Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 4 қыркүйек N 974.

Жаңартылған

      Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін өтiнiштерiн қарау жөнiндегi жұмысты жақсарту әрi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың халықтың көкейтестi проблемаларын шешудегi жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      Ескерту. Тақырыпқа және кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.14. N 382 қаулысымен.

      1. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды апта сайын "Әкiмшілік рәсiмдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында , "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерде белгіленген тәртiппен көрсетілген органдардың басшылары тоқсан сайын бекiтетiн бұл органдардың үй-жайларындағы кестелерге сәйкес жүргiзiледi деп белгiленсiн.

      Көрсетiлген кестелер орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың үй-жайларында олармен танысу үшiн азаматтардың еркін қол жеткiзуi қамтамасыз етілетiн орындарда ілiнiп қойылады.

      Орталық және жергілiктi атқарушы органдар басшыларының қабылдауына алдын ала жазуды және қабылдау ұйымдастыруды өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен есепке алуды жүргiзетiн бұл органдардың өкiлеттi қызметкерлерi жүзеге асырады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.14. N 382 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының басшылары, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдерi:

      1) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау және оларды қабылдауға алдын ала жазу үшiн қажеттi жағдай жасасын, соның iшiнде 2002 жылғы 1 қазанға дейiн қабылдауға алдын ала жазуды жүргiзуге өкiлеттi қызметкерлердi белгiлесiн әрi олардың өткiзілуiн қамтамасыз етсiн, олардың байланыс телефондарын Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияласын;

      2) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау заңнамада белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қаралуын қамтамасыз етсiн;

      3) кезектi тоқсан басталғанға дейiн 15 күн бұрын Премьер-Министрдiң Кеңсесiне назарға алу үшiн айына кемiнде бiр рет бiрiншi басшылардың жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау, айдың басқа апталарында олардың орынбасарлары қабылдауын көздейтiн 2-қосымшаға сәйкес нысандағы жеке және (немесе) заңды тұлғалар өтініштерінің" және"жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдаудың тоқсандық кестелерiн ұсынсын;

      4) есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне белгiленген нысанда қорытылған деректерi қоса берiлген орталық және жергiлiктi атқарушы органдар бiрiншi басшылары мен олардың орынбасарларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау нәтижелерi туралы ақпаратты 3-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынсын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.14. N 382 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi мен Премьер-Министрi Кеңсесiнiң жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау бөлмесiнде Аймақтық даму бөлiмiнiң бас инспекторлары аптасына бiр рет Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы тоқсан сайын бекiтетiн кестелерге сәйкес аптасына бір рет жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау жүргiзедi деп белгiленсiн.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, оның орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесi Басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау олардың көмекшiлерiмен алдын ала келiсiледi және олар белгiлеген күн мен сағатта жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.14. N 382 қаулысымен.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн.

      5. "Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарында азаматтарды қабылдаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 қаңтардағы N 58 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 14, 2-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулы 2002 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшiне енетiн 2-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, 2002 жылғы 1 қазаннан бастап күшiне енедi және жариялануы тиiс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 4 қыркүйектегi
N 974 қаулысына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.05.14. N 382 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 4 қыркүйектегi
N 974 қаулысына
2-қосымша

      2002 жылғы ___ тоқсандағы Қазақстан Республикасы орталық

      және жергілікті атқарушы органдар басшыларының азаматтарды

      қабылдау

      Кестесі



Орталық !Азаматтарды!Азаматтарды!Азаматтарды!Мемлекеттік !Байланыс

атқарушы!қабылдауды !қабылдауды !қабылдау !органдардың !телефоны

органның!жүргізген !жүргізген !күні мен !орналасқан !

атауы !адамның !адамның !уақыты !жері !

!Т.Ә.Ж. !Т.Ә.Ж., ! ! !

! !лауазымы ! ! !

-------------------------------------------------------------------

-------------------------------------------------------------------

-------------------------------------------------------------------

-------------------------------------------------------------------

-------------------------------------------------------------------

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 4 қыркүйектегi
N 974 қаулысына
3-қосымша

      Басшылардың азаматтарды қабылдауы

      нәтижесі туралы _______________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      Деректер

      200_ жылғы ___ тоқсандағы

Азаматтарды!Азаматтарды!Қабылдан.! қабылданғандардың ішінен:

қабылдауды !қабылдауды !ған адам.!----------------------------------------

жүргізген !жүргізген !дардың !Мәселе!Өтініші !Мемлекеттік!Түсін.!Басқа

адамның !адамның !саны !оң ше.!қанағат.!органның !дірме !ұйым.

Т.Ә.Ж. !лауазымы ! !шілді !танды. !бөлімшесіне!беріл.!дарға

! ! ! !рылмады !жіберілді !ді !жібе.

! ! ! ! ! ! !рілді

--------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------

Жиыны

--------------------------------------------------------------------------