1. "Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келiсiм бойынша Мемлекеттiк кiрiс министрлігі белгiлеген тәртіппен төленетiн "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде пайдаланылатын импортталған тауарлардың, сондай-ақ импортталған жабдықтардың, шикiзаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердiң, дәрi-дәрмектердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 сәуiрдегі N 558 P970558_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 16, 131-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келiсiм бойынша Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі белгiлеген тәртіппен төленетiн "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде пайдаланылатын импортталған тауарлардың, сондай-ақ импортталған жабдықтардың, шикiзаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердiң, дәрi-дәрмектердiң тiзбесiнде: реттік нөмiрi 212-3-жол алынып тасталсын; реттiк нөмiрi 212-6-жол мынадай редакцияда жазылсын: "212-6 Кадмий-никельдi күш аккумуляторлары; 8507 30 930, басқалары 8507 30 980". 2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Қасымбеков Б.А. Омарбекова А.Т.