РҚАО-ның ескертпесі!
Тақырыбын жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 751 (2012.01.22 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 751 (2012.01.22 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. "Барыс" күзетшiлердi даярлау жөнiндегi оқу орталығы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк жеке күзетшiлердi, жеке күзет ұйымында, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлiмшелерiнде, мемлекеттiк органдардың ведомстволық күзет бөлiмшелерiнде күзетшi лауазымындағы қызметкерлердi даярлау және қайта даярлауды (арнайы оқыту курсы) жүзеге асыру жөнiндегi мамандандырылған оқу орталықтарының бiрi ретiнде белгіленсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі