Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi N 1061 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы N 174 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 671 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.24 № 671 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы және дистрибьютерлiк орталық мәртебесiн беру, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiне аттестаттау (қайта аттестаттау) өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi N 1061  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 346-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы және дистрибьютерлiк орталық мәртебесiн беру, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiне аттестаттау (қайта аттестаттау) өткiзу ережесiнде:

      4-тармақта:
      "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен бiлiм және ғылым саласындағы орталық атқарушы органның бiрлескен бұйрығымен құрамына асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның және/немесе оның аумақтық басқармаларының, жергiлiктi атқарушы органның (қаралып отырған субъект орналасқан аумақтың) мамандары, ауыл шаруашылығы бейiнiндегi ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының ғалымдары кiретiн комиссия құрылады.";

      6-тармақтың бiрiншi абзацындағы "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның облыстық аумақтық басқармасына" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтағы "Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның облыстық аумақтық басқармасы" деген сөздер "Жергiлiктi атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақтағы "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы органға" деген сөздермен, "табыс етедi" деген сөздер "жiбередi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10-тармақтағы "мәртебесi" деген сөзден кейiн "жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен" деген сөздермен толықтырылсын;

      11-тармақтағы "өтiнiш берушiге табыс етiлген құжаттарды қарау үшiн белгiленген мерзiмде бас тартудың себептерi көрсетiлiп, жазбаша түрде уәждi жауап қайтарылады" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы орган өтiнiш берушiге табыс етiлген құжаттарды қарау үшiн белгiленген мерзiмде бас тартудың себептерiн көрсете отырып, жазбаша түрде уәждi жауап қайтарады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14-тармақта:
      8) тармақшадағы "лейкоз" деген сөзден кейiн ", лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қой эпидидимитi, хламидиоз, жылқының шағылысу ауруы, эпизоотиялық лимфангит" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 9), 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын:
      "9) асыл тұқымды жануарларды ұстауға, өсiруге, пайдалануға және азықтандыруға байланысты тиiстi зоогигиеналық және ветеринариялық-санитарлық талаптардың сақталуы;
      10) шаруашылық мұқтаждарына арналған аумақтардың, мал шаруашылығы үй-жайларының, сондай-ақ басқа да құрылыстардың зоогигиеналық талаптарға жауап беретiн жағдайларда ұсталуы;
      11) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен асыл тұқымды жануарларға сәйкестендiру жүргiзудiң және оларға ветеринариялық паспорттар ресiмдеудiң қамтамасыз етiлуi.";

      15-тармақта:
      9) тармақшадағы "лейкоз" деген сөзден кейiн ", лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қой эпидидимиті, хламидиоз, жылқының шағылысу ауруы, эпизоотиялық лимфангит" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 10), 11), 12) тармақшалармен толықтырылсын:
      "10) асыл тұқымды жануарларды ұстауға, өсiруге, пайдалануға және азықтандыруға байланысты тиiстi зоогигиеналық және ветеринариялық-санитарлық талаптардың сақталуы;
      11) шаруашылық мұқтаждарына арналған аумақтардың, мал шаруашылығы үй-жайларының, сондай-ақ басқа да құрылыстардың зоогигиеналық талаптарға жауап беретiн жағдайларда ұсталуы;
      12) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен асыл тұқымды жануарларға сәйкестендiру жүргiзудiң және оларға ветеринариялық паспорттар ресiмдеудiң қамтамасыз етiлуi.";

      17-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның облыстық аумақтық басқармасына" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген сөздер "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18-тармақ "жеке және заңды тұлғаға" деген сөздердiң алдынан "жергiлiктi атқарушы орган" деген сөздермен толықтырылсын, "Аттестат", "берiледi" деген сөздер тиiсiнше "Аттестатты", "бередi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23-тармақтағы "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28-тармақтағы "уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29-тармақтағы "Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "Жергiлiктi атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30-тармақтағы "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31-тармақтағы "Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "Жергiлiктi атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы