1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың алдын алу және оларға бақылау жасау жөнiндегi 1999-2002 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 наурыздағы N 193 P990193_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 7, 55-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың алдын алу және оған бақылау жасау жөнiндегi 1999-2002 жылдарға арналған бағдарламада:
"ЖЖБА-ның таралуының алдын алу жөнiндегi iс-шаралар" 3-бөлiмiнiң реттiк нөмiрi 3.1.5-жолы алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасында әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi ұлттық iс-қимылдар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 шiлдедегi N 999 P990999_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 35, 311-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында әйелдердiң
жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-қимылдардың ұлттық жоспарында:
М. Қыздар бөлiмi бойынша iс-шаралардың жоспарында:
реттiк нөмiрi 1-жолда:
3-бағандағы "Қазақстан Республикасының "Адамгершiлiк-жыныстық тәрбие
туралы" мемлекеттiк бағдарламасының жобасын әзiрлеу" деген сөздер алынып
тасталсын;
4-бағандағы "Мемлекеттiк бағдарламаның жобасы" деген сөздер алынып
тасталсын;
3) "Қазақстан Республикасындағы адамгершiлiк-жыныстық тәрбие
жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы
21 қарашадағы N 1500
P011500_
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы,
2001 ж., N 40, 517-құжат):
2-тармақ алынып тасталсын.
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер
енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 қарашадағы
N 1705
P001705_
қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N
47-48, 560-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Жұманазарова А.Б