1. Қоса берiлiп отырған Жауынгерлiк қол атыс қаруының және оған оқ-дәрінің, сондай-ақ суық қарудың айналымы ережесi бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Президентiнің 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын iске асыру жөніндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлерiне, соның iшiнде патент түрiнде лицензияларды беруге өкілеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесінде: 1-тармағының 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Жауынгерлiк қол атыс қаруын және оның оқ-дәріні жасау, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекция жасау, экспонатқа қою". 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 18 қыркүйектегi N 1032 қаулысымен бекiтiлген Жауынгерлік қол атыс қаруының және оған оқ-дәрінің, сондай-ақ суық қарудың айналымы ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже жауынгерлік қаруды өндiрудi, жинауды, қайта жасауды, сатуды (саудалауды), тапсыруды, марапаттауды, сатып алуды, экспонаттауды, есепке алуды, сақтауды, сақтау мен алып жүрудi, тасымалдауды және пайдалануды қоса алғанда, жауынгерлiк қол атыс қаруының және оған оқ-дәрiнің, сондай-ақ суық қарудың (бұдан әрi - жауынгерлiк қару) айналымын ретке келтiредi.
2. Жауынгерлiк қаруға жауынгерлiк және жедел-қызметтік мiндеттердi шешуге арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану құқығы бар субъектілер) (бұдан әрi - жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлер) Қазақстан Республикасы Yкiметiнің нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес қару-жараққа қабылдаған қару жатады.
3. Жауынгерлік қол атыс қаруын және оған оқ-дәріні әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сату (саудалау), сатып алу және экспонаттау заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиялауға жатады.
2. Жауынгерлік қаруды өндiру
4. Жауынгерлiк қаруды өндiруге жауынгерлiк қаруды зерттеу, әзiрлеу, сынап көру, дайындау, көркемдеп жасау, жөндеу, жинау, қайта жасау және жою жатады.
Жауынгерлiк қаруды өндiру мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберiнде жүзеге асырылады.
5. Жауынгерлік қаруды өндiрудi жүзеге асыратын заңды тұлғалар мыналарға мiндеттi:
1) тәжірибелiк үлгiлердi қоспағанда, жауынгерлiк қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлерге жеткiзу үшін, сондай-ақ басқа мемлекеттерге жеткiзу үшiн ғана жауынгерлік қаруды өндiруге. Жауынгерлік қаруды басқа мемлекеттерге жеткiзiп беру экспорттық бақылау туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады;
2) шығарылатын өнiмдi өндiрудiң қауiпсiздiгiн, есепке алуды, сақталуын қамтамасыз етуге және сапасын бақылауды жүзеге асыруға.
6. Дайындалған жауынгерлiк қарудың әрбiр бiрлiгінің жеке нөмiрi болуы тиiс.
7. Жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлердің қару-жарағынан (жабдығынан) алынған, сондай-ақ жарамсыз болып қалған жауынгерлік қару тиiстi актінi ресiмдей отырып есептен шығаруға жатады.
8. Жауынгерлiк қаруды есептен шығару туралы актiнi құрамы жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлердiң нормативтік құқық кесiмдерiне сәйкес айқындалатын ведомствоiшілік комиссия жасайды, содан кейiн жауынгерлiк қаруды сату немесе пайдаға асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi жанындағы Әскери-техникалық комиссияның қарауына енгiзедi.
9. Есептен шығарылған жауынгерлiк қаруды жою (пайдаға асыру) жөнiндегi жұмыстарды жүргiзудi шарттық негiзде, жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлердiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiлік берген заңды тұлғалар жүзеге асырады.
3. Жауынгерлiк қаруды сату, тапсыру
10. Жауынгерлiк қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлер қаруды сатып алуға, сондай-ақ бұл туралы қаруды есепке алу орны бойынша iшкi iстер органдарын алдын ала хабардар ете отырып азаматтық және қызметтiк қаруды сатуға (саудалауға) лицензиясы бар тұлғаларға өздерiнің қару-жарағында тұрған жауынгерлік қаруды сатуына болады. Бұл ретте сатылатын жауынгерлiк қару өзінің негiзгi параметрлерi, сипаттамалары бойынша азаматтық немесе қызметтік қару параметрлерiне сәйкес келуi тиiс.
11. Жауынгерлiк қаруды сату және оны қызметтiк немесе азаматтық қару санатына ауыстыру туралы ұсыныстарды жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлер шешiмдер қабылдау үшін қару-жарақты, әскери техниканы және қос мақсаттағы өнiмдердi сату мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнің ведомствоаралық комиссиясына жiберу үшiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жанындағы Әскери-техникалық комиссияның қарауына ұсынады.
12. Жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және шетелдік заңды тұлғаларға жауынгерлік қаруды сату Қазақстан Республикасындағы жекешелендiру туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
13. Жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлер өздерiнде заңды негiздерде тұрған азаматтық және қызметтік қару мен оларға патрондарды бұл туралы қаруды есепке алу орны бойынша ішкi iстер органдарын алдын ала хабардар ете отырып, азаматтық және қызметтiк қаруды сатуға (саудалауға) лицензиясы бар заңды тұлғаларға сата алады.
14. Жауынгерлiк қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлер Қазақстан Республикасы Yкiметiнің шешiмi негiзінде жауынгерлiк қаруды пайдалану құқығы бар басқа субъектiлерге өздерiнің қару-жарағында тұрған жауынгерлік қаруды берудi жүргiзедi.
Жауынгерлік қаруды беру кезiнде жауынгерлiк қаруды пайдалану құқығы бар субъектілер жауынгерлік қару берiлетiн, жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлердiң нормативтік құқықтық кесiмдерiн басшылыққа алады.
4. Жауынгерлiк қарумен марапаттау тәртiбі
15. Түйдектете оқ ататын және 10 патроннан астам оқсалғышы (барабаны)
барларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салынғандарды қоспағанда, жауынгерлік қарумен марапаттау Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының, шет мемлекеттер басшыларының, шет мемлекеттер Үкiметтерi басшылары мен мүшелерiнің марапаттау құжаттарының негiзiнде жүзеге асырылады. 16. Марапаттау қаруының иесi қайтыс болған жағдайда көрсетiлген қару ішкі iстер органдарына тапсырылады. 17. Марапаттау қаруы жауынгерлiк қаруды ішкі iстер органдары тиiсiнше қайта тіркегеннен және қайта жасағаннан кейiн сақтау үшін мұражайларға берілуi мүмкiн. 5. Жауынгерлiк қаруды сатып алу тәртiбi 18. Жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектілердiң жауынгерлік қаруды өндiруге және сатуға лицензиясы бар заңды тұлғалардан жауынгерлік қаруды сатып алуға құқығы бар. 19. Жауынгерлiк қаруды пайдалану құқығы бар субъектілердің жауынгерлік қаруды сатып алуы мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамада белгiленген тәртіппен жүзеге асырылады. 6. Жауынгерлік қаруды экспонаттау тәртiбi 20. Жауынгерлiк қаруды экспонаттау азаматтық, қызметтік қарулар мен оларға патрондардың айналымы үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 7. Жауынгерлік қаруды есепке алу, сақтау, сақтау және алып жүру 21. Жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектілер жауынгерлік қарудың есебін жүргізуге мiндеттi. 22. Жауынгерлiк қаруды есепке алу жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлердің бiрiншi басшылары белгiлейтiн тәртіппен жүзеге асырылады.
23. Жауынгерлік қаруды сақтау тек осы мақсаттар үшiн арнайы жабдықталған, күзет және өрт қауiпсiздiгi техникалық құралдарымен жарақтандырылған және қызметтiк қару мен оларға патрондардың айналымы үшін көзделген сақтау талаптарына жауап беретін үй-жайларда (қоймаларда) жүзеге асырылады.
24. Жауынгерлік қаруды сақтау, алу, сақтау және алып жүру тәртiбiн
жауынгерлiк қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлер айқындайды. 25. Сақтау мен алып жүруге рұқсатты жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлердiң бiрiншi басшылары бередi. Жауынгерлiк қаруды сақтау мен алып жүруге, сондай-ақ пайдалануға тек жауынгерлiк немесе жедел-қызметтiк міндеттердi шешу үшін рұқсат етiледi. Жауынгерлiк қаруды өзге мақсаттар үшiн сақтау мен алып жүруге, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынады. 8. Жауынгерлiк қаруды тасымалдау 26. Жауынгерлік қаруды тасымалдау тәртiбін жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлер белгілейдi. 27. Жауынгерлiк қаруды барлық көлiк түрлерiмен тасымалдаудың міндетті шарттары мыналар болып табылады: тиеу сәтінен бастап тағайындалған пунктке жеткiзгенге дейiн қарулы күзет; тиеу-түсiру жұмыстары пунктін және тасымалдау құралдарын өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз ету және өрт сөндiру есептемесін уақытылы тағайындау. 28. Жауынгерлiк қару тасымалдау кезінде оқталмаған жағдайда және оқ-дәрілерден бөлек болуы тиiс. 29. Жауынгерлік қару арнайы ыдысқа оралып салынуы қажет, оған мөр соғылады немесе пломбы салынады. 9. Жауынгерлік қаруды экспорттау мен импорттау 30. Жауынгерлік қаруды экспорттау мен импорттау Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1919 P991919_ қаулысымен бекiтiлген Экспорттық бақылауды жүзеге асырудың ережесiне және Қазақстан Республикасына әкелінетін экспорттық бақылауға жататын өнімді пайдалану жөніндегі міндеттемелердi ресiмдеу мен олардың атқарылуын тексерудің ережесiне сәйкес жүзеге асырылады. 10. Жауынгерлік қарудың айналымын бақылау 31. Жауынгерлік қарудың айналымын мемлекеттік бақылауды өздерінің құзыреті шегінде жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектілер жүзеге асырады. Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.