Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурстарын өткiзу жөнiндегi комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 19 сәуір N 451

Жаңартылған

     Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын 
пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828  

U962828_

  заң күшi бар 
Жарлығы 41-5-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi 
қаулы етеді:
     1. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар 
конкурстарын өткiзу жөнiндегi комиссия мына құрамда құрылсын:
     Мәсiмов                          - Қазақстан Республикасы Премьер- 
     Кәрiм Қажымқанұлы                  Министрiнiң орынбасары, төраға
     Школьник                         - Қазақстан Республикасының
     Владимир Сергеевич                 Энергетика және минералдық
                                        ресурстар министрi, төрағаның
                                        орынбасары
     Қонақаев                         - Қазақстан Республикасы 
     Саяхат Алпысұлы                    Энергетика және минералдық
                                        ресурстар министрлiгінiң Жер
                                        қойнауын пайдалану департаментінің
                                        директоры, хатшы
     Ким                              - Қазақстан Республикасының
     Георгий Владимирович               Әдiлет министрi
     Нәлiбаев                         - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Әбдiқалық Зәкiрұлы                 Министрiнің Кеңсесi Басшысының
                                        орынбасары
     Жәмiшев                          - Қазақстан Республикасының
     Болат Бидахметұлы                  Қаржы бiрiншi вице-министрi
 
     Құсайынов                        - Қазақстан Республикасының
     Әбілғазы Қалиәкпарұлы              Индустрия және сауда
                                        вице-министрi
     
     Өжкенов                          - Қазақстан Республикасының
     Болат Сұлтанұлы                    Энергетика және минералдық
                                        ресурстар министрлiгi Геология
                                        және жер қойнауын қорғау
                                        комитетiнiң төрағасы
     
     Самақова                         - Қазақстан Республикасының
     Айткүл Байғазықызы                 Қоршаған ортаны қорғау министрi
   
     Әшiмов                           - Қазақстан Республикасының
     Нұрғали Сәдуақасұлы                Энергетика және минералдық
                                        ресурстар бiрiншi вице-министрi;
     Дунаев                           - Қазақстан Республикасының
     Арман Ғалиасқарұлы                 Экономика және бюджеттік
                                        жоспарлау вице-министрi;
     Облыстық атқарушы
     органның өкiлi
     (объектiнiң аумақтық
     тиiстiлiгiне қарай
     шақырылады)
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.13. N 997 қаулысымен.  
               

P020997_

  


      2. Комиссия жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурстарын заңнамада белгiленген тәртiппен өткiзсiн.
      3. Мыналардың:
      1) "Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар

конкурстарын өткiзу жөнiндегi комиссияны құру туралы" Қазақстан 
Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 21 сәуiрдегi N 535  

P010535_

  қаулысының;
     2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 21 сәуiрдегi N 535 
қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 
жылғы 27 желтоқсандағы N 1732  

P011732_

  қаулысының күшi жойылды деп 
танылсын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының 
         Премьер-Министрі 
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.