Азаматтық пиротехникалық заттарды және олардың қолданылуымен жасалған бұйымдарды әзiрлеуге, өндiруге, жөндеуге, сатуға, сатып алуға, коллекциялауға, экспонаттауға байланысты қызметтi лицензиялау жөнiндегi бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 16 шілде N 787.

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Z952200_ және "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Z980339_ Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған азаматтық пиротехникалық заттарды және

олардың қолданылуымен жасалған бұйымдарды әзiрлеуге, өндiруге, жөндеуге, 
сатуға, сатып алуға, коллекциялауға, экспонаттауға байланысты қызметтi 
лицензиялау жөнiндегi бiлiктiлiк талаптары бекiтілсiн.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және 
жариялануға тиiс.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
                                    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                         2002 жылғы 16 шiлдедегi
                                            N 787 қаулысымен
                                               бекітілген
               Азаматтық пиротехникалық заттарды және олардың
      қолданылуымен жасалған бұйымдарды әзiрлеуге, өндiруге, жөндеуге,
       сатуға, сатып алуға, коллекциялауға, экспонаттауға байланысты
            қызметтi лицензиялау жөнiндегi бiлiктiлiк талаптары


      1. Азаматтық пиротехникалық заттарға және олардың қолданылуымен жасалған бұйымдарға (бұдан әрi - пиротехникалық бұйымдар) жылу, жарық, от, дыбыс, түтiн, газ немесе олардың комбинациялары түрiндегi эффектiлердi техникалық немесе тұрмыстық мақсаттарда өндiруге арналған пиротехникалық қоспалар, солардың негiзiнде әзiрленетiн бұйымдар жатады.
      Пиротехникалық бұйымдар мақсаты мен қолданылу шарттары бойынша:
      1) тұрмыстық мақсаттағы халыққа еркiн сатылатын, оларды қолдану арнаулы бiлiм мен дағдыны талап етпейтiн пиротехникалық бұйымдар;
      2) оларды қолдану орындаушылардың (пайдаланушылардың) арнаулы бiлiмi мен дағдысын және (немесе) техникалық жарақтаудың белгiленген шарттарын қамтамасыз етудi талап ететiн техникалық және арнаулы мақсаттағы пиротехникалық бұйымдар болып бөлiнедi.
      2. Азаматтық пиротехникалық заттарды және олардың қолданылуымен жасалған бұйымдарды әзiрлеуге және (немесе) өндiруге және (немесе) жөндеуге және (немесе) сатуға және (немесе) сатып алуға және (немесе) коллекциялауға және (немесе) экспонаттауға байланысты лицензия алуға үмiткер өтiнiш берушiге қойылатын білiктілiк талаптары мыналарды қамтиды:
      1) лицензия алуға үмiткер жеке тұлғаның немесе пиротехникалық бұйымдарға рұқсат алатын заңды тұлғаның қызметкерiнiң жоғарыда аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыру құқығын беретiн курстарды бiтiргендiгi туралы куәлiгi болуы тиiс;
      2) лицензия алуға үмiткер жеке тұлғада немесе пиротехникалық бұйымдарға рұқсат алатын заңды тұлға қызметкерiнде мәлiмделген қызметті жүзеге асыруға байланысты терiс көрсеткiштерiнiң (психикалық аурулары, алкоголизм немесе нашақорлық) бар-жоғы туралы медициналық анықтамалардың болуы;
      3) өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң талаптарына сәйкес келетiн және есепке алынған өнiмнiң сақталуын, қатаң есепке алынуы мен бар-жоғын тексеру мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн арнайы жабдықталған үй-жайлардың болуы;
      4) лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыру жағдайы өрт қауiпсiздiгi талаптарына сай екендiгi туралы Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органы қорытындысының болуы;
      5) азаматтардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегi экологиялық, тау-кен техникалық және санитарлық қадағалау органдары қорытындыларының болуы.
      3. Пиротехникалық бұйымдарды әзiрлеуге және өндiруге байланысты қызметтi жүзеге асыру үшін мынадай қосымша талаптар қойылады:
      1) пиротехникалық бұйымдарға және олардың компоненттерiне химиялық зерттеу жүргiзуге арналған зертханалардың болуы;
      2) пиротехникалық бұйымдарға бақылау сынақтарын жүргiзу үшiн арнайы жабдықталған аумақтың болуы.
      4. Пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға байланысты лицензияны алуға үмiткер өтiнiш берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналарды қамтиды:
      1) өтiнiш берушіде пиротехникалық бұйымдармен сауда жасау және

(немесе) оларды коллекциялау және (немесе) экспонаттау құқығына 
лицензияның болуы;
     2) пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға және олардың сақталуына 
жауапты адамның болуы;
     3) пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға және олардың сақталуына 
жауапты адамның мәлiмделген қызметтi жүзеге асыруға байланысты терiс 
көрсеткiштерiнің (психикалық аурулары, алкоголизм немесе нашақорлық) 
бар-жоғы туралы медициналық анықтамаларының болуы;
     4) өрт қауiпсiздiгi ережелерiнің талаптарына сәйкес келетiн және 
есепке алынған өнімнің сақталуын, қатаң есепке алынуы мен бар-жоғын 
тексеру мүмкіндiгiн қамтамасыз ететiн арнайы жабдықталған үй-жайлардың 
болуы.
     
     Мамандар:
         Икебаева А.Ж.
         Жұманазарова А.Б.