Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 1438 және 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 1441 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 15 тамыз N 905

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) (күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.07.20. N 1102 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен;
      2) "Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң қаржылық, материалдық және валюталық түсiмдердi пайдалануының тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi N 1441 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 48, 443-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітiлген Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң қаржылық, материалдық және валюталық түсiмдердi пайдалануының тәртiбiнде:
      2-тармақтағы:
      бiрiншi абзацта "(жалпы орта және бастауыш кәсiптiк білім ұйымдарының)" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) тармақшадағы "oқy-тәжiрибе учаскесiндегi жұмыс үшiн мүкәммал" деген сөздер "мүкәммал, оның iшiнде оқу-тәжiрибе учаскесiндегi жұмыс үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы "оқушыларды", "оқушылардың" деген сөздер "бiлiм алушыларды", "бiлiм алушылардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) тармақша "мектептi" деген сөзден кейiн ", оқу корпустарын және жатақханаларды" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтың 1) тармақшасындағы "бастауыш кәсiби бiлiм беру мемлекеттiк" деген сөздер "кәсiптiк бастауыш және жоғары мемлекеттiк бiлiм" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі