Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Автомобиль жолдары комитетінiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 19 тамыз N 916. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N 1232 қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігiнің Автомобиль жолдары комитетi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 506-құжат):
      3-тармақтың екiншi абзацы "Автомобиль жолдары" деген сөздерден кейiн "және инфрақұрылымдық кешен құрылысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Көлiк және кoммуникациялар министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақтың екiншi абзацы "Автомобиль жолдары" деген сөздерден кейiн "және инфрақұрылымдық кешен құрылысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Автомобиль жолдары комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 151  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 63-құжат):
      тақырыбында және 1-тармағында "Автомобиль жолдары" деген сөздерден кейiн "және инфрақұрылымдық кешен құрылысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары комитетi туралы ережеде:
      тақырыбында "Автомобиль жолдары" деген сөздерден кейiн "және
инфрақұрылымдық кешен құрылысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақтың бiріншi абзацында:
      "Автомобиль жолдары" деген сөздерден кейiн "және инфрақұрылымдық кешен құрылысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      "автожолдар ceкторында" деген сөздерден кейiн "және көлiктiк,
ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымының құрылысы саласында" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақ "Автомобиль жолдары" деген сөздерден кейiн "және
инфрақұрылымдық кешен құрылысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақта:
      1) тармақша ", сондай-ақ көліктік, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымы құрылысының бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша "қызмет көрсету" деген сөздерден кейiн "және көлiктік, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымының құрылысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      11-тармақта:
      3) тармақша "жол шаруашылығы" деген сөздерден кейiн "және көлiктік, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымының құрылысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын;
      "6-1) көліктiк, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымының мәселелері жөнiндегi мемлекеттік саясатты iске асыруға қатысады;";
      10) тармақша "жол секторын" деген сөздерден кейiн "және көлiктік ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымын" деген сөздермен толықтырылсын;
      12-тармақтың 2) тармақшасы "автомобиль жолдарын" деген сөздерден кейiн "және көлiктік, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымын" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі