Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 28 маусым N 702.

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
     1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр 
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекітілсiн.
     2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр 
шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                            Қазақстан Республикасы
                                                 Yкiметiнiң
                                           2002 жылғы 28 маусымдағы
                                               N 702 қаулысымен
                                                  бекiтiлген
     
        Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
               енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар


      1. "Мемлекеттiк меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1207 P971207_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 35, 328-құжат):
      тексеру комиссиясының құрамына мемлекеттiк өкiлдер енгiзiлетiн акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ";
      реттiк нөмiрi 2-жол алынып тасталсын.
      2. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттік меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 P981141_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк үлестерi мен акцияларының пакеттерi мемлекеттiк республикалық меншiктегi шаруашылық серiктестiктерi мен акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрлерi 114, 116-жолдар алынып тасталсын.
      3. "Жекелеген акционерлiк қоғамдарға банктiк қызмет көрсету мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 29 наурыздағы N 316 P990316_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 10, 94-құжат):
      қаражаттары бiрiншi топтағы банктерде орналастырылуға жататын акционерлiк қоғамдардың (ұлттық компаниялардың) тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ".
      4. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысында:
      иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне" бөлiмiнде:
      реттiк нөмiрi 9-1-жол алынып тасталсын.
      5. "Қызметiнде төтенше жағдайлар туындау қатерi жоғары ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 20 қаңтардағы N 89 P010089_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 1-2, 24-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген қызметiнде төтенше жағдайлар туындау қатерi жоғары ұйымдар тiзбесiнде:
      "Астана қаласы" бөлiмiнiң реттiк нөмiрi 1-жолының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы".
      6. "Мұнайконсалтинг" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 6 сәуiрдегi N 461 P010461_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 13, 162-құжат):
      4-тармақ "және Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталына берсiн" деген сөздермен толықтырылсын.
      7. "Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған модельдiк келiсiм-шартты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 31 шiлдедегi N 1015 P011015_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 28, 356-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған модельдiк келiсiм-шартта:
      "Келiсiм-шарттың мақсаты" 2-бөлiмi:
      мынадай мазмұндағы 2.2-тармақпен толықтырылсын:
      "2.2. Қазақстан Республикасының Yкiметi Өнiмдi бөлу туралы

келiсiм-шарт бойынша мемлекеттiң мүддесiн бiлдiретiн өкiлеттi органды 
белгiлей алады".
     8. "Акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк 
кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбiр мәселелерi туралы" 
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 22 тамыздағы N 1098  

P011098_

 
қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 389-құжат):
     1-тармақ "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" деген сөздердiң 
алдынан мынадай сөздермен толықтырылсын:
     "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы",".
                                              Қазақстан Республикасы
                                                   Yкiметiнiң
                                             2002 жылғы 28 маусымдағы
                                                 N 702 қаулысына
                                                    қосымша
       Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр
                        шешiмдерiнiң тiзбесi


      1. "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" акционерлiк қоғамының байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 31 тамыздағы N 819 P980819_ қаулысы.
      2. "Ұлттық компаниялар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 19 наурыздағы N 286 P990286_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 10, 84-құжат).
      3. "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" ЖАҚ-ның жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 23 тамыздағы N 1223 P991223_ қаулысы.
      4. "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 10 қыркүйектегi N 1359 P991359_ қаулысы.
      5. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң резиденциясын салуды қаржыландырудың жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 30 маусымдағы N 981 P000981_ қаулысы.
      6. "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компания" жабық акционерлiк қоғамын дамытудың 2000-2005 жылдарға арналған Индикативтiк жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1252 P001252_ қаулысы.
      7. "Қазтеңiзкөлiкфлоты" ұлттық теңiз кеме қатынасы компаниясы" жабық

акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң 2001 жылғы 25 мамырдағы N 714  

P010714_

  қаулысы.
     8. "Мұнай және Газ көлiгi" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк 
қоғамының 2001-2005 жылдарға арналған даму жоспарын бекiту туралы" 
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 15 ақпандағы N 221  

P020221_

  
қаулысы.
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.