"Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 12-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы және дистрибьютерлiк орталық мәртебесiн беру, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiне аттестаттау (қайта аттестаттау) өткiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 26 қыркүйектегі
N 1061 қаулысымен
бекiтiлген
Асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы және дистрибьютерлiк орталық мәртебесiн беру, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметiне аттестаттау (қайта аттестаттау) өткiзу
ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрленген және асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы және дистрибьютерлiк орталық мәртебесiн беру, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiне аттестаттау (қайта аттестаттау) өткiзу тәртiбiн анықтайды.
2. Асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы және дистрибьютерлiк орталық мәртебесiн алуға, сондай-ақ малдың өсiмiн молайту жөнiнде қызметтер көрсетуге үмiткер жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттiк аттестаттау өткiзiледi.
3. Осы Ережеде көзделген талаптарға жауап беретiн, барлық жеке және заңды тұлғаларға тең негiзде және шарттарда мемлекеттік аттестаттау өткiзiледi.
4. Асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы, дистрибьютерлiк орталық, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың малдың өсiмiн молайту жөнiнде қызметтер көрсету мәртебесi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы орган) шешiмiмен ведомствоаралық сараптама комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия) қорытындысы негiзiнде берiледi.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 174 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
5. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен бiлiм және ғылым саласындағы орталық атқарушы органның бiрлескен бұйрығымен құрамына асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның және/немесе оның аумақтық басқармаларының, жергiлiктi атқарушы органның (қаралып отырған субъект орналасқан аумақтың) мамандары, ауыл шаруашылығы бейiнiндегi ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының ғалымдары кiретiн комиссия құрылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 174 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
2. Асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы және дистрибьютерлiк орталық мәртебесiн беру тәртiбi
6. Асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы, дистрибьютерлiк орталық мәртебесiн алу мақсатымен жеке немесе заңды тұлға жергiлiктi атқарушы органға мынадай құжаттарды:
1) белгiленген үлгiдегi өтiнiштi (өтiнiштiң нысанын асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi);
2) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктердiң нотариат куәландырған көшiрмелерiн немесе жеке куәлiгiнiң көшiрмесiн;
3) осы Ереженiң 3-тарауында көзделген талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттарды табыс етедi.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 174 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
7. Жергiлiктi атқарушы орган өтiнiмдердi жинауды жүзеге асырады және оларды Комиссияның қарауына жiбередi.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 174 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
8. Комиссия табыс етiлген құжаттарды (қажет болған жағдайларда жергiлiктi жерге барып) өтiнiш берiлген күнiнен бастап 3 айдан аспайтын мерзiмде қарайды.
9. Табыс етiлген құжаттарды талдау негiзiнде Комиссия өтiнiш берушiге тиiстi мәртебе беру мүмкiндiгi туралы қорытынды дайындайды және жергiлiктi атқарушы органға тиiсiнше шешiм қабылдау үшiн барлық қажеттi құжаттармен бiрге жiбередi.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 174 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
10. Асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы және дистрибьютерлiк орталық мәртебесi жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен белгiленген талаптарға жауап беретiн заңды және жеке тұлғаларға берiлiп, аттестат тапсырылады (аттестат нысанын асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi ).
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 174 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
11. Тиiстi мәртебе беруден бас тартылған жағдайда жергiлiктi атқарушы орган өтiнiш берушiге табыс етiлген құжаттарды қарау үшiн белгiленген мерзiмде бас тартудың себептерiн көрсете отырып, жазбаша түрде уәждi жауап қайтарады. Бас тартуға Комиссияның тиiстi қорытындысы негiз болады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 174 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
12. Өтiнiш берушi оған тиiстi мәртебе беруден бас тартудың себептерiн жойғаннан кейiн өтiнiш жалпы негiздерде қаралады.
13. Аттестат беруден бас тарту туралы шешiмге өтiнiш берушi заңнамада белгiленген тәртiппен шағым жасай алады.
3. Асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы және дистрибьютерлiк орталық мәртебесiн алуға үмiткер жеке және заңды тұлғаларға қойылатын талаптар
14. Асыл тұқымды мал зауыты және асыл тұқымды мал шаруашылығы мәртебесiн алуға үмiткер жеке және заңды тұлғаларға қойылатын талаптар мыналарды қамтиды:
1) асыл тұқымды мал зауыттары мен шаруашылықтары мамандарының қатысуымен ғылыми ұйымдардың ғалымдары әзiрлеген, жануарлардың сынақтан өткiзiлген немесе жасалып жатқан тұқымдарымен, үлгiлерiмен, кростарымен селекциялық-мал тұқымын асылдандыру жұмысы жоспарының болуы;
2) мал өнiмдiлiгiнiң сан және сапа көрсеткiштерiнiң жануарлардың тиiстi тұқымдары мен үлгiлерi үшiн стандарттардың талаптарына сәйкес келуi;
3) мыналарды:
асыл тұқымды малдың сынақтан өткен тұқымдарын, iшкi тұқымдық және зауыттық үлгiлердi, зауыттық желiлер мен белгiлi бiр тұқымдар кростарын ұстау мен пайдалануды (асыл тұқымды мал зауыттары үшiн);
асыл тұқымды мал төлдерiнiң сынақтан өткен тұқымдарын, iшкi тұқымдық және зауыттық үлгiлердi, зауыттық желiлер мен белгiлi бiр тұқымдар кростарын бағыттап өсiрудi (асыл тұқымды мал зауыттары үшін);
малды өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша бағалау жөнiндегi бақылау-сынақтан өткiзу аулалары мен пункттерiнiң жұмыс iстеуiн (асыл тұқымды мал зауыттары үшiн) қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн материалдық-техникалық базаның болуы;
4) мыналарды:
асыл тұқымды мал өнiмiн (материалын) өндiру мен өсiру технологиясына сәйкес асыл тұқымды малды теңдестiре азықтандыруды;
малға өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша нысаналы бағалау жүргiзудi (асыл тұқымды мал зауыттары үшiн) қамтамасыз ететiн жемшөп базасының болуы;
5) 5 жыл бойы белгiленген нысандар бойынша асыл тұқымды малдың тегiн, өнiмдiлiгiн және сапасын, асыл тұқымды өнiмдi (материалды) растайтын үздiксiз есеп жүргiзу;
6) жыл сайын сатылатын асыл тұқымды мал төлiне мiндеттi түрде сертификаттау жүргiзу (сәйкестiлiк сертификатының (асыл тұқымдық куәлiгiнiң) болуы), сондай-ақ сатылатын асыл тұқымды өнiмнiң аурулардан аман екендiгi туралы ветеринариялық куәлiктiң болуы;
7) тиiстi (зоотехникалық немесе ветеринарлық) бiлiмi бар мамандардың болуы;
8) ауданның бас ветеринариялық инспекторы берген малдың жұқпалы аурулары (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қой эпидидимитi, хламидиоз, жылқының шағылысу ауруы, эпизоотиялық лимфангит), сондай-ақ Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның (ХЭБ) "А" тiзiмi бойынша аурулары жөнiнен амандығы туралы ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуы;
9) асыл тұқымды жануарларды ұстауға, өсiруге, пайдалануға және азықтандыруға байланысты тиiстi зоогигиеналық және ветеринариялық-санитарлық талаптардың сақталуы;
10) шаруашылық мұқтаждарына арналған аумақтардың, мал шаруашылығы үй-жайларының, сондай-ақ басқа да құрылыстардың зоогигиеналық талаптарға жауап беретiн жағдайларда ұсталуы;
11) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен асыл тұқымды жануарларға сәйкестендiру жүргiзудiң және оларға ветеринариялық паспорттар ресiмдеудiң қамтамасыз етiлуi.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 174 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
15. Мал тұқымын асылдандыру орталығы мәртебесiн алуға үмiткер заңды тұлғаларға қойылатын талаптар мыналарды қамтиды:
1) малдың өсiрiлетiн тұқымдары бойынша асыл тұқымды мал зауыттарының селекциялық-мал тұқымын асылдандыру жұмысы жоспарының мақсаттары мен мiндеттерiне сай келетiн жұмыс жоспарының болуы;
2) енелерiнiң өнiмдiлiгi тұқым стандартынан кемiнде 50% асатын, өсiрiлетiн тұқымдардың өнiмдiлiгi жоғары асыл тұқымды еркек малы қажеттi санының болуы;
3) мыналарды:
асыл тұқымды еркек малды ұстау мен пайдалануды;
тұқым сапасы бойынша бағаланған және жақсартушы деп танылған еркек малдың мейлiнше салқындатылған ұрығын алуды, жинақтауды, ұзақ уақыт сақтауды және пайдалануды;
эмбриондарды сатып алуды, сақтауды және сатуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн материалдық-техникалық базаның (төменгi температурада мұздатуға және еркек малдың ұрықтарын сақтауға арналған арнаулы зертхананы, ветеринариялық объектiлердi, зертханалық және криогендiк жабдықтарды қоса алғанда, үлгiлiк өндiрiстiк үй-жайлар кешенiнiң) болуы;
4) асыл тұқымды еркек малға арналған нормаларға сәйкес келетiн азықтандыру деңгейiн қамтамасыз ету үшiн жемшөп базасының болуы;
5) ұрық пен эмбриондар алу, жинақтау, сақтау есебiнiң болуы;
6) еркек малдың өз өнiмдiлiгi мен ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргiзу;
7) жыл сайын сатылатын асыл тұқымды өнiмге (материалға) мiндеттi түрде сертификаттау жүргiзу;
8) тиiстi (зоотехникалық немесе ветеринарлық) бiлiмi бар мамандардың болуы;
9) ауданның бас ветеринариялық инспекторы берген жұқпалы аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қой эпидидимиті, хламидиоз, жылқының шағылысу ауруы, эпизоотиялық лимфангит), сондай-ақ Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның (ХЭБ) "А" тiзiмi бойынша аурулар жөнiнен амандығы туралы ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуы;
10) асыл тұқымды жануарларды ұстауға, өсiруге, пайдалануға және азықтандыруға байланысты тиiстi зоогигиеналық және ветеринариялық-санитарлық талаптардың сақталуы;
11) шаруашылық мұқтаждарына арналған аумақтардың, мал шаруашылығы үй-жайларының, сондай-ақ басқа да құрылыстардың зоогигиеналық талаптарға жауап беретiн жағдайларда ұсталуы;
12) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен асыл тұқымды жануарларға сәйкестендiру жүргiзудiң және оларға ветеринариялық паспорттар ресiмдеудiң қамтамасыз етiлуi.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 174 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
16. Дистрибьютерлiк орталық мәртебесiн алуға үмiткер заңды тұлғаларға қойылатын талаптар мыналарды қамтиды:
1) асыл тұқымды мал зауыттары мен асыл тұқымды мал шаруашылықтарының селекциялық-мал тұқымын асылдандыру жұмысының жоспарларына сәйкес келетiн жұмыс жоспарының болуы;
2) жақсартушы деп танылған еркек малдың ұрығын және эмбриондарды сақтау мен сатуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн материалдық-техникалық базаның (соның iшiнде стационарлық биоқоймалары бар өндiрiстiк үй-жайлардың, зертханалық және криогендiк жабдықтардың) болуы;
3) еркек малдың ұрықтары мен эмбриондардың түсуiн, сақталуын және сатылуын есепке алуды жүргiзу;
4) тиiстi бiлiмi бар (зоотехникалық немесе ветеринарлық) мамандардың болуы;
5) ауданның бас ветеринариялық инспекторы берген жұқпалы аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз), сондай-ақ Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның (ХЭБ) "А" тiзiмi бойынша аурулар жөнiнен аумақтың амандығы туралы ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуы.
4. Малдың өсiмiн молайту жөнiнде қызметтер көрсету бойынша жеке және заңды тұлғаларды аттестаттаудан өткiзу тәртiбi
17. Малдың өсiмiн молайту жөнiндегi қызметтер көрсетудi жүзеге асыру үшiн жеке немесе заңды тұлға жергiлiктi атқарушы органға мынадай құжатттарды:
белгiленген үлгiдегi өтiнiштi (өтiнiш нысанын асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi);
заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесiн немесе жеке куәлiктiң көшiрмесiн;
осы Ереженiң 5-тарауында көзделген талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттарды табыс етедi.
Құжаттарды қарау осы Ереженiң 7, 9-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 174 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
18. Аттестатты жергiлiктi атқарушы орган жеке және заңды тұлғаға, өтiнiш берiлген күннен бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрмей бередi.
Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 174 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
19. Егер жеке немесе заңды тұлға осы Ережеде белгiленген талаптарға сай келмесе, аттестат беруден бас тартылуы мүмкiн.
20. Аттестат беруден бас тартылған өтiнiш берушiге бас тарту себептерi көрсетiлiп, қаралған күнiнен бастап бiр ай мерзiмде жазбаша түрде уәждi жауап қайтарылады. Бас тартуға Комиссияның қорытындысы негiз болады.
21. Өтiнiш берушi өзiне ол бойынша аттестат беруден бас тартылған себептердi жойғаннан кейiн оның қайтадан берген өтiнiшi жалпы негiзде қаралады.
22. Аттестат беруден бас тарту туралы шешiмге өтiнiш берушi заңнамада белгiленген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн.
23. Аттестат жоғалған жағдайда жергiлiктi атқарушы орган аттестаттың телнұсқасын бередi.
Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 174 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
24. Аттестатты басқа тұлғаға беруге болмайды.
5. Малдың өсiмiн молайту жөнiнде қызметтер көрсетуге үмiткер жеке және заңды тұлғаларға қойылатын талаптар
25. Малдың өсiмiн молайту жөнiнде қызметтер көрсетуге үмiткер жеке және заңды тұлғаларға қойылатын талаптар мыналарды қамтиды:
1) заңды тұлға үшiн - тиiстi бiлiмi бар, қажеттi жұмыс көлемiн орындауды қамтамасыз ететiн мамандардың болуын;
жеке тұлға үшiн - өтiнiш берушiнiң тиiстi бiлiмiнiң болуын;
2) малдың өсiмiн молайту жөнiндегi нұсқаулықтар мен нормативтiк кесiмдердiң талаптарына сәйкес еркек малдың ұрықтары мен эмбриондарды сапалы түрде алуды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн материалдық-техникалық базаның (зертханалық үй-жайдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың, материалдар мен технологиялық жабдықтардың) болуын.
6. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер қызметiне мемлекеттiк қайта аттестаттау өткiзу тәртiбi
26. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер қызметiн мемлекеттiк қайта аттестаттау бес жылда 1 рет өткiзiлiп отырады.
27. Қайта аттестаттауды өткiзген кезде комиссия асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн анықтайды, соның нәтижелерi бойынша комиссия тиiстi қорытынды жасайды.
28. Комиссияның оң қорытындысы негiзiнде жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен аттестаттың қолданылуы келесi бесжылдық мерзiмге ұзартылады.
Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 174 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
29. Жергiлiктi атқарушы орган асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъект аттестатының қолданылуын заңнамада белгiленген тәртiппен тоқтата тұруға құқылы. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге анықталған кемшiлiктердi жою үшiн 6 айға дейiн мерзiм берiледi.
Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 174 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
30. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъект қайта аттестаттау өткiзген кезде анықталған кемшiлiктердi жойғаннан кейiн жергiлiктi атқарушы орган аттестаттың қолданылуын қайта жаңғыртады (ұзартады).
Ескерту. 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 174 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
31. Жергiлiктi атқарушы орган асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнаманың нормалары қайтадан бұзылған жағдайда асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiнi аттестаттан айыру туралы талап-арыз қойып сотқа жүгiнедi.
Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 174 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.