Қазақстан Республикасының флагмандық әуе тасымалдаушысын анықтау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің қаулысы. 2002 жылғы 14 тамыз N 896. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 1398 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 25.12.2013 № 1398 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының флагмандық әуе тасымалдаушысын анықтау ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің     
2002 жылғы 14 тамыздағы
N 896 қаулысымен  
бекiтiлген   

Қазақстан Республикасының флагмандық әуе
тасымалдаушысын анықтау
ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының флагмандық әуе тасымалдаушысын анықтау ережесi (бұдан әрi - Ереже) флагмандық тасымалдаушыны анықтаудың құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн белгілейдi.

2. Конкурстық комиссия құру және конкурс
ұйымдастыру тәртiбi

      2. Конкурс жолаушылар үшiн жоғары деңгейлi сервиспен тасымалдаудың қауiпсiз жағдайын қамтамасыз ететiн әуе тасымалдаушысын анықтау мақсатында өткiзіледi.

      3. Флагмандық әуе тасымалдаушысын анықтау үшiн конкурс өткiзудiң бастамашысы (ұйымдастырушысы) азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттi орган болады.

      4. Конкурсты өткiзудi қамтамасыз ету және жеңiмпазды анықтау үшiн конкурстық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылады, оның құрамын уәкiлеттi орган анықтайды. Конкурстық комиссияның құрамына өзге де мүдделi мемлекеттік органдардың өкiлдерi кiруi мүмкiн.

      5. Конкурстық комиссияның құрамына өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіруі мүмкін.

      6. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң саны тақ болуы және кемiнде бес адамды құрауы тиiс.

      7. Комиссия қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын қабылдайды және қарайды, конкурсты өткiзедi және жеңiмпаздарды анықтайды.

      8. Уәкiлеттi орган конкурс өткiзу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн конкурсқа ықтимал қатысушыларды жазбаша хабардар ету жолымен немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы конкурс өткiзгенге дейiн 30 күннен кешiктiрмей, конкурстың негiзгi шарттарын және оның өткізілу мерзiмiн жариялайды.

      9. Комиссия ықтимал қатысушылар үшiн негізгi және қосымша шарттарды қамтитын конкурстық құжаттама пакетiн дайындайды.

      10. Комиссия конкурстың өткізілетін мерзiмi мен орнын жариялағаннан кейiн конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрушілер уәкілетті органның атына қажеттi құжаттардың қосымшасымен өтінімдi бepyгe тиiс.

      11. Конкурсқа қатысуға осы Ережеге сәйкес өтінімді және басқа да қажеттi құжаттарды уақытылы берген, тағайындалған тасымалдаушылар болып табылатын әуе тасымалдаушылары жiберiледi.

      12. Конкурсқа қатысу үшiн комиссияның атына мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) конкурсқа қатысуға арналған белгiленген нысандағы өтiнiштi (қосымшаны);
      2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшiрмесiн;
      3) азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатының көшiрмесiн;
      4) әуе көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға арналған лицензияның көшiрмесiн;
      5) мiндеттi сақтандыру шарттары жасалғанын растайтын сақтандыру полистерiнiң көшiрмесiн;
      6) авиа бағыттарға арналған куәлiктiң көшiрмесiн;
      7) әуе кемелерінің паркі туралы мәлiметтер (олардың түрлерi, саны, борттық тiркеу нөмiрлерi, олардың техникалық жай-күйi бойынша деректер, әуе кемелерінiң ұшу жарамдылығын қолдау жөнінде жүргiзiлетiн іс-шаралар);
      8) авиа тасымалдарды броньдау және сатудың автоматтандырылған жүйесiнде ресурстарды орналастыру туралы келiсiмнің көшiрмесiн;
      9) халықаралық бағыттар үшiн Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымында (ИКАО) және Әуе көлігiнің халықаралық қауымдастығында (ИАТА) авиакомпанияның тiркелгенi туралы куәлiктердің көшiрмелерiн;
      10) қатаң есептілік бланкілерінің үлгiлерiн;
      11) салық мiндеттемелерiн орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйi туралы дербес шоттың көшiрмесiн;
      12) халықаралық тұрақты ұшуларды орындаудың және жекелеген де, түйiсетiн де авиа бағыттарды дамытудың қысқа мерзiмдi (бір жылға арналған) және ұзақ мерзiмдi (үш жылға арналған) бизнес-жоспарларын;
      13) азаматтық әуе кемесінің тiркелгенi туралы куәлiктің көшірмесін.

      13. Конкурсқа қатысу үшiн талап етiлетiн құжаттар мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде бiр данада берiледi.

      14. 9-тармақтың 10)-13) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар "конкурста ғана ашылсын" деген белгiсi бар жеке жабылған пакетте берiледi.

      15. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау конкурс өткiзiлетiн күннен бiр күн бұрын аяқталады.

      16. Барлық қажеттi құжаттарды бермегендiгi немесе бiлiктiлiк талаптарына сәйкессiздiгi үшiн өтiнiштерi қайтарылған өтiнiм берушiлердi комиссия бұл туралы себебiн көрсете отырып, конкурстық комиссия мәжiлiсi басталған күннен бастап бес күн мерзімде жазбаша хабардар етедi.

3. Конкурсты өткiзу және флагмандық тасымалдаушыны
анықтау тәртiбi

      17. Құжаттардың пакетiн қарау әрбiр комиссия мүшесiнiң қатысушыларды 10-балдық жүйе бойынша бағалауы жолымен комиссия белгiлеген конкурс өткiзу мерзiмi iшiнде жүзеге асырылады.
      Конкурстық комиссияның әрбiр мүшесi уәкiлеттi орган белгілеген бағалау парағы нысанын толтырады және Комиссия төрағасына бередi.
      Конкурстық ұсыныстарды бағалау нысандарының негiзiнде комиссия мүшелерi қатысушының қорытынды балдарын жинақтайды және комиссия хатшысы хаттамада тiркейтiн әрбiр қатысушы бойынша жалпы жинақталған балды айқындайды. Хаттамаға заң күшi бiрдей екi данада комиссия мүшелерi қол қояды.

      18. Ұсынылған құжаттардың негiзiнде конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша жолаушыларға жоғары сапалы қызмет көрсететiнi, ұшу қауiпсiздiгiн және авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiнi ескерiлiп, белгілi бiр авиа бағыттарда тұрақты және тұрақты емес ұшулардың орындалуын қамтамасыз ете алатын әуе тасымалдаушысы конкурсты жеңген болып танылады.

      19. Комиссия мәжiлісінің соңғы күнi комиссия мүшелерінің және конкурсқа қатысушылардың қатысуымен комиссия төрағасы ең жоғары балл санын жинап алған қатысушы-жеңiмпазды атайды. Балдары тең болған жағдайда жеңiмпаз ашық дауыс берумен анықталады. Егер оған Комиссия мүшелерiнің жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, шешiм қабылданған болып есептеледi.

      20. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкілеттi орган заңнамада белгiленген тәртiппен флагмандық тасымалдаушыны анықтау туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнің жобасын әзiрлеудi және келiсудi қамтамасыз етедi.

      21. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттi орган өткiзiлген конкурстың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне Комиссия мәжiлiсi хаттамасының түпнұсқасын қосымшасымен ұсынымды, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің тиiстi нормативтiк құқықтық кесімінің жобасын енгiзедi.

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнің          
2002 жылғы 14 тамыздағы   
N 896 қаулысымен      
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасының  
флагмандық әуе тасымалдаушысын
анықтау ережесiне     
қосымша          

ӨТIHIШ

      Флагмандық тасымалдаушы мәртебесi құқығын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін жiберуіңiздi өтiнемiн.

Ұйым туралы мәлiметтер:

1. Меншік нысаны ______________________________________________
2. Құрылған жылы ______________________________________________
3. Заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiк
_______________________________________________________________
            (нөмiрi, кiм және қашан берiлген)

4. Банктiк деректемелер _______________________________________
_______________________________________________________________
(есеп шот .N, коршоттар, МФО, банктiң атауы мен орналасқан жерi)

5. Заңды мекен-жайы және басқа да деректемелер ________________
_______________________________________________________________
(почталық мекен-жайы, телефон, телефакс, телекс, телетайп,
_______________________________________________________________
телеграфтық және телефондық шартты шақыру белгiлерi, ИКАО, ИАТА,
СИТА, АФТН кодтары)

6. ____________________________________________________________
         (кәсіпорынның бiрiншi басшысының тегi, аты-жөнi)

7. Қоса беріліп отырған құжаттар ______________________________

Кәсіпорын басшысы: тегi, аты-жөнi, қолы, күнi.
200___ ж. "__" ______________ өтiнiш қарауға қабылданды.