"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сот iсiн жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 18 қазан N 1130

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
     "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сот iсiн жүргiзу 
мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының 
Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
                                                           Жоба
     
                     Қазақстан Республикасының Заңы
     
     Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сот iсiн жүргiзу
               мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар
                             енгізу туралы
     
     1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер 
мен толықтырулар енгізiлсiн:


      1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Азаматтық iс жүргізу K990411_ кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат):
      1) 28-баптың бiрiншi бөлiгінiң 1) тармақшасы алынып тасталсын;
      2) 30-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлiкпен толықтырылсын:
      "1-1. Мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк соттар әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы істердi қарауға уәкiлеттiк берiлген органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын дауға салу туралы iстердi қарайды";
      3) 275-баптың бiрiншi бөлiгінде "прокурор" деген сөзден кейiн "мамандандырылған ауданаралық әкімшiлiк" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық iс жүргізу Z970206_ кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар):
      1) 109-баптың екiншi бөлiгінде "аудандық" деген сөз "мамандандырылған ауданаралық әкімшiлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 110-баптың бiрiншi бөлiгінде "қалалық (аудандық)" деген сөздер

"мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк" деген сөздермен ауыстырылсын.
     3. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы  

K010155_

  кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 
Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 
2002 ж., N 4, 33-құжат):
     541-баптың бiрiншi бөлiгiнде "Аудандық және соларға теңестiрiлген"
деген сөздер "Мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк" деген сөздермен 
ауыстырылсын.
     2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа 
енгiзiледi. Мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк соттар құрылғанға дейiн 
осы Заңмен олардың соттылығына жатқызылған iстердi аудандық және оларға 
теңестiрiлген соттар қарайды.
     
     Қазақстан Республикасының
           Президентi
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.