Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Денсаулық сақтау министрлiгiмен және Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп:
1) өнеркәсiптiк және патогендiк микроорганизмдердiң ақпараттық дерекқорын есепке алу мен бақылауды, қалыптастыру мен жандандыруды қамтитын Қазақстан Республикасындағы микробиологиялық мониторинг пен биологиялық қауiпсiздiк жүйесiн және биологиялық ластанулардың әсер ету зардаптарының алдын алу, оқшаулау және жою жөнiндегi ұйымдастыру-әдiстемелiк iс-шаралардың кешенiн құрсын;
2) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасындағы микробиологиялық мониторинг ережесiн әзiрлесiн және бекiтсiн;
3) өнеркәсiптiк микроорганизмдердiң депоненттелген штаммдары мен аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштарының қатаң есебiн және дұрыс сақталуын қамтамасыз етсiн;
4) материалдардың биоластануына күмәндi инфекциялардың күдiк туғызатын көздерiн уақтылы және бiлiктi зерттеулердiң стандартты әдiстерiн әзiрлесiн және бекiтсiн;
5) өнеркәсiптiк микроорганизмдер мен аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштарының бiрыңғай ақпараттық дерекқорын құрсын.
2. Мыналар республикалық микроорганизмдер коллекциясының функцияларын жүзеге асыратын органдар болып белгіленсін:
өнеркәсіптік микроорганизмдер бойынша - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
аса қауіпті инфекциялар қоздырғыштары бойынша - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық жұқпалар ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
2010.10.12 N 1060 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.02.2013 № 82 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Масғүт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық жұқпалар ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны аса қауіпті инфекциялар қоздырғыштарының депозитарийлері болып белгіленсін.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны өнеркәсіптік микроорганизмдердің депозитарийлері болып белгіленсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
2010.10.12 N 1060 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.02.2013 № 82 қаулысымен.
4. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 20-жолмен толықтырылсын:
"20. Аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштары мен өнеркәсiптiк микроорганизмдер коллекциясы және депозитарийлерi".
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі