Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 және 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 16 қыркүйек N 1010

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетілдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгізiлсiн:
      1) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегі агенттігі" бөлiмi мен реттiк нөмiрi 227-жол алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегі агенттігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы N 15 қарашадағы N 1713 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 494-құжат):
      атауындағы және мәтіндегi "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнесті қолдау жөнiндегi агенттігі", "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің" және "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттігіне" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi агенттігі", "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігінің" және "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзыретін нақтылау жөнiндегi шаралар туралы" "Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 Жарлығына  сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармақтың 2) тармақшасы мен 6-тармақ алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi туралы ережеде:
      атауындағы және мәтiндегi "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестіктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегi агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "бизнесті (кәсiпкерлiктi)," деген сөздер алынып тасталсын;
      6-тармақтың екінші абзацындағы "Абай даңғылы, 92" деген сөздер "Әуезов көшесi, 36" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақ 7) тармақшасындағы "(шағын) кәсiпкерліктi қолдауға," деген сөздер алынып тасталсын;
      10-тармақта:
      5), 6), 11), 12), 13), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28) тармақшалар алынып тасталсын;
      10) тармақшадағы "заңдар мен шағын бизнесті (кәсіпкерлiктi) қорғау саласындағы" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "29-1) мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердiң ақылы қызметтер көрсетуi тәртiбiн бекiту;";
      18-тармақтың бiрінші абзацындағы "бұйрықтар" деген сөз "қаулылар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      20-тармақтағы "табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестіктi қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегi департаменттері" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөнiндегi агенттігінің департаменттерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға қосымшада "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестіктi қорғау және шағын бизнесті қолдау жөнiндегi агенттiгінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөнiндегi агенттігінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі