Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың кедендiк құнының олардың сапасы мен санына сәйкестiгіне тәуелсiз сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 16 шілде N 782.

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi Z952368_ Заңына және "Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың кедендік құнын тәуелсіз сараптауды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 6 сәуiрдегi N 453 P010453_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың кедендік құнының олардың сапасы мен санына сәйкестiгiне тәуелсiз сараптама жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Тәуелсіз сарапшы қызметiне ақы төлеу оның қызметінің нәтижесінде

бюджетке қосымша түскен, құжаттаманың расталған кеден төлемдерi мен 
салықтары негiзге алына отырып, заңнамада белгiленген тәртiппен 
жүргiзiлсiн.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттiк кiрiс министрі З.Х.Кәкiмжановқа жүктелсін.
     4. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап он күнтізбелік күн өткеннен 
кейiн қолданысқа енгiзiледі.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі 
     
                                               Қазақстан Республикасы
                                                     Үкiметiнің
                                              2002 жылғы 16 шілдедегі
                                                  N 782 қаулысымен
                                                     бекiтiлген
           Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың
               кедендік құнының олардың сапасы мен санына
                 сәйкестiгiне тәуелсіз сараптама жүргiзу
                                ЕРЕЖЕСI
                          1. Жалпы ережелер


      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi Z952368_ Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың кедендiк құнының олардың сапасы мен санына сәйкестiгiне тәуелсiз сараптама жүргiзудiң тәртiбiн анықтайды.
      2. Еркін айналыс үшiн тауарларды шығарудың кедендік режимінде декларацияланатын тауарды (бұдан әрi - импортталатын тауар) кедендік ресiмдеудi жүргiзетiн кеден органы (бұдан әрi - кеден органы) декларацияланатын тауардың кедендiк құнын анықтауды бақылауды жүзеге асыру кезiнде осы Ережеде көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың кедендiк құнының олардың сапасы мен санына сәйкестiгiне тәуелсiз сараптаманың (бұдан әрi - тәуелсiз сараптама) нәтижелерiн пайдаланады.
      3. Тәуелсiз сараптаманы жүзеге асыратын тұлға (бұдан әрi - Тәуелсiз сарапшы) өзiнің қызметiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган) жасалған шарттың негiзінде жүзеге асырады.
      4. Тәуелсiз сараптаманы жүргiзуге байланысты Тәуелсiз сарапшыға берілген ақпарат тек қана кедендік мақсатта пайдаланылуы мүмкiн.

                2. Тәуелсiз сараптама жүргiзу тәртібi

      5. Жүк кеден декларациясын (ЖКД) тiркегеннен және тiркеу нөмiрiн бергеннен кейiн кеден органы Уәкiлеттi орган анықтайтын тәртiппен дереу Тәуелсiз сарапшыға ЖКД-ның көшiрмесiн және импортталатын тауарларға арналған шот-фактураларды (инвойс) бередi және кеден заңнамасына сәйкес кедендiк ресiмдеудің рәсiмiн жүзеге асырады.
      6. Импортталатын тауарларды кедендiк ресімдеу рәсiмін жүргiзу кезеңiнде Тәуелсiз сарапшы алынған құжаттардың негiзінде тәуелсiз сараптамаға жататын тауарларды iрiктеуді жүргiзеді.
      7. Тауарларды шығару туралы шешiм қабылдағанға дейiн құжаттық және iс жүзіндегi бақылаудың барлық кезеңi өткізiлгеннен кейiн тауарларды шығару туралы шешiм қабылдауға жауапты кеден органының лауазымды тұлғасы шығаруға дайындалған құжаттардың пакетiн Тәуелсiз сарапшыға бередi. Құжаттарды беру Уәкілеттi орган белгiлеген тәртiппен iлеспе хат негiзiнде арнаулы тiркеу журналына қол қойып жүзеге асырылады.
      8. Тәуелсiз сараптама жүргiзу үшiн тауарлардың iрiктелгенiн Тәуелсiз сарапшы ЖКД-ның тысында Уәкiлеттi органмен келiсілген арнайы мөртабандарды қоя отырып куәландырады. Тәуелсiз сараптама үшiн iрiктелмеген тауарлар бойынша Тәуелсiз сарапшы ЖКД-ның тысында "Сарапталмаған" мөртабанын қояды.
      Тәуелсiз сарапшы сараптау қызметi үшiн қажеттi көлемде алынған құжаттардың көшiрмелерiн әзiрлеуге құқылы.
      9. Көрсетiлген iс-қимылдар жүзеге асырылғаннан кейiн Тәуелсiз сарапшы алынған құжаттардың түпнұсқаларын тауарларды шығаруға жауапты кеден органының лауазымды тұлғасына қайтарады. Құжаттарды беру Уәкілеттi орган белгiлеген тәртiппен iлеспе хат негiзінде арнаулы тiркеу журналына қол қою арқылы жүзеге асырылады.
      10. Тауарлардың мәлімделген кедендiк құнының олардың сапасы мен санына сәйкестiгiн белгiлеу мақсатында Тәуелсiз сарапшы iрiктелген тауарлардың физикалық және бағалық сараптамасын жүзеге асырады.
      11. Тәуелсiз сарапшы кедендiк ресімдеу үшiн кеден заңнамасында белгiленген мерзiмдерде кеден органы лауазымды тұлғасының және декларанттың қатысуымен iрiктелген тауарлар бойынша физикалық сараптама жүргiзедi.
      Қажет болған кезде кеден органы лауазымды тұлғасының рұқсатымен Тәуелсiз сарапшы одан әрi зерттеу үшiн Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген тәртiппен тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алуға құқылы.
      12. Физикалық сараптаманың мақсаттары үшiн қажеттi тауармен жасалатын операциялар Тәуелсiз сарапшының талап етуi бойынша кеден органы үшін Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Физикалық сараптама кезінде Тәуелсiз сарапшының iс-қимылы тауардың иесiне құқықтан тыс залал келтiрмеуi тиiс.
      13. Тауарлардың физикалық сараптамасы аяқталғаннан кейiн Тәуелсiз сарапшы 1-қосымшада белгiленген нысан бойынша үш данада Физикалық сараптама актiсiн (бұдан әрі - Акт) жасайды. Актiнің бiрiншi данасы кеден органына, екiншi данасы декларантқа жiберiледi, үшiншi данасы Тәуелсiз сарапшыда қалады.
      Кеден органының лауазымды тұлғасы және (немесе) декларант Актiге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, көрсетiлген тұлғалар өздерiнің іс-қимылдарының уәждерiн жазбаша нысанда баяндайды, оларды Тәуелсіз сарапшы Актiмен қоса бередi.
      14. Тәуелсіз сараптама үшін iрiктелген тауарлар бойынша Актінi алғаннан кейiн кеден органы қолданылып жүрген кеден заңнамасына сәйкес тауарлардың шығарылуын жүзеге асырады.
      15. Кедендік құнның бағалық сараптамасын Тәуелсiз сарапшы Тариф және сауда туралы бас келiсiмнiң (ГАТТ) кедендік бағалауының жалпы қағидаттарына және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына негiздейді.
      16. Тәуелсіз сарапшы тәуелсiз сараптама үшiн импортталатын тауарды iрiктеген сәттен бастап 30 күн мерзімде кеден органына тәуелсiз сараптаманың нәтижелерi туралы белгiленген нысандағы (3 және 4-қосымшалар) қорытындыны (бұдан әрі - Қорытынды) ұсынады.
      17. Кеден органы тәуелсіз сараптаманың барлық Актілерi мен Қорытындыларын қарауға қабылдайды, қажет болған жағдайларда Тәуелсiз сарапшының қатысуымен оларды қарайды және оны Уәкiлеттi орган белгiлеген нысанда қараудың нәтижелерi туралы хабардар етедi.
      18. Кеден органы Тәуелсіз сарапшының Қорытындысын қабылдамаған жағдайда, кеден органы үш жұмыс күнi iшінде уәжделген қарсылықты жасайды (2 данада). Қарсылықтың бір данасы Тәуелсіз сарапшыға жiберiледi, екiншiсi тәуелсiз сараптаманың нәтижелерi туралы қорытындымен бiрге Уәкілеттi органға жiберiледi.
      19. Уәкiлеттi орган он бес күн iшінде қарсылықтың негіздiлігiн тексередi, қажет болған кезде кеден органы мен Тәуелсiз сарапшыдан қосымша мәлiметтер мен құжаттар талап етедi және түпкiлiктi шешiм қабылдайды, оны жазбаша түрде кеден органы мен Тәуелсіз сарапшының назарына жеткiзедi.
      20. Актiлер мен Қорытындылардың негiзiнде кедендік құнды түзету туралы шешiм қабылданғаннан кейiн кеден органы Тәуелсiз сарапшыға түзету жүргiзiлгенін растайтын құжаттарды бередi.
      Түзету жүргiзiлгенін растайтын құжаттарды беру Уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен iлеспе хаттың негiзiнде арнайы тiркеу журналына қол қойылып жүзеге асырылады.
      21. Кеден органы Уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен тәуелсiз сараптаманың нәтижелерi бойынша есептелген кедендiк төлемдер мен салықтардың есебiн жүргiзедi.
      22. Тәуелсiз сараптаманың нәтижелерi негiзінде қабылданған кеден органдарының шешiмдерiне декларанттың шағымдануы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
                                             Қазақстан Республикасына

импортталатын тауарлардың кедендiк құнының Олардың сапасы мен санына сәйкестiгiне тәуелсiз сараптама жүргiзу ережесiне 1-қосымша


                               N _________ акт

          Тауарларға физикалық сараптама жүргiзу нәтижелерi туралы
  200_ жылғы "___"_________                          Елді мекен _________
                                               Жүргізілген жері _________ 
     Сараптама __ сағат __ мин. ___ сағат __ мин. дейін жүргізілді.
     Осы Актiнi "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы"  

Z952368_

  
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасына
импортталатын тауарлардың кедендiк құнының олардың сапасы мен санына
сәйкестiгiне тәуелсiз сараптама жүргiзу ережесiнiң" негiзiнде декларанттың
__________________________ (декларанттың атауы) және кеден органы өкiлiнiң
__________________ (кеден органының атауы) қатысуымен Тәуелсiз сарапшының
өкілі ____________ (тәуелсiз сарапшының атауы) жасады.
__________________________________________________________________________
ЖКД N
Тауарды жөнелту елі
Декларант
Декларанттың тіркеу N 
Контейнер N
Пломба N
Вагонның номері
Автомашинаның нөмірі мен маркасы
Кеменің атауы мен нөмірі
---------------------------------------------------------------------------
     Түсініктеме: _________________________________________________________
     ______________________________________________________________________
     Тәуелсіз сарапшының өкілі ______________ Қолы __________ 
                                 аты-жөні             МО
     Кеден органының өкілі    ______________ Қолы __________
                                 аты-жөні             МО
     Декларант                ______________ Қолы __________
                                 аты-жөні             МО
                                            
                                                   1-қосымшаға
                                           Акт N _____ Бет N _____    
___________________________________________________________________________
Р/с!Тауар сипаттамасы ! Шыққан  !  Бума  !Өлшем !     Саны     !Анықталған
 N !                  !   елі   !  түрі  ! бірл.!--------------!сәйкессіз.
   !                  !         !        !      !декла. !анық.  !дік     
   !                  !         !        !      !рациял.!талғаны!
   !                  !         !        !      !ғаны   !       !
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
     Тәуелсіз сарапшының өкілі ______________ Қолы __________ 
                                                      МО
     Кеден органының өкілі     ______________ Қолы __________
                                                      МО
     Декларант                 ______________ Қолы __________
                                                      МО


                                             Қазақстан Республикасына

импортталатын тауарлардың кедендiк құнының Олардың сапасы мен санына сәйкестiгiне тәуелсiз сараптама жүргiзу ережесiне 2-қосымша


              ТӘУЕЛСІЗ САРАПТАМА НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ

___________________________________________________________________________
 Кедендік     ! Алушы/Сатып алушы 
 құнын        !
 зерттеу N    !
__________________________________________________________________________ 
 ЖКД N        ! Декларант/Өкіл                      ! Валюта бағамы
---------------------------------------------------------------------------
 N !  Тауардың    !СЭҚ ТН!Саны !Өлш. !ЕХW бір!Жиыны !Көліктік !Сақтандыру
   !   атауы      ! коды !     !бірл.!бірл.  !ЕХW   !шығыст.  !
   !              !      !     !    !үшін(USD)!(USD)!(фрахт)  !
   !              !      !     !     !бағасы !      !         !
---------------------------------------------------------------------------
              1
              2             
              1
              2
              1
              2
              1
              2
---------------------------------------------------------------------------
    Жиыны                             1
                                      2
---------------------------------------------------------------------------
 таблицаның жалғасы
---------------------------------------------
  Кім толтырды        ! Тәуелсіз күні        !    
----------------------!                      !
  Толтыру күні        !                      !
---------------------------------------------!
Басқа да!Кедендік !Баждар мен!Алшақтық       !
шығыстар!  құны   !салықтар  !(теңге)        !
        !         !(теңге)   !               !
---------------------------------------------!
1
2             
1
2
1
2
1
2
  1
  2
----------------------------------------------     
   1-Кеден құжаттамасы негізінде анықталғаны                    
   2-Тәуелсіз сараптамада анықталғаны   
--------------------------------------------------------------------------
     __ Инвойста сарапшы көрсеткен түпкі бағалар күмән келтірмейді 
     __ Инвойста сарапшы көрсеткен түпкі бағалар күмән келтіреді: 
инвойстық құнының төмендеуі.
     __ Инвойста сарапшы көрсеткен түпкі бағалар күмән келтіреді: 
инвойстық құнының артуы.
     __ Корпоративішілік транзакция, баға аудиті мүмкін емес.
     __ Экспорттаушының түпкі инвойсында жеткізіліксіз/толық емес ақпарат. 
Баға аудиті мүмкін емес. 
     __ Ұқсас тауарларға арналған баға туралы ақпарат жоқ. Баға аудиті 
мүмкін емес. 
---------------------------------------------------------------------------
Тәуелсіз сарапшының өкілі                     Күні: ___________________
Лауазымы  ________________________            Офисі ___________________
Аты-жөні _________________                    Қолы ____________________
Кеден органының өкілі                         Күні: ____________________
Лауазымы _________________                    Кеден органы _____________
Аты-жөні: ____________________                Қолы _________________
                                                        Мөр орны


                                             Қазақстан Республикасына

импортталатын тауарлардың кедендiк құнының Олардың сапасы мен санына сәйкестiгiне тәуелсiз сараптама жүргiзу ережесiне 3-қосымша


                  КЕДЕНДІК ҚҰНЫН ТҮЗЕТУ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ

                       Қорытындының нөмірі:___________

                      Күні: 200__ жылғы "___"___________
     
Алушы: _________________________________________________________________
СТН: ___________________________________________________________________
Декларант: _____________________________________________________________
СТН: ___________________________________________________________________
ЖКД номері: ____________________________________________________________
                                         Валюта бағамы _________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
                       ! Сараптамаға   ! Сараптамада   !  Анықталған   
                       ! дейін кеден   ! анықталған    !   алшақтық    
                       !   органы      !    құны       !                
                       !  анықтаған    !               !
                       !     құны      !               !
------------------------------------------------------------------------   
Мәміле бағасы (сатып алушы іс
жүзінде төлеген)
Басқа шығыстарды, фрахт пен
сақтандыруды есептемегенде,
мәміле бағасы     
Фрахт
Сақтандыру
Қосымша шығыстар
Кедендік құны     
-------------------------------------------------------------------------  
   Түзету түрі: ________________арттыру  __________________ азайту
   Тәуелсіз сарапшы _______ тауардың атаулары бойынша сәйкессіздікті       
   анықтады.
   Түзету сомасы жазумен _____________________________________________
   Тәуелсіз сарапшының өкілі __________________________________
                                          м.о.
-------------------------------------------------------------------------
                  Кеден органының өкілі толтырады 
-------------------------------------------------------------------------
  ЖКД бойынша кедендік құнын түзету N ___________
  тауардың _________ (саны) атаулары бойынша жүргізілді
  Кедендік құны __________________________________________________
  Кедендік құны жазумен _________________________________________
  
  Кеден органының өкілі (аты-жөні): _____________________________
  Кеден органының атауы және коды ________________________________
              Қолы _____________________ М.О.
_________________________________________________________________________  
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Икебаева Ә.Ж.