Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 10 маусым N 624

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 P000229_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің қаражаты

есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы 
органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының 
лимиттерінде:
     5 "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" деген бөлімде 
"Аудандық АХАЖ-дар - 789" деген жол алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
 Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.