Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердігерлермен келiсiм-шарттарда Ұлттық компанияның келiсiм-шарттары міндеттi үлестiк қатысуы арқылы мемлекеттiк мүдделерді білдіру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 29 маусым N 708

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28

маусымдағы N 2350  

U952350_

  заң күшi бар Жарлығына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Мұнай операцияларын жүзеге асыратын 
мердiгерлермен келiсiм-шарттарда Ұлттық компанияның келiсiм-шарттарға 
мiндеттi үлестiк қатысуы арқылы мемлекеттiк мүдделердi білдiру ережесi 
бекiтiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар 
министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
                                                Қазақстан Республикасы
                                                      Үкіметінің
                                               2002 жылғы 29 маусымдағы
                                                   N 708 қаулысымен
                                                      бекiтiлген
             Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердігерлермен 
       келiсім-шарттарда Ұлттық компанияның келiсім-шарттарға міндеттi     
       үлестiк қатысуы арқылы мемлекеттiк мүдделерді білдіру ережесi
                            1. Жалпы ережелер


      1. Осы Ереже Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердігерлермен келiсім-шарттарда Ұлттық компанияның келiсiм-шарттарға міндеттi үлестiк қатысуы арқылы мемлекеттiк мүдделердi білдiруiнің тәртiбiн реттейдi.
      2. Осы Ережелерде Қазақстан Республикасы Президентiнің "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы N 2350 және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 заң күшi бар Жарлықтарында белгiленген ұғымдар мен айқындамалар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi - мемлекеттің мердiгермен Өнiмді бөлу туралы келiсiм бойынша ол өндiрген өнiмнен алатын заттай нысандағы міндеттi бөлік;
      өтемдiк (шығындық) өнiм - мердiгердің орны толтырылатын шығындарын білдiретiн, игерiлетiн кен орнының экономикалық құндылығын есепке ала отырып, әрбiр Өнiмдi бөлу туралы келiсiм бойынша жеке белгiленетiн және мердiгердiң меншiгiне келіп түсетiн өндiрiлген өнiмнiң бiр бөлiгi;
      корпоративтiк басқару - Келiсiммен белгiленетiн тәртіппен не келiсiм-шартта көзделген жағдайларда құрылатын орган арқылы басқару, Келiсімнің немесе келiсiм-шарттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн және мұнай операцияларының орындалуы үшiн жауаптылықта болатын басқару жөніндегi бiрлескен комитет (басқарушы комитет);
      Ұлттық компания - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы;
      келiсім-шартқа міндеттi үлестiк қатысу - Ұлттық компанияның Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн келiсiм-шартқа пайызбен көрсетiлген қатысу үлесi;
      келiсiм-шарттың (Келiсiмнiң) операторы - мердiгер тартатын немесе құратын, оның iс-әрекетi үшiн мердiгер мемлекет алдында өзiнің іс-қимылы ретінде мүлiктiк жауаптылықта болатын келiсiм-шартты немесе Өнiмді бөлу туралы келiсiмдi орындаумен байланысты нақты өндiрiстiк-шаруашылық қызмет пен есепке алу-есеп операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға;
      өкiлеттi орган - мемлекеттiк органдардың бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруын қоспағанда, Өнiмдi бөлу туралы келiсiмдерде мұнай операцияларын бақылауға, байқауға және реттеудi жүзеге асыруға мемлекет уәкiлеттiк берген Ұлттық компания;
      пайдалы өнiм - егер Келiсiмде өзгеше көзделмесе, Өнiмдi бөлу туралы келiсiм бойынша бюджетке роялти мен өтемдiк есеп айырысуларды төлеген соң мемлекет пен мердiгер арасында бөлуге жататын өндiрiлген өнiмнiң бiр бөлiгi;
      Өнiмдi бөлу туралы келiсiм - оған сәйкес Қазақстан Республикасы кәсiпкерлiк қызмет субъектiсiне (мердiгерге) мұнай операциялары саласында өтемдiк негiзде және белгiлi бiр мерзiмге Келiсiмде көрсетiлген жер қойнауының телiмiнде минералдық шикiзатты iздестiруге, барлауға, өндiруге және осыған байланысты жұмыстарды жүргiзуге құқық беретiн, ал мердiгер көрсетiлген жұмыстарды өз есебiнен және өз тәуекелiмен жүргiзуге мiндеттенетiн шарт. Осы шарт Қазақстан Республикасы мен мердiгер арасындағы өндiрілген өнiмдi бөлудiң мiндеттi шарты мен тәртiбінен, сондай-ақ өтемдiк өнiмнiң орнын толтыру тәртiбiнен тұрады.
      3. Ұлттық компания өкiлеттi орган ретiнде корпорациялық басқаруға мiндеттi қатысу жолымен Өнiмдi бөлу туралы келiсімдерде және үлестiк қатысуы бар келiсiм-шарттарда мемлекеттiк мүдделердi білдiрудi қамтамасыз етедi.
      4. Мұнай операцияларын жүзеге асыру кезінде қазақстандық мердiгерлiк ұйымдар мен кадрлардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық компания тауарлардың, жұмыстар мен қызметтер көрсетудiң қазақстандық рыногын, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды үйлестiрушi мемлекеттiк органмен бiрлесiп, қазақстандық кадрлардың бар-жоғын зерделейдi, деректер банкiн қалыптастырады және шетелдiк қатысушылар мен қазақстандық ұйымдардың келiссөздерiн ұйымдастыруға ықпал етедi.

           2. Келiсiм-шарттардағы мiндеттi қатысу үлесiн белгiлеу

      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын Ұлттық компанияның ұсыныстарын ескере отырып Құзыреттi орган қалыптастырған және жер қойнауын қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген инвестициялық бағдарламалардың конкурсына шығарылатын жер қойнауы телiмдерiнiң (блоктарының) тiзбесiн бекiтедi.
      6. Көрсетiлген тiзбе онда оған тiкелей келiссөздердің негiзінде Құзыреттi орган қандай блоктар мен телiмдер ұсынуы тиiс екенi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында және теңiзде олар бойынша мұндай қатысу үлесiнiң мөлшерiн белгiлей отырып, өзi мiндеттi қатысу үлесiн иеленгiсi келетiн блоктар мен телiмдер көрсетiлiп, Ұлттық компанияның ұсыныстары ескерiле отырып қалыптасады.
      7. Қазақстан Республикасының Үкiметi инвестициялық бағдарламалардың конкурсына шығарылатын блоктардың тiзбесi туралы шешiм қабылдай отырып, мемлекеттiң стратегиялық мүдделерiне және Ұлттық компанияның ұсынған есеп айырысуларына сәйкес, егер халықаралық шартпен немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен өзгеше көзделмесе, Ұлттық компанияның келiсiм-шарттардағы 50%-дан кем болмауы тиiс мiндеттi үлесiн бекiтедi.
      8. Конкурс өткiзудi ұйымдастырушы Құзыреттi орган инвестициялық бағдарламалардың конкурсы талаптарында Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешiмiне сәйкес конкурсқа шығарылатын блокта Ұлттық компанияның мiндеттi үлесiн көрсетуге мiндеттi.
      9. Ұлттық компания мемлекет үлесiнiң операторы болып әрекет ете отырып, Үкiмет бекiткен оның қатысуының мiндеттi үлесi бар блоктар бойынша да, әзiрленуi мердiгерлер мен Қазақстан Республикасы арасында өнiмді бөлудi көздейтiн блоктар бойынша да конкурстың негiзгi талаптарын қалыптастыруға тiкелей қатысады.
      10. Ұлттық компания Қазақстан Республикасының аумағындағы мұнай операцияларына арналған конкурстарды ұйымдастыруға қатысады.
      11. Ұлттық компания конкурстың қорытындыларын шығарған соң болашақтағы келiсiм-шарт бойынша өзара мiндеттемелердi белгiлеу мақсатында өзiнiң мiндеттi үлестiк қатысуы бар блок бойынша конкурстың жеңiмпазымен келiсiм-шарттың жобасын дайындайды және оны Құзыреттi органға ұсынады.
      12. Ұлттық компания оның мiндеттi қатысуы белгiленген блок бойынша конкурстың жеңiмпазымен бiрлесiп, бiрлескен қызмет туралы шарттың негiзінде олар құрған бiрлескен кәсiпорын немесе консорциум нысанында әрекет ете алады.
      Ұлттық компания мұнай операциялары жөнiндегi осындай бiрлескен қызметтiң қатысушысы болып табыла отырып, әрбiр келiсiм-шартта немесе Өнiмдi бөлу туралы келiсiмде Құзыреттi органмен келiсiм бойынша өзінің еншiлес ұйымын немесе өзге заңды тұлғаны оператор етiп белгілейдi.
      13. Ұлттық компанияның міндеттi үлестiк қатысуы бар келiсiм-шарттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстың нәтижелерi жарияланған күннен бастап жарты жылдан кейіннен кешіктірмей жасалады.

          3. Мемлекеттiк мүдделерді білдіру жөніндегі өкілеттіктер

      14. Ұлттық компанияға көрсетiлген Келiсімдердiң талаптарына сәйкес мемлекеттің операторы ретiнде Өнiмдi бөлу туралы келiсімдер бойынша алынатын өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн алуға арналған құқық берiледi.
      Құзыреттi орган бұрын жасаған Өнiмдi бөлу туралы келiсiмдер бойынша Құзыреттi орган жеке тапсырма негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және тиiстi Келiсiмдердiң ережелерiн ескере отырып, Ұлттық компанияға олар бойынша мемлекеттiң мүдделерін білдіруді жүктеуге құқылы.
      15. Ұлттық компанияның Келiсiмдерде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiруi жер қойнауын пайдалану саласында Құзыреттi органның функцияларын және Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес мұнай операцияларының жүргiзiлуiне өзге де бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың функцияларын ауыстырмайды.
      Мемлекеттiк органдар мен Ұлттық компания арасында мұнай операцияларындағы функцияларды ажырату Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жеке қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
      16. Өкiлеттi орган мердiгердiң немесе оның операторының шығындарды өнiмнiң өзiндiк құнының құрамына қосуының негiздiлiгiне бақылауды жүзеге асырады.
      17. Ұлттық компания алдағы жылға арналған республикалық бюджеттi

жоспарлау мақсатында ағымдағы жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде Қазақстан 
Республикасының Қаржы министрлiгiне:
     1) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттар мен Өнiмді бөлу 
туралы келiсiмдер шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет жөнiндегi, оның 
iшiнде өндiру мониторингi, сату мәселелерi бойынша маркетинг, өндiрудiң 
болжанған көлемi мен әрбiр келiсiм-шарт (Келiсiм) бойынша келесi жылға 
арналған төленетiн салықтардың болжамды сомалары жөнiндегi қажеттi 
ақпаратты;
     2) өткен жылғы әрбiр Өнiмдi бөлу туралы келiсiм бойынша өтемдiк өнiм 
есебiнен орны толтырылатын шығындар жөнiндегi есептi ұсынады.
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.