы: ____________________________________________________
(банктiң атауы және деректемелерi)
Кiмге: ____________________________________________________________
(тапсырыс берушiнiң атауы және деректемелерi)
N ____ КЕПIЛДIК МIНДЕТТЕМЕ
___________________ __ ж. "___" ____________
(орналасқан жерi)
_________________________________________ бұдан әрi - Өнiм берушi
(өнім берушiнiң атауы)
___________________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң сипаттамасы)
жеткiзуге (орындауға, көрсетуге) мемлекеттiк сатып алу туралы ___ ж. "___" __________ N __ шарт жасасқанын назарға ала отырып және Сiз осы Шартта Өнiм берушi банктiк кепiл түрiнде жалпы сомасы ______ теңге Шартты орындауды қамтамасыз етудi енгізетiндiгiн көздедiңiз.
Осыған байланысты бiз ______________________________________
(банктiң атауы)
жоғарыда көрсетiлген Шарт бойынша кепiл болып табылатынымызды осымен растаймыз және өзiмiзге Ciздің талабыңыз бойынша Сiзге
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(сомасы цифрмен және жазбаша)
тең соманы Сiзден төлеуге арналған жазбаша талап, сондай-ақ Өнiм берушiнің Шарт бойынша өзiнің міндеттемесін орындағаны немесе тиiстi түрде орындамағаны туралы жазбаша растама алған бойда төлеу үшiн өзiмiзге қайтарып алынбайтын мiндеттеме аламыз.
Осы кепiлдiк мiндеттеме оған қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi және Өнiм берушi Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн толық орындаған сәтiне дейiн қолданылады.
Осы кепілдiк міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен мiндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
Кепілдердің қолы және мөрi Күнi мен мекен-жайы
(Банк басшысының және
бас бухгалтерiнiң атынан)
__________________________ ________________________
Конкурстың қорытындылары туралы хабарландыру нысаны
__________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
______ жылы "___" _________ (конкурсты өткiзу орны көрсетiледi) өткiзiлген (сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң атауы көрсетіледі) мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi ашық конкурстың қорытындыларын хабарлайды:
N ___ (лоттың атауы көрсетiледi) лот бойынша (конкурс жеңімпазының атауы және мекен-жайы көрсетiледi) бағасы (тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң бiрлiгiнiң бағасы және конкурстық өтiнiмнiң жалпы бағасы көрсетiледi) теңге жеңімпаз болып танылды.
Егер конкурс өткiзiлмеген болып танылған жағдайда, қорытындылар туралы хабарландыруда мыналар көрсетiледi:
___________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
____ жылы "____" ____________ (конкурсты өткiзу орны көрсетіледi) өткiзiлген (сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң атауы көрсетіледi) мемлекеттiк сатып алу жөніндегi ашық конкурс өткiзiлмеген деп танылғанын хабарлайды, себептерi көрсетiлмейдi (қажет болған жағдайда, қай лоттар бойынша конкурс өткiзiлмеген деп танылғаны көрсетiледi).
Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер және қазыналық кәсiпорындар шарттың қолданылуын ұзартуға құқылы тауарлар, жұмыстар және қызметтер тiзбесi
- тамақ өнiмдерi;
- тамақты ұйымдастыру жөнiндегi қызметтер;
- дәрi-дәрмек препараттары;
- жанар-жағар май материалдары;
- монша-кiр жуу бойынша көрсетілетiн қызметтер;
- жолдарды қысқы ұстау жөніндегі жұмыстар;
- автокөлiктiк қызметтер;
- қайтыс болған жалғыз басты және туыстары жоқ азаматтарды жерлеу;
- банктiк қызметтер.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2002 жылғы 31 қазандағы
N 1158 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметінің күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттiк сатып алуды жүргiзудің тәртiбi туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1268 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПУКЖ-ы, 1998 ж., N 47, 422-құжат).
2. "Мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастырудың тиiмдiлiгін арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 13 шiлдедегi N 966 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 34, 304-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1268 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 8 қыркүйектегi N 1332 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 45, 412-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің мемлекеттiк сатып алу мәселелерi жөніндегі кейбiр шешімдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 27 шiлдедегi N 1150 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 31, 389-құжат).