Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған ғылыми сараптама жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217 қаулысымен.
2. Заң жобаларын және заң жобаларының тұжырымдамаларын әзiрлеушi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар көрсетiлген Ереженiң талаптарына сәйкес барлық заң жобасы және заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша ғылыми сараптама жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217 қаулысымен.
2-1. Көрсетiлген Ережеде айқындалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргiзуге жiберу өлшемдерiне сәйкес келетiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеушi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар көрсетiлген Ереже талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргiзуге жiберудi қамтамасыз етсiн.
Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217 қаулысымен.
3. Орталық атқарушы және өзге де мүдделi мемлекеттiк органдар белгiленген тәртiппен:
2002 жылы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бірлесiп 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Заң жобалау жұмыстары" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
мемлекеттiк тiлде заң жобаларын дайындаудың жай-күйiн жақсартсын және тиiстi мәселелерге тiкелей жетекшiлiк ететiн лауазымды адамдардың жауапкершiлiгiн арттыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
2002 жылдың үшiншi тоқсаны iшiнде жоғары тұрған кесiмдердiң орындалуы үшiн қабылдануы тиiс қолда бар ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдерге талдау жасасын және талдау нәтижелерi бойынша олардың уақытында қабылдануын қамтамасыз етсiн.
4. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар 2002 жылдың үшiншi тоқсаны iшiнде бұл органдардың тиiстi бекiтiлген штат саны лимитiнiң шегiнде әрi оларды ұстауға көзделген әкiмшiлiк шығындардың есебiнен заңгерлiк қызметтердi толық жинақтауды және заңгерлiк бөлiмшелер құрылмаған органдарда оларды құруды жүргiзудi жүзеге асырсын әрі жұмыстың нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Yкiметiн хабардар етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:
2002 жылдың үшiншi тоқсанында орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың заңгерлiк қызмет қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын бiлуiн тестiлеудi жүргiзсiн және тестiлеу нәтижелерi туралы тиiстi мемлекеттiк органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкiметiн хабардар етсiн.
6. Премьер-Министрдiң 2001 жылғы 2 шiлдедегi N 51 өкiмiнде көрсетiлген мемлекеттiк органдар:
дайындау мерзiмi аяқталған нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын Қазақстан Республикасының Yкiметiне 2002 жылдың 1 шiлдесiне дейiн енгiзсiн;
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң лауазымды адамдарының шешiмдерiмен бақылаудан алынған тармақтар бойынша көрсетiлген өкiмге белгiленген тәртiппен тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.
7. Осы қаулының iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Б.Ә.Мұхамеджановқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 30 мамырдағы
N 598 қаулысымен
бекiтiлген
Ғылыми сараптама жүргiзу ережесi
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217 қаулысымен.
Осы Ереже "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу бойынша мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында әзiрлендi.
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217 қаулысымен.
1. Жалпы қағидалар
1. Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының және заң жобалары тұжырымдамаларының ғылыми сараптамасын қаралатын жобалардың және заң жобалары тұжырымдамаларының мазмұнына қарай, тиiстi бейiндегi ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары, ғалымдар мен мамандар арасынан тартылатын сарапшылар (бұдан әрi - Сарапшылар) жүргiзедi.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217 қаулысымен.
1-1. Осы Ереже халықаралық шарттарды жасасу, орындау және денонсациялау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларына таралмайды. Көрсетілген мәселелер бойынша ғылыми сараптама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 938 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу қағидасына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. Ереже 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.12 № 1198 Қаулысымен.
2. Нормативтік құқықтық актілердің реттейтін құқық қатынастарына карай осы актілердің жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін.
Заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша ғылыми құқықтық сараптама жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олармен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми сараптама, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілуге міндетті, бұған заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізіліп, онда ғылыми сараптама жүргізілмеуі мүмкін болатын жағдайлар қосылмайды.
Сондай-ақ мына нормативтік құқықтық актілердің:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларының;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақша 2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
2) Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларының;
РҚАО-ның ескертпесі!
3) тармақша 2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
3) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларының, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама міндетті түрде жүргізілуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілмейді.
Қабылдау салдары экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіретін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жіберу өлшемдері мыналар болып табылады:
1) мемлекеттік органның және/немесе лауазымды тұлғаның бақылау-қадағалау өкілеттіктеріне қатысты нормалардың болуы;
2) рұқсат беру рәсімдеріне қатысты нормалардың болуы;
3) жеке және заңды тұлғаларға міндеттер енгізуді немесе қолданыстағы міндеттерді өзгертуді көздейтін нормалардың болуы;
4) санкциялар салу, жауапкершілікке тарту, оларды беру жөніндегі мемлекеттік органның және/немесе лауазымды тұлғаның өкілеттіктерін, сондай-ақ мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратуды көздейтін нормалардың болуы.
Өзге де қажетті жағдайлар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу өлшемдері болуы мүмкін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.01.15 № 13 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына, заң жобаларының тұжырымдамаларына ғылыми сараптама жүргiзудi ұйымдастыру әзiрлеушi уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға (бұдан әрi - Сараптаманы ұйымдастырушылар) жүктеледi. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, заң жобаларының тұжырымдамаларын ғылыми сараптама жүргізуге жіберуді Әділет министрлігі Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына материалдар дайындау барысында, оның отырысының нәтижелері бойынша, жоспарлы және бағдарламалық құжаттарды қалыптастыру кезінде, заң жобаларын тездетіп әзірлеу қажет болған жағдайларда да жүзеге асыра алады.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми және криминологиялық сараптамалар жүргiзуге жiберудi ғылыми құқықтық сараптама жүргiзген сарапшының немесе келiсушi мемлекеттiк органдардың ұсынымдары бойынша да Сараптаманы ұйымдастырушылар жүзеге асыруы мүмкiн.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217, 2009.06.04 N 822 Қаулыларымен.
4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.09.04 N 898 қаулысымен.
2. Ғылыми сараптаманың мiндеттерi
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217 қаулысымен.
5. Ғылыми сараптаманың негiзгi мiндеттерi:
1) нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдаудың сапасын, негiздiлiгiн және уақтылылығын бағалау;
2) нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасының Конституциясына, жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге, Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiне сәйкестiгiн тексеру;
3) нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдаудың әлеуметтiк, экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық және өзге де салдарларын бағалау;
4) нормативтік құқықтық акті жобасының мүмкiн болатын тиiмдiлiгiн айқындау;
5) нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылдануына байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасау үшiн жағдайлар пайда болуын айқындау;
5-1) нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдауға байланысты гендерлік теңдік құқығына қысым жасайтын себептер мен жағдайлардың болуын айқындау;
6) осы нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда қолданыстағы заңнамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажеттiгiн анықтау;
7) нормативтік құқықтық актінің жобасы нормаларының ғылыми пысықталуының сипаттамасы, заңнамалық базаны жақсарту жөнiнде ғылыми негiзделген ұсыныстар әзiрлеу;
8) құқықтың тиiстi саласының қағидаттарына ықтимал қайшылықтарды анықтау;
9) нормативтік құқықтық актінің жобасында қамтамасыз етiлетiн айқын немесе жасырын ведомстволық немесе топтық мүдденi анықтау;
10) Сараптаманы ұйымдастырушы қойған өзге де сұрақтарға жауаптар алу;
11) жобаның нормативтік құқықтық акт ретінде қабылдануының ықтимал теріс салдарын анықтау.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217, 2009.06.04 N 822, 2010.01.15 № 13 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
5-1. Заң жобаларының ғылыми криминологиялық сараптамасы мынадай мiндеттердi басшылыққа алады:
1) заң жобалау базасын жетiлдiру;
2) заң жобасының қабылдануына байланысты құқық бұзушылықтарды жасауға мүмкiн жағдайларды анықтау;
3) қылмыстық әрекеттiң үстiнен әлеуметтiк-құқықтық бақылаудың мүмкiн болатын тиiмдiлiгiн айқындау және заң жобасы қабылданған жағдайда оның алдын алу;
4) заң жобасында Қазақстан Республикасындағы қазiргi кездегi қылмыстың жай-күйiн, сипатын және құрылымын есепке алу;
5) заң жобасын қабылдаудың қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi шараларға қатысты салдарлары;
6) алынып тасталды
7) заң жобасын қабылдаудың қылмыс субъектiлерiнiң әлеуметтiк-психологиялық қасиеттерi жүйесiне қатысты салдарлары;
8) жәбiрленушi тараптың өз құқықтарының қорғалуын жүзеге асыру мүмкiндiгi;
9) заң жобасымен реттелетiн құқық бұзушылықтардың түрлерi бойынша статистикалық деректердiң болуы;
10) заң жобасында көрсетiлген құқық бұзушылықтардың түрлерi бойынша жасырын қылмысты есепке алу мүмкiндiгi;
11) террорлық актiлер, қасақана құқық бұзушылықтар, сондай-ақ абайсыздықпен құқық бұзушылықтар жасау мүмкiндiгiн анықтау;
12) заң жобасы қабылданған жағдайда криминологиялық болжауды енгiзу;
13) заң жобасы қабылданған жағдайда криминологиялық жоспарлауды жүзеге асыру;
14) экономикалық қылмыстың криминологиялық сипаттамасын талдау.
Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.09.04 N 898, өзгерту енгізілді - 2007.03.20 N 217 қаулыларымен.
5-2. Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасының негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететiн нормаларды анықтау;
2) нормативтiк құқықтық актiнiң қаралатын жобасында анықталған олқылықтарды жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кедергi келтiретiн нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының нормаларын ұсынымдар нысанында әзiрлеу;
4) нормативтiк құқықтық акт жобасын қабылдаудың салдарларын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасау ықтималдығы бөлiгiнде жалпы бағалау;
5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң ықтимал тиiмдiлiгін айқындау.
Ескерту. 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217 қаулысымен.
5-3. Заң жобаларының тұжырымдамаларына ғылыми құқықтық сараптаманың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) заң жобасын қабылдаудың негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау не заң жобасын қабылдау қажеттiгiнiң жоқтығы немесе орынсыздығы туралы ғылыми негiзделген дәлелдемелер әзiрлеу;
2) заң жобасы тұжырымдамасының сапасын бағалау және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
3) заң жобасын қабылдаудың құқықтық және әлеуметтiк-экономикалық салдарларын бағалау;
4) заң жобасы тұжырымдамаларының құқықтың негiз қалаушы қағидаттарына сәйкестiгiн айқындау;
5) тұжырымдамада айқындалатын құқықтық қатынастардың қолданыстағы заңнамада реттелуi мәнiн бағалау;
6) тұжырымдамада айқындалған құқықтық қатынастардың Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағына сәйкестiгi мәнiн бағалау;
7) халықаралық тәжiрибенi анықтау және оны тұжырымдамада айқындалатын құқықтық қатынастарда қолдану мүмкiндiгiн бағалау;
8) заң жобасының тұжырымдамасы, оның мазмұны бойынша жалпы қорытынды;
9) заң жобасы қабылданған жағдайда қолданыстағы заңнамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажеттiгiн анықтау;
10) Сараптаманы ұйымдастырушы қойған өзге де мәселелерге жауаптар алу.
Ескерту. 5-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217 қаулысымен.
3. Ғылыми сараптаманы жүзеге асыратын сарапшылар.
Ғылыми сараптама жүргiзудiң тәртiбi мен шарттары
6. Сарапшылар ретiнде жобаны және заң жобаларының тұжырымдамаларын дайындауға тiкелей қатыспаған ұйымдар мен адамдар тартылады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217 қаулысымен.
7. Сарапшылар ретiнде басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкiн.
Жоба және заң жобасының тұжырымдамасы ғылыми сараптау үшiн шетелдiк және халықаралық ұйымдарға жiберiлуi мүмкiн.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217 қаулысымен.
8. Сарапшының жоғары бiлiмi және ғылыми сараптамасының белгiлi бiр түрi саласында арнаулы ғылыми бiлiмi және (немесе) ғылыми дәрежесi болуы тиiс.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.09.04 N 898 қаулысымен.
9. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына және заң жобаларының тұжырымдамаларына ғылыми сараптама жүргiзу үшiн сарапшыларды iрiктеу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217 қаулысымен.
10. Ғылыми сараптама жүргiзудiң тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сараптаманы ұйымдастырушы мен сарапшы арасында жасасылған азаматтық-құқықтық шартта немесе еңбек шартында белгiленедi.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.09.04 N 898 қаулысымен.
10-1. Ғылыми сараптама заң жобасын әзiрлеудiң мынадай сатыларында жүргiзiледi:
заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентiне (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті) сәйкес мүдделi мемлекеттiк органдармен келiскенге дейiн;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен заң жобасын келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзгенге дейiн.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама заңға тәуелді нормативтік құқықтық акті жобасын әзірлеудің мынадай сатыларында жүргізіледі:
мүдделі мемлекеттік органдармен келіскенге дейін;
мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізгенге дейін.
Мемлекеттiк тiркеуге жататын заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне енгiзгенге дейiн жүргiзiледi.
Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.09.04 N 898, өзгерту енгізілді - 2007.03.20 N 217, 2009.06.04 N 822, 2010.01.15 № 13 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
10-2. Заң жобасын әзірлеудің әрбір сатысында ғылыми сараптама мәтінінің заң жобасының мәтініне сәйкестігіне Сараптаманы ұйымдастырушылар жауапты болады.
Ескерту. 10-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.06.04 N 822 Қаулысымен.
4. Ғылыми сараптамалардың әр түрлiлiгi
11. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша кешендi, дербес, комиссиялық, қайталама және қосымша ғылыми сараптамалар жүргiзiлуi мүмкiн.
Кешендi ғылыми сараптама заң жобасының тұжырымдамалары бiлiмнiң түрлi салалары негiзiнде зерттеу қажет болған жағдайларда жүргiзiледi.
Дербес сараптама нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын бiлiмнiң бiр саласы негiзiнде зерттеу қажет болған жағдайларда жүргiзiледi.
Комиссиялық сараптаманы бiр мамандық сарапшыларының комиссиясы жүргiзедi.
Қайталама ғылыми сараптама осы мәселелер бойынша алдыңғы сараптама нәтижелерi жөнiндегi сарапшы қорытындысы жеткiлiктi негiзделмеген не оның дұрыстығы күмән туғызған жағдайларда жүргiзiледi.
Қосымша ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасына, заң жобасын пысықтау нәтижесінде оның тұжырымдамасына тұжырымды өзгерістер енгізілген жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізгенге дейін жүргізіледі.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217, 2009.06.04 N 822 Қаулыларымен.
5. Ғылыми сараптама жүргiзудi қаржыландыру
12. Ғылыми сараптама жүргiзудi қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
6. Ғылыми сараптама жүргiзу үшiн ұсынылатын құжаттар
13. Сараптаманы ұйымдастырушы нормативтiк құқықтық акт жобасының көшiрмесiмен бiрге сарапшыға мынадай құжаттардың көшiрмелерiн ұсынады:
нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына түсiндiрме жазба (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде);
нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына салыстырмалы кесте, қолданыстағы заңнамаға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың тиiстi негiздемелерiмен өзгерiстер мен толықтырулар туралы нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын енгiзген кезде (мемлекеттiк және орыс тілдерiнде).
зерделенетiн мәселелер бойынша статистикалық деректер;
Сарапшының сұратуы бойынша Сараптаманы ұйымдастырушы сол сияқты нормативтiк құқықтық актiнiң жобасында және заң жобасының тұжырымдамасында қозғалған мәселелерге қатысты өзге материалдарды да ұсынуы мүмкiн.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.09.04 N 898, 2006.02.14 N 99, 2007.03.20 N 217 қаулыларымен.
14. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.09.04 N 898 Қаулысымен.
7. Ғылыми сараптама жүргiзу мерзiмдерi
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217 қаулысымен.
15. Ғылыми сараптама нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын және оларға материалдарды сарапшыға ұсынған күннен бастап он бес күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде жүргiзiлуi тиiс.
Қосымша және қайталама ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын және оларға материалдарды сарапшыға ұсынған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізілуі тиіс.
Қажет болған ретте ғылыми сараптаманы жүргiзу мерзiмi Сараптаманы ұйымдастырушының келiсiмi бойынша ұзартылуы мүмкiн. Бұл ретте сарапшыға мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аудару үшiн қосымша бес күнтiзбелiк күн берiледi.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.09.04 N 898, 2007.03.20 N 217, 2009.06.04 N 822 Қаулыларымен.
15-1. Сараптаманы ұйымдастырушы сарапшының ұсыныстары бойынша нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын пысықтаған жағдайда ғылыми сараптаманы жүргiзу мерзімдері жаңартылған заң жобасының ұсынылған күнінен бастап белгіленеді.
Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.09.04 N 898, өзгерту енгізілді - 2007.03.20 N 217 қаулыларымен.
8. Сарапшы
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217 қаулысымен.
16. Сарапшы:
ғылыми сараптама жүргiзу үшiн қажеттi, соның iшiнде сарапшылық жұмыс жүргiзу барысында туындаған мәселелер бойынша да барлық ақпаратты алады;
орындаған жұмысы үшiн сыйақы алады;
Сараптаманы ұйымдастырушының келiсiмi бойынша өзiнiң алдына қойылған мәселелер бойынша ғана емес, өз құзыретi шегiндегi өзге мәселелер бойынша да қорытындылар береді;
ғылыми сараптаманы жүзеге асыру кезiнде оның орындалуына, егер шартта өзгесi көзделмесе, үшiншi тұлғаларды тартуы мүмкiн.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217 қаулысымен.
17. Сарапшы:
Сараптаманы ұйымдастырушы оның алдына қойған мәселелер бойынша уәждi, ғылыми негiзделген, шынайы және толық қорытынды бередi;
өз күшiмен, өз есебiнен және Сараптаманы ұйымдастырушы белгiлеген мерзiмде ғылыми сараптама жүргiзу барысында өз кiнәсiнен жiберiлген кемшiлiктердi жояды;
Сараптаманы ұйымдастырушыға күтiлген нәтижелердi алу мүмкiн болмайтынын анықтағаны немесе одан әрi ғылыми сараптама жүргiзудiң орынсыздығы туралы дереу хабарлайды;
Сараптаманы ұйымдастырушыға ғылыми сараптама жүргiзу барысында шеккен шығыстары туралы есеп бередi;
ғылыми сараптама жүргiзудiң мәнiсіне қатысты мәлiметтердiң, оның орындалу барысының және ғылыми нәтижелерiнiң жасырын болуын қамтамасыз етедi;
шартта белгiленген өзге де мiндеттердi алады.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217 қаулысымен.
9. Сараптамалық қорытынды
18. Жүргiзiлген ғылыми сараптама нәтижелерi бойынша ғылыми сараптама жүргiзудiң мәнiсi жөнiнде сарапшылардың уәждi, ғылыми негiзделген, шынайы және толық тұжырымы болуы тиiс сараптамалық қорытынды жасалады.
Сараптаманы ұйымдастырушыда сараптамалық қорытынды тұжырымдарына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, ол тиiстi түсiндiрмелер беруi үшiн сарапшыға жүгiне алады не оған Сараптаманы ұйымдастырушы белгiлеген мерзiмде қайталама ғылыми сараптама жүргiзудi мiндеттей алады.
Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217 қаулысымен.
19. Сараптамалық қорытынды ғылыми сараптама жүргiзген ұйымның фирмалық бланкiсiнде дайындалады, ал ғылыми сараптаманы жеке тұлға жүргiзген жағдайда, қорытындыда оның аты-жөнi және оның құзыретiн көрсететiн деректер көрсетiледi.
Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217 қаулысымен.
20. Нормативтiк құқықтық акт жобасының ғылыми сараптамасының қорытындысында мыналар көрсетiлуi тиiс:
ғылыми сараптама жүргiзген ұйым немесе адам;
ғылыми сараптама жүргiзiлген ғылым саласы;
Сараптаманы ұйымдастырушы;
ғылыми сараптаманың мәнiсi мен мақсаттары, сарапшы алдына қойылған сұрақтар;
нормативтiк құқықтық акт жобасының атауы;
нормативтiк құқықтық акт жобасының арналуы;
нормативтiк құқықтық акт жобасының құрылымы;
қойылған сұрақтарға негiзделген және толық жауаптар.
Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217 қаулысымен.
20-1. Заң жобасы тұжырымдамасының ғылыми құқықтық сараптамасының сараптамалық қорытындысында мыналар көрсетiлуге тиiс:
ғылыми құқықтық сараптаманы жүргiзген ұйым немесе тұлға;
Сараптаманы ұйымдастырушы;
ғылыми құқықтық сараптаманың мәнi мен мақсаттары, сарапшының алдына қойылған мәселелер;
заң жобасы тұжырымдамасының атауы;
қойылған мәселелерге негiзделген және толық жауаптар.
Ескерту. 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217 қаулысымен.
21. Ғылыми сараптамаға бiрнеше нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары немесе заң жобаларының тұжырымдамалары ұсынылған жағдайда сарапшы ғылыми сараптама жүргiзедi және нормативтiк құқықтық акт жобасының немесе заң жобасы тұжырымдамасының әрқайсысы бойынша қорытынды жасайды.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217 қаулысымен.
22. Сараптамалық қорытындыға сараптама жүргiзушi ұйымның бiрiншi басшысы немесе ғылыми сараптама жүргiзген жеке тұлға қол қояды.
23. Ғылыми сараптама тұжырымдары ұсынымдық сипатта болады. Сараптамалық қорытындыда нормативтiк құқықтық акт жобасына ескертулер мен ұсыныстар болған кезде Сараптаманы ұйымдастырушы оларды құзыретiне сараптамалық қорытындыда қозғалатын мәселелердi қарау кiретiн мемлекеттiк органдарға пысықтау және тиiстi ұстанымды қалыптастыру үшiн нормативтiк құқықтық актiнiң жобасымен бiр мезгiлде жiбередi.
Ғылыми сараптама терiс қорытынды берген кезде, Сараптаманы ұйымдастырушы нормативтiк құқықтық акт жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес пысықтау туралы өз бетiмен шешiм қабылдайды.
Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы мен оған берiлген сараптамалық қорытындыны Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң не Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарауына енгiзген кезде Сараптаманы ұйымдастырушы нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы бойынша сараптамалық қорытындыдағы ұсынымдарды қабылдамау себептерiнiң уәждi негiздемесiн беруi тиiс. Сараптаманы ұйымдастырушы тиісті негіздемелердің көшірмесін бір мезгілде сарапшыға береді.
Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217, 2009.06.04 N 822 Қаулыларымен.