Республикалық микроорганизмдер коллекциясы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 30 шілде N 850.

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Денсаулық сақтау министрлiгiмен және Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп:
      1) өнеркәсiптiк және патогендiк микроорганизмдердiң ақпараттық дерекқорын есепке алу мен бақылауды, қалыптастыру мен жандандыруды қамтитын Қазақстан Республикасындағы микробиологиялық мониторинг пен биологиялық қауiпсiздiк жүйесiн және биологиялық ластанулардың әсер ету зардаптарының алдын алу, оқшаулау және жою жөнiндегi ұйымдастыру-әдiстемелiк iс-шаралардың кешенiн құрсын;
      2) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасындағы микробиологиялық мониторинг ережесiн әзiрлесiн және бекiтсiн;
      3) өнеркәсiптiк микроорганизмдердiң депоненттелген штаммдары мен аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштарының қатаң есебiн және дұрыс сақталуын қамтамасыз етсiн;
      4) материалдардың биоластануына күмәндi инфекциялардың күдiк туғызатын көздерiн уақтылы және бiлiктi зерттеулердiң стандартты әдiстерiн әзiрлесiн және бекiтсiн;
      5) өнеркәсiптiк микроорганизмдер мен аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштарының бiрыңғай ақпараттық дерекқорын құрсын.
      2. Мыналар республикалық микроорганизмдер коллекциясының функцияларын жүзеге асыратын органдар болып белгiленсiн:
      өнеркәсiптiк микроорганизмдер бойынша - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Биотехнология жөнiндегi ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны;
      аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштары бойынша - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "М.Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндiк және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны.
      3. Аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштарының депозитарийлерi болып Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнің "М.Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндiк және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны белгiленсiн.
      Өнеркәсiптiк микроорганизмдердiң депозитарийлерi болып Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Қазақ тамақ өнеркәсiбi ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Биотехнология жөнiндегi ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны белгiленсiн.
      4. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң

тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы 
N 1587  

P001587_

  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 
43, 513-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсiн:
     көрсетiлген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 
20-жолмен толықтырылсын:
     "20. Аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштары мен өнеркәсiптiк 
микроорганизмдер коллекциясы және депозитарийлерi".
     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі 
     
     Мамандар: 
       Қасымбеков Б.А. 
       Омарбекова А.Т.