Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiнiң қажеттерi үшiн мемлекеттiк қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, қаржыландыру және орындау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 6 тамыз N 881

Жаңартылған

      "Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiнiң қажеттерi үшiн мемлекеттiк қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, қаржыландыру және орындау ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне жүктелсiн. <*>
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.05. N 1235 қаулысымен .

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Үкiметінiң            
2002 жылғы 6 тамыздағы     
N 881 қаулысымен        
бекiтілген          

Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiнiң қажеттерi үшiн мемлекеттiк қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, қаржыландыру және орындау
ережесi

1. Жалпы ережелер

      Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiнiң қажеттерi үшiн мемлекеттiк қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, қаржыландыру және орындау ережесi (бұдан әрi - Ереже) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты (бұдан әрi - қорғаныстық тапсырыс) қалыптастыру, қаржыландыру, орналастыру және орындау рәсiмдерiн, сондай-ақ мемлекеттiк уәкілеттi орган , мемлекеттiк тапсырыс берушiлер мен мемлекеттiк қорғаныстық тапсырысты орындаушылар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейдi.

2. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын және мiндеттемелерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасында қару-жарақ пен әскери техниканы дамыту бағдарламалары, осы мақсаттарға белгіленген шығындар шегiнде қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы әрi екiұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарларды және технологияларды өндiруге, беруге, сатып алуға тапсырыс орналастыру мiндеттемелерi қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру үшiн негiз болады.
      Мемлекеттiк тапсырыс берушiлер ағымдағы жылдың 20 мамырынан кешiктiрмей уәкiлеттi органға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбiр келесi жылға алдын ала өтiнiмдер ұсынады, бұл ретте алдын ала өтiнiмдер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілмейді.
      Уәкiлеттi орган мемлекеттiк тапсырыс берушiлердiң алдын ала өтiнiмдерi негiзiнде келесi жылға қорғаныстық тапсырыс жобасын қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет комиссиясына енгiзедi.
      Мемлекеттiк тапсырыс берушiлер (әрқайсысы жеке) Қазақстан Республикасы Республикалық бюджет комиссиясының мәжiлiсiнде қорғаныстық тапсырыс номенклатурасын қорғайды.
      Тиiстi жылға арналған республикалық бюджет бекiтiлгеннен кейiн бiр ай мерзiмде мемлекеттiк тапсырыс берушiлер қорғаныстық тапсырысқа енгiзу үшiн нақтыланған өтiнiмдердi 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкiлеттi органға ұсынады.
      Өтiнiмдер Қазақстан Республикасы бюджетiнiң шығындарын экономикалық сыныптау бағдарламалары, кiшi бағдарламалары және ерекшелiктерi бөлiгiнде әрi онда осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде ұсынылады.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмi қабылданған кезден екi айдан аспайтын мерзiмде Қазақстан Республикасы бюджетiнiң шығындарын экономикалық сыныптау бағдарламалары, кішi бағдарламалары және ерекшелiктерi бөлiгiнде уәкiлеттi органның 2-қосымшаға сәйкес ұсынуы бойынша қорғаныстық тапсырысты бекiтедi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi тиiстi жылға арналған қорғаныстық тапсырысты бекiткеннен кейiн уәкiлеттi орган оның тапсырмаларын тиiстi мемлекеттік тапсырыс берушiлерге және орындаушыларға жеткiзедi.

3. Қорғаныстық тапсырысты орындау

      Мемлекеттiк тапсырыс берушiлер қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды анықтау мақсатында "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тапсырмаларды орналастыруға конкурстар өткiзедi, орындаушылармен шарттар жасасады, орындалуын бақылауды жүзеге асырады және мемлекеттiк тапсырыс берушiлер үшiн көзделген басқа да функцияларды iске асырады.
      Отандық тауар өндiрушi - қорғаныс тапсырысын орындаушылар конкурс өткiзу кезiнде заңнамада белгiленген тәртiппен басымдыққа ие болады.
      Қазақстан Республикасының қорғаныс, құқық тәртiбi және ұлттық қауiпсiздiгi мұқтаждарын қамтамасыз ету үшiн қажеттi қару-жараққа, әскери техникаға, арнайы әрi екiұдай қолданылатын (мақсаттағы) өнiмге және басқа да өнiмге (жұмыстарға, қызметтерге) тапсырмаларды орналастыру кезiнде Қазақстан Республикасының құпиялық тәртiбiн сақтау, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетi кепiлдiктерi талап етiлсе, мемлекеттiк тапсырыс берушi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 және 21-баптарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қарашадағы N 1663 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбi туралы нұсқаулыққа сәйкес мемлекеттiк сатып алуды жабық конкурс немесе осы өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) өндiру және (немесе) беру мүмкiндiгi бар қорғаныс өнеркәсiбi ұйымдарынан бiр көзден сатып алу тәсiлдерiмен жүзеге асыруы мүмкiн. P071301
      Қорғаныстық тапсырыс өнiмiн орындау заңнамамен белгiленген тәртiпте шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.
      Қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт бойынша берiлетiн өнiмнiң сапасы нормативтiк және техникалық құжаттама талаптарына, шарт ережелерiне сәйкес болуға тиiс және оны мемлекеттiк тапсырыс берушiлер, соның iшiнде олардың өкiлдiктерi бақылайды.

4. Қорытынды ережелер

      "Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкiлеттi орган қорғаныстық тапсырысты орындау жөнiндегi жұмыстарды салааралық үйлестiрудi және олардың ұйымдастырылуын бақылауды жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк тапсырыс берушiлер жыл сайын, 25 наурыздан кешiктiрмей, уәкiлеттi органға қорғаныстық тапсырмалардың орындалуы туралы Қаржы министрлiгiмен келiсiлген жылдық есептердi ұсынады.
      Уәкiлеттi орган жыл сайын, 15 сәуiрден кешiктiрмей, Қазақстан Республикасының Үкіметiне тұтас алғанда қорғаныстық тапсырыстың iске асырылуы туралы жылдық есептi ұсынады.

1-қосымша     
Өте құпия     
(толтыру бойынша)

Келiсiлдi                                          Бекiтiлдi
Қазақстан                                          ______________
Республикасының                                    Мемтапсырыс
Қаржы министрлiгi                                  берушiнiң
______________                                     Лауазымы аты-жөнi
Лауазымы, аты-жөнi

                  _____________________________________
                     (мемтапсырыс берушiнiң атауы)
                  ______________________________________
                      (қорғаныстық тапсырыс өнiмі)

                        200 __ жылға арналған
                             ӨТІНІМІ
___________________________________________________________________
Р/с      Қорғаныстық        Өлшем      Саны     Болжамды       Орын.
N      тапсырыс өнiмi     бiрлiгi                құны,        далу
                                                мың теңге   мерзімі
___________________________________________________________________
1           2                3         4           5           6
___________________________________________________________________
1                               Бөлім
               Қорғаныс пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн
                       өнiмдер өндiру және (немесе) беру
___________________________________________________________________
1.1    Қару-жарақ пен әскери техника өндiру және (немесе) беру
1.1.1  Зымыран-артиллериялық қару
1.1.2  Байланыс құралы
1.1.3  Әскери-техникалық мүлiк
1.1.4  Әскери-химиялық мүлiк
1.1.5  Әскери-Теңiз Күштері қару-жарағы мен техникасы
1.1.6  Арнайы әрi екiұдай мақсаттағы техникалық құралдар
1.1.7  және басқалары
           ЖИЫНЫ
___________________________________________________________________
2                               Бөлiм
          Қорғаныс пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге арналған
        өнiмдердi жасау, жетiлдiру жөнiндегi ғылыми-зерттеу және
                  тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар
___________________________________________________________________
2.1
           ЖИЫНЫ
___________________________________________________________________
3                               Бөлiм
        Қорғаныс пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге арналған жаңа
            технологияларды игеру және өнiмдердi жаппай шығару
                         өндiрiсiн дайындау
___________________________________________________________________
3.1
           ЖИЫНЫ
___________________________________________________________________
4                               Бөлiм
            Қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге арналған өнiмдердi
                        жөндеу және жетiлдiру
___________________________________________________________________
4.1    Қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу
4.1.1  Сауытты техниканы жөндеу
4.1.2  Авиатехниканы жөндеу
4.1.3
           ЖИЫНЫ
___________________________________________________________________
5                               Бөлiм
         Пайдаланудан шығарылған қару-жарақты, оқ-дәрiнi, әскери
             техниканы және басқа да материалдық құралдарды
               кәдеге жарату, дезактивизациялау және жою
___________________________________________________________________
5.1
           ЖИЫНЫ
___________________________________________________________________
6                               Бөлiм
         Қорғаныс пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн объектiлердi
              салу, қайта құру және техникамен қайта жарақтандыру
___________________________________________________________________
6.1
           ЖИЫНЫ
___________________________________________________________________
7                               Бөлiм
            Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына
                 сәйкес Қазақстан Республикасының басқа
             мемлекеттермен әскери-техникалық ынтымақтастық
                       саласындағы жұмыстары
___________________________________________________________________
7.1    Ресей Федерациясымен
7.2    Украинамен
7.3
           ЖИЫНЫ
___________________________________________________________________
8                               Бөлiм
            Жұмылдыру дайындығы бойынша тауарлар, жұмыстар
___________________________________________________________________
8.1
           ЖИЫНЫ
___________________________________________________________________
9                               Бөлiм
               Заттай мүлiктердi және әскери мүлiктердi,
                    азық-түлiк тауарларын өндiру
___________________________________________________________________
9.1    Заттай мүлік
9.1.1  Әскери киім
9.2    Азық-түлік тауарлары
9.2.1  Ет және ет өнiмдері
9.3    Өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiм
9.3.1  Жиhаз
9.3.2  Ас үй жабдығы
           ЖИЫНЫ
___________________________________________________________________
10                              Бөлiм
          Қорғаныс пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге байланысты
                    басқа да жұмыстар мен қызметтер
___________________________________________________________________
10.1   Отын-энергетика кешенi және жанар-жағар материалдар өнiмi
10.2   Медициналық жабдық пен медициналық препараттар
10.3   Ветеринарлық жабдық және ветеринарлық препараттар
10.4
           ЖИЫНЫ
___________________________________________________________________
          БАРЛЫҒЫ
___________________________________________________________________

     Қазақстан Республикасының                  Мемтапсырыс берушi
        Қаржы министрлiгi
     _______________________                  ______________________
      лауазымы, аты-жөнi                        лауазымы, аты-жөнi

2-қосымша     
Өте құпия     
(толтыру бойынша) 

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң       
2002 жылғы "___" ______   
N___ қаулысымен      
бекiтiлдi       

Қазақстан Республикасының 200__ жылға арналған мемлекеттік қорғаныстық тапсырысы

___________________________________________________________________
Р/с    Қорғаныстық      Өлшем     Саны    Болжамды     Орын.  Орын.
N     тапсырыс өнiмi   бiрлiгi             құны,      далу  даушы
                                          мың теңге    мерзімі
___________________________________________________________________
1           2              3        4         5          6      7
___________________________________________________________________
                          _____________________
                       (Мемлекеттiк тапсырыс берушi)
___________________________________________________________________
1                               Бөлiм
             Қорғаныс пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн
                    өнiмдер өндіру және (немесе) беру
___________________________________________________________________
1.1    Қару-жарақ пен әскери техника өндiру және (немесе) беру
1.1.1  Зымыран-артиллериялық қару
1.1.2  Байланыс құралы
1.1.3  Әскери-техникалық мүлiк
1.1.4  Әскери-химиялық мүлiк
1.1.5  Әскери-Теңiз Күштері қару-жарағы мен техникасы
1.1.6  Арнайы әрi екiұдай мақсаттағы техникалық құралдар
1.1.7  және басқалары
           ЖИЫНЫ
____________________________________________________________________