Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетін тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 17 маусым N 662.

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының қаржы рыногын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мәселелері" туралы 2002 жылғы 17 мамырдағы N 872 U020872_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Комитетті таратуды, оның мүлкін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беруді жүзеге асырсын, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 шілдедегі N 983 P010983_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 27, 340-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
      19-тармақта:
      5) тармақшадағы "ведомство туралы ережені қоспағанда," деген сөздер алынып тасталсын;
      7) тармақшадағы ", сондай-ақ Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін

реттеу жөніндегі комитетінің нормативтік құқықтық кесімдер емес 
бұйрықтарын" деген сөздер алынып тасталсын;
     2) "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39  

P020039_

  қаулысына:
     көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктер, агенттіктер мен 
ведомстволар қызметкерлерінің штат санының лимиттерінде:
     "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 
министрлігі" деген бөлімнің реттік нөмірі 9-жолында:
     "170" деген сан "140" деген санмен ауыстырылсын;
     мына:
     "оның ішінде:
     Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін
     реттеу жөніндегі комитет                                       30"
деген жолдар алынып тасталсын.
     4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:


      1) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі N 471 P990471_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 14, 147-құжат) 2-тармақтың басқасы;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 P991093_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N

40, 343-құжат).
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 
А.С.Павловқа жүктелсін.
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Омарбекова А.Т.