Оралмандарға жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдерін беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 шілдедегі N 748 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 маусымдағы № 784 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.12 № 784 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына   сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Оралмандарға жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдерін беру ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Yкiметiнің
                                        2002 жылғы 9 шілдедегi N 748
                                             қаулысымен бекiтілген

          Оралмандарға жеке тұрғын үй салу үшін жер
                 телімдерiн беру ережесi

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оралмандарға жеке тұрғын үй салу үшiн жер телiмдерiн (бұдан әрi - жер телiмi) беру тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
      2. Оралмандарға жер телiмдерiн беру уақытша тегiн жер пайдалану құқығында жүзеге асырылады.
      3. Оралмандарға берiлген жер телiмдерi олар Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының   заңнамасында   белгіленген тәртiппен және шарттарда олардың жеке меншiгiне көшедi.
      4. Оралмандар жер телiмiн алу үшін жер телiмдерiне тиiстi құқықтарды беруге өкілеттiгi бар тиiстi жергiлiктi атқарушы органға (бұдан әрi - жергіліктi атқарушы орган) өтініш бередi.
      5. Жер теліміне құқықтарды беру туралы өтiнiште мыналар көрсетiледi:
      1) оралманның тегi, аты мен әкесiнiң аты (ол болған ретте);
      2) тұрғылықты жерi;
      3) жер телiмi бар немесе жоқ екендiгi;
      4) ыңғайына қарай сұрап отырған жер телiмiнің орналасқан жерi (елдi мекен және оның ауданы, көшесi, квартал нөмiрi және басқасы).
      6. Өтінiшке қоса берiлетiн қажеттi құжаттар:
      1) оралман куәлiгiнің көшiрмесi;
      2) мемлекеттік жер телiмiне құқықтары бар немесе жоқ екендігі туралы жер ресурстарын басқару жөніндегi аумақтық органдар беретiн анықтама.
      Өтінішті қабылдау кезiнде оралманнан осы Ережеде көзделмеген құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады.
      7. Тиiстi әкімшілік-аумақтық бiрлiктің жергiлiктi атқарушы органы сұралып отырған жер телімінің мәлімделген нысаналы мақсатқа пайдаланылуы мүмкіндігін аумақтық өңiрлерге бөлуге сәйкес анықтау үшін өтiнiштi жер ресурстарын басқару жөнiндегi тиiстi аумақтық органға (елдi мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бiрлесiп) жiбередi.
      8. Жер телiмiн беру туралы шешiм жергілiктi өкiлдi органның депутаттары, жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органдардың, сәулет және қала құрылысы мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өкілдері арасынан жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның қорытындысы негiзінде қабылданады.
      9. Жергілiктi атқарушы органның жер телiмдерiне тиiстi құқықтар беру туралы шешiмі жерге орналастыру жобасы негiзiнде қабылданып, өтiнiш берушiге шешiм қабылданған сәттен бастап жетi күн мерзiмде жер телiмiне меншiк немесе жер пайдалану құқығын беру туралы шешімінің көшiрмесiмен бiрге табыс етiледi.
      10. Жер телiмiне құқықтар беру туралы шешiмнiң жобасында мыналар көрсетілуге тиiс:
      1) оралманның тегi, аты, әкесінің аты (ол болған ретте) және тұрғылықты жерi;
      2) жер телiмiнiң нысаналы мақсаты;
      3) жер телiмiнiң алаңы және оның орналасқан жерiнiң сипаттамасы (елдi мекен және оның ауданы, көшесi, квартал нөмiрi және т.б.);
      4) жер телiмi алынатын мемлекеттiк жер пайдаланушының атауы;
      5) жасыл екпелердi, жер асты коммуникацияларын және көркейту жөнiндегi құрылыстарды сақтау шарттары;
      6) өзге де шарттар.
      11. Тиiстi әкiмшiлік-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органы өтiнiш келiп түскен сәттен бастап үш айға дейiнгi мерзiмде жер телiмiне құқықтар беру туралы не мәлiмделген мақсат үшiн осы жерден жер телiмiн беру мүмкiн болмайтын ретте, оны беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      12. Жер телiмiне құқық беруден бас тарту дәлелдi болуға және көшiрмесi шешiм қабылданғаннан кейiн жетi күн мерзiмде өтiнiш берушiге табыс етiлуге тиiс, оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен шағым жасауға болады.
      13. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрліктің жергiлiктi атқарушы органының жер телiмiн беру туралы шешiмi жер телiмiнiң нақты шекарасын белгiлеу және жер телiмiне тиiстi құжаттарды рәсiмдеу жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау үшiн негiздеме болып табылады.
      14. Жер телiмi кадастрлық нөмiрмен белгiленген бөлiнбейтiн дербес жер телiмi ретiнде беріледi.
      15. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органдар оралмандармен уақытша тегiн жер пайдалану шартын жасасады, онда жер телiмiнің кадастрлық нөмiрi көрсетiлiп, бiрдейлендiру сипаттамалары жазылады.
      Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.