Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 10 маусым N 624. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604 қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 

      1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229  қаулысына  мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:
      5 "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" деген бөлімде "Аудандық АХАЖ-дар - 789" деген жол алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі