Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 602 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 P010290_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
10-тармақта:
"Нәлібаев Әбдіхалық Зәкірұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі, төраға;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Нәлібаев Әбдіхалық Зәкірұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, төраға;";
"Оразалинов Дулат Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Кеңсесі Өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімінің
консультанты;" деген жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Есенғараев Асқар Батылханұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және
коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі
комитетінің төрағасы.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.