Авиация техникасын, әуеайлақтарды, әуежайларды меншікке сатып алуға, мүлiктiк жалға, лизингке, сенiмгерлiк басқаруға, сондай-ақ өзге де пайдалану құқығына рұқсаттар беру ережесін бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 19 қазан N 1133

Қолданыстағы

      "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес, сондай-ақ азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу саласындағы заңнаманы одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Авиация техникасын, әуеайлақтарды, әуежайларды меншікке сатып алуға, мүлiктік жалға, лизингке, сенiмгерлiк басқаруға, сондай-ақ өзге де пайдалану құқығына рұқсаттар беру ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі

     Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң        
2002 жылғы 19 қазандағы  
N 1133 қаулысымен     
бекiтiлген     

Авиация техникасын, әуеайлақтарды, әуежайларды меншiкке
сатып алуға, мүліктік жалға, лизингке, сенiмгерлiк
басқаруға, сондай-ақ өзге де пайдалану құқығына рұқсаттар беру ережесi

      Осы Ереже "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрленген және авиация техникасын, әуеайлақтарды, әуежайларды меншiкке сатып алуға, мүлiктiк жалға, лизингке, сенiмгерлiк басқаруға, сондай-ақ өзге де пайдалану құқығына рұқсаттар беру тәртiбiн анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
      1) уәкiлетті орган - өзiнің құзыретi шегiнде азаматтық авиация саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды, азаматтық және эксперименталдық авиация қызметiн және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігін пайдалануды мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды, үйлестіру мен pеттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы;
      2) рұқсат - осы Ережеде белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган
беретiн, азаматтық авиация ұйымының авиация техникасын, әуеайлақтарды, әуежайларды меншiкке сатып алуға, мүлiктiк жалға, лизингке, сенiмгерлiк басқаруға, сондай-ақ өзге де пайдалану құқығын растайтын құжат;
      3) өтiнiм - рұқсат беру туралы азаматтық авиация ұйымының жазбаша нысанда ұсынған өтiнiшi;
      4) өтiніш берушi - рұқсат беру туралы өтінiмдi уәкiлеттi органға жiберген азаматтық авиацияның ұйымы;
      5) тапсырыс берушi - авиациялық техникаға тапсырыс берудi жүзеге асыратын азаматтық авиация ұйымы;
      6) комиссия - рұқсат алу үшiн ұсынылған құжаттарды қарастыру
мақсатында Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрiнiң бұйрығымен құрылатын жұмыс тобы.

      2. Комиссия Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, уәкiлеттi органның, басқа мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың мамандары қатарынан құрылады.

2. Рұқсаттар беру тәртiбi

      3. Өтiнiш бepyшi рұқсат алу үшiн уәкiлеттi органға осы Ереженiң қосымшасында белгiленген нысанға сәйкес өтiнiм бepyгe, сондай-ақ мынадай құжаттарды ұсынуға міндеттi:
      1) өтiнiш берушiнiң құрылтай құжаттарының көшiрмелерi;
      2) өтiнiш берушінi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктің нотариалды расталған көшiрмесi;
      3) тиiстi сертификаттың нотариалды расталған көшiрмесi;
      4) өтiнiш берушінiң соңғы қаржы жылы бойынша ағымдағы қаржы жағдайы туралы аудиторлық қорытынды.

      4. Әуе кемелерiне қатысты рұқсатты алу үшiн осы Ереженiң 3-тармағында келтiрiлген құжаттардан басқа:
      1) жасаушы зауыт тапсырыс берушiнiң өкiліне берген әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы туралы уақытша куәлік;
      2) азаматтық әуе кемесiнің техникалық жай-күйiн тексеру және ұшуға жарамдылығын анықтау актiсi;
      3) егер әуе кемесi пайдалану процесiнде қайта жабдықталған болса, онда қайта жабдықтау жүргiзуге негiз болған құжаттарды ұсыну талап етiледi.

      5. Авиация техникасына қатысты рұқсат алу үшiн осы Ереженiң 3-тармағында атап көрсетiлген құжаттардан басқа двигательдерге, агрегаттарға және қосалқы бөлшектерге формулярлар, паспоpттар және басқа да техникалық құжаттар талап етiледi.

      6. Әуеайлақтар мен әуежайларға қатысты рұқсат алу үшiн осы Ереженің 3-тармағында атап көрсетiлген құжаттардан басқа, мынадай құжаттар талап етіледі:
      1) жер учаскелерiне, үй-жайларға (құрылыстарға, ғимараттарға) меншiк құқығын, пайдалану құқығын және өзге де құқықтарды куәландыратын құжаттардың көшірмелерi;
      2) тиiстi ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру институты беретiн әуеайлақтың және ұшып-қону жолақтарының сыныбы туралы қорытынды;
      3) ұшу қозғалысын басқару объектілерiнiң және ұшуларды жарық-сигналдық қамтамасыз ету жүйесiнің ұшу тексерiстерi актiлерi;
      4) әуеайлақтардың пайдалануға жарамдылық, нормаларына сәйкестiгінiң кестелерi, Қазақстан Республикасының азаматтық әуеайлақтарын пайдалануға жарамдылығы нормаларының талаптарына сәйкес анықталған тiзбе бойынша графикалық материал.

      7. Өтiніш берушi рұқсат алу үшiн ұсынған құжаттардағы мәлiметтердiң растығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiкте болады. Өтiнiш берушi құжаттарды толық емес көлемде ұсынған жағдайда уәкiлеттi орган оларды 7 жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге қайтарады. Бұл ретте өтiнiш берушi рұқсат алу үшiн уәкiлетті органға қайта өтiнiш беруге құқылы.

      8. Уәкiлеттi орган рұқсат беру немесе беруден бас тарту туралы шешiмді осы Ережеге сәйкес өтiнiш берушi ұсынған барлық құжаттарды алған күннен бастап 30 күннен кешіктірмей қабылдайды.

      9. Рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешiмді қабылдау кезінде уәкілеттi орган комиссияның қорытындысын негiзге алады.
      Комиссия өтiнiш берушiнің ұсынған құжаттарының азаматтық авиация саласындағы заңнама талаптарына, мемлекеттiк стандарттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында ұшу қауiпсiздiгiн және авиациялық қауіпсiздiктi қамтамасыз етуге сай болуын қарастырады.

      10. Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен өтiнiш берушіден тиiстi қорытындыны дайындау үшін қажетті өзге де мәліметтер мен ақпаратты сұратуға құқылы.

      11. Рұқсат беруден бас тарту мына жағдайларда болуы мүмкiн:
      1) әуе кемесiнің ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкес келмеуi;
      2) авиация техникасының, әуеайлақтың немесе әуежайдың
мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмеуі;
      3) тиiсті сертификаттардың болмауы.

      12. Өтінiш берушi ұсынған құжаттарда шүбәсiз емес деректер айқындалған жағдайда, егер осындай айқындау әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкес еместiгiне, авиация техникасының, әуеайлақтың немесе әуежайдың мемлекеттiк стандарттарға сәйкес келмеуiне әкеп соқтыратын болса, немесе тиiстi сертификаттардың болмауын бiлдiрсе, уәкiлеттi орган бұрын берген рұқсатын қайтарып алады.

      13. Монополияға қарсы заңнамада белгiленген жағдайларда, осы Ережеде көзделген рұқсаттарды беру үшiн монополияға қарсы органның қосымша келiсiмi талап етiледi.

Қосымша

Уәкілетті органның басшысына
____________________________
____________________________
____________________________

Авиация техникасын, әуеайлақтарды, әуежайларды меншікке сатып
алуға, мүліктік жалға, лизингке, сенімгерлік басқаруға,
сондай-ақ өзге де пайдалану құқығына рұқсат алуға
өтінім

1. _____________________________________________________________
                (азаматтық авиация ұйымының атауы)

2. Меншікке сатып алуға,
   мүліктік жалға
   лизингке
   сенімгерлік басқаруға
   өзге пайдалану құқығына қабылдауға
   рұқсат беруге (қажетінің астын сыз)

3. Мына
   авиация техникасы объектісін ________________________________
   _____________________________________________________________
   _____________________________________________________________
                    (авиация техникасының атауы)

   әуеайлақтарды _______________________________________________
   _____________________________________________________________
   _____________________________________________________________
                (мүліктің немесе техниканың атауы)

   әуежайларды _________________________________________________
   _____________________________________________________________
   _____________________________________________________________
             (мүліктің немесе техниканың атауы)

4. Объекті (объектілер) пайдаланылатын мақсаттар
   _____________________________________________________________
   _____________________________________________________________
   _____________________________________________________________
   _____________________________________________________________

5. Азаматтық авиация ұйымының орналасқан жері
   _____________________________________________________________
   _____________________________________________________________
   _____________________________________________________________
   _____________________________________________________________

6. Күні _____________________

7. Азаматтық авиация  ұйымы басшысының қолы
   ______________________________________

8. Азаматтық авиация ұйымының мөрі

   М.О.