Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетін тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы N 662 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының қаржы рыногын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мәселелері" туралы 2002 жылғы 17 мамырдағы N 872  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) таратылсын. 

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Комитетті таратуды, оның мүлкін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беруді жүзеге асырсын, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын. 

      3. <*>
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.01. N 314   қаулысымен.
       Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N 1132  қаулысымен .  
      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі N 471  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 14, 147-құжат) 2-тармақтың басқасы; 
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 343-құжат).

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі А.С.Павловқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі