Ағаш пайдаланудың жеке мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 16 шілде N 785

Қолданыстағы
      Ормандарды сақтау, заңсыз кесудi азайту мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдар, кесiлген материалдар және ағаштан жасалған жекелеген бұйымдар экспортына тыйым салынсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнiнде қажеттi шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасында ағаш материалдарын, кесiлген материалдарды және ағаштан жасалған жекелеген бұйымдарды экспорттауға тыйым салу енгiзiлгенi туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетiн белгiленген тәртiппен хабардар етсiн.
      4. "Қылқан жапырақты тұқымдастардың жұмыр ағаш материалдарын және қылқан жапырақты ағаштың бөрене түрiндегi отындық сүректерiн экспорттауға тыйым салуды енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 5 желтоқсандағы N 1571 P011571_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 45-46, 535-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      5. "Өсiп тұрған сүрек үшiн төлемнiң базалық ставкаларын, Орманды пайдаланғаны үшiн төлемдi есептеу және бюджетке енгiзу ережесiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы

15 сәуiрдегi N 431  

P020431_

  қаулысына мынадай өзгерiс енгiзілсiн:
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген өсiп тұрған сүрек үшiн төлемнiң 
базалық ставкаларында:
     2-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын.
     6. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енетiн 5-тармағын 
қоспағанда, жарияланған күнiнен бастап 30 күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
                                              Қазақстан Республикасы
                                                    Үкiметiнiң
                                              2002 жылғы 16 шiлдедегi
                                                  N 785 қаулысына
                                                      қосымша
---------------------------------------------------------------------------
     ТМД СЭҚ TH     !                   Тауарлардың атауы
        коды        ! 
---------------------------------------------------------------------------
4401 10 000*-нан      Бөренелер, шөркелер түрiндегi отындық сүрек;
4403 10 - 4403 20,    Өңделмеген, қабығы аршылған немесе аршылмаған,
4403 91 000 -         қолымен өңделген немесе өңделмеген ағаш
4403 99*-дан          материалдары;
4404                  Бөрене сүрек; жарылған бөрене; ағаштан жасалған
                      ұшталған, бiрақ ұзынынан тiлiнбеген тiреулер мен
                      қазықтар; тегiстелген, бiрақ қашалмаған, бүгiлмеген
                      немесе басқа тәсiлмен өңделмеген таяқтар,
                      қолшатырлар, құралдардың тұтқаларын немесе ұқсас
                      бұйымдар жасау үшiн пайдаланылатын ағаш
                      материалдары; аршылған және ұқсас сүрек;
4406                  Темiр жол немесе трамвай жолдары үшiн ағаш шпалдар;
4407 10               Қылқан ағаштан жуандығы 6 мм аспайтын ұзынынан
                      тiлiнген немесе жарылған, сүргiленген немесе
                      аршылған, тегiстелген немесе тегiстелмеген, өңделген
                      немесе өңделмеген, шабаққа бiрiктiрiлген немесе
                      бiрiктiрiлмеген ағаш материалдары;
4407 91               Емен ағаштан жуандығы 6 мм аспайтын ұзыннан
                      тiлiнген немесе жарылған, сүргiленген немесе
                      аршылған, тегiстелген немесе тегiстелмеген өңделген
                      немесе өңделмеген шабаққа бiрiктiрiлген немесе
                      бiрiктiрiлмеген ағаш материалдары (Quercus sрр.);
4407 99               Жуандығы 6 мм аспайтын ұзынынан тiлiнген немесе
                      жарылған, сүргiленген немесе аршылған, тегiстелген
                      немесе тегiстелмеген, өңделген немесе өңделмеген,
                      шабаққа бiрiктiрiлген немесе бiрiктiрiлмеген ағаш
                      материалдары, басқалары;
4408 10               Қылқан ағаш түрлерiнен жуандығы 6 мм аспайтын
                      ұзынынан тiлiнген, бөлшектеп кесiлген немесе
                      аршылған, сүргiленген немесе сүргiленбеген,
                      өңделген немесе өңделмеген, шабаққа бiрiктiрiлген
                      немесе бiрiктiрiлмеген сүрек;
4408 90               Жуандығы 6 мм аспайтын ұзынынан тiлiнген,
                      бөлшектеп кесiлген немесе аршылған, сүргiленген
                      немесе сүргiленбеген, өңделген немесе өңделмеген,
                      шабаққа бiрiктiрiлген немесе бiрiктiрiлмеген сүрек,
                      басқалары;
4409                  Кескiнделген погонаж түрiндегi (тармақтарымен,
                      саңылауларымен, бiтелген, тегiстелген қырларымен,
                      жарты шеңберлi калевка түрiнде бiрiктiрiлген,        
                      үлгiлiк, жұмырланған немесе осыған ұқсас) кез келген
                      жиектен немесе жазықтардан, сүргiленген немесе
                      сүргіленбеген, өңделген немесе өңделмеген, шабаққа
                      бiрiктiрiлген немесе бiрiктiрiлмеген кесiлген
                      материалдар (еденге паркет төсеуге арналған жұқа
                      тақтайшалар мен фриздарды қоса алғанда, жиналмаған);
4418 40 000           Ағаш құрылыс бұйымдары, бетон құюға арналған
                      қалып;
---------------------------------------------------------------------------
     * - Тауардың номенклатурасы тауар кодымен де, атауымен де айқындалады.
     Мамандар:
         Икебаева А.Ж.
         Жұманазарова А.Б.