Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 1438 және 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 1441 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 15 тамыз N 905

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетуiнiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi N 1438 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 47, 440-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттік бiлiм мекемелерiнiң ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетуiнiң тәртiбiнде:
      2-тармақтың 9) тармақшасындағы:
      "оқушылардың", "оқушылардан" деген сөздер "бiлiм алушылардың", "бiлiм алушылардан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-1. Кәсiптiк бастауыш мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң ақылы бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге кәсiптiк бастауыш бiлiмдi мамандарды қайта даярлау жөнiндегi қызметтер көрсету де жатады.
      2-2. Кәсiптiк жоғары мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң ақылы бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге мыналар да жатады:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң, Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң жоғары оқу орындары көрсететiн қызметтердi қоспағанда, кәсiптiк жоғары бiлiмдi мамандарды даярлау жөнiндегi қызметтер көрсету;
      2) мәдениет және өнер саласындағы жоғары оқу орындары мен колледждер оқытушыларының бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтер көрсету.";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Ақылы бiлiм беру қызметтерiн көрсету мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы шеңберiнде қаржыландырылатын негiзгi бiлiм беру қызметiнiң орнына көрсетiле алмайды.";
      5-тармақтағы:
      "оқушыларға", "оқушының" деген сөздер "бiлiм алушыларға", "бiлiм алушының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзацтағы "Мемлекеттiк бiлiм беру мекемесi мен ата-ананың немесе оқушының және (немесе) тәрбиеленушiнiң өзге де заңды өкiлдерiнiң арасында" деген сөздер "Ақылы бiлiм беру қызметтерiн көрсету мәселелерi бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Осы Тәртiптiң 2-1 және 2-2-тармақтарында көрсетiлген ақылы бiлiм беру қызметтерiн көрсету бiлiм алушыларға бастауыш және жоғары кәсiптiк мемлекеттiк бiлiм мекемелерi мен кәмелетке толған азаматтар арасында жасалатын шарт негiзiнде де ұсынылады.";
      6-тармақтағы:
      "Оқушының", "оқушыны" деген сөздер "Бiлiм алушының", "білім алушыны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Бұл ереже кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк жоғары мемлекеттiк бiлiм мекемелерi ұсынатын осы Тәртiптiң 2-1 және 2-2-тармақтарында көрсетілген қызметтер көрсетуге қолданылмайды.";
      7-тармақ "кассалық кірiс ордерлерiнiң" деген сөздердiң алдынан "тiркеу жады бар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолдана отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) "Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң қаржылық, материалдық және валюталық түсiмдердi пайдалануының тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi N 1441 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 48, 443-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітiлген Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң қаржылық, материалдық және валюталық түсiмдердi пайдалануының тәртiбiнде:
      2-тармақтағы:
      бiрiншi абзацта "(жалпы орта және бастауыш кәсiптiк білім ұйымдарының)" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) тармақшадағы "oқy-тәжiрибе учаскесiндегi жұмыс үшiн мүкәммал" деген сөздер "мүкәммал, оның iшiнде оқу-тәжiрибе учаскесiндегi жұмыс үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы "оқушыларды", "оқушылардың" деген сөздер "бiлiм алушыларды", "бiлiм алушылардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) тармақша "мектептi" деген сөзден кейiн ", оқу корпустарын және жатақханаларды" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтың 1) тармақшасындағы "бастауыш кәсiби бiлiм беру мемлекеттiк" деген сөздер "кәсiптiк бастауыш және жоғары мемлекеттiк бiлiм" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі