1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi магистральды мұнай құбырларымен мұнай мен газ тасымалдауға, кейiннен оларды сақтауға және көлiктiң басқа түрлерiне қотарып құюға байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiн жоспарлау, жобалау, салу мәселелерi бойынша, сондай-ақ мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымының бар объектiлерiн пайдалану мәселелерi бойынша құрылыс қызметi саласында реттеудi және бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қатысатын мемлекеттiк басқару органы болып айқындалсын.
2. Мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру мәселелерiн және бақылау мен қадағалау функцияларын қоспағанда, жоғарыда көрсетiлген мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi жұмыс органының функциялары "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамына жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
1) "Жер учаскелерiне жеке меншiк құқығын және жер пайдалану құқығын беру тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 20 маусымдағы N 760 P960760_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 251-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жер учаскелерiне жеке меншiк құқығын және жер пайдалану құқығын беру тәртiбi жөнiндегi ережеде:
22-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Магистральды мұнай құбырларымен мұнай мен газ тасымалдауға, кейiннен оларды сақтауға және көлiктiң басқа түрлерiне қотарып құюға байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiнiң құрылысы үшiн жер учаскесiн сұраған кезде жерге орналастыру жобасы Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен де келiсiледi.";
2) "Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133 P010133_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 37-құжат);
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi туралы ережеде:
11-тармақ мынадай мазмұндағы 20-1) және 20-2) тармақшаларымен толықтырылсын:
"20-1) магистральды мұнай құбырларымен мұнай мен газ тасымалдауға, кейiннен оларды сақтауға және көлiктiң басқа түрлерiне қотарып құюға байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiнiң құрылысы үшiн жерге орналастыру жобаларын келiсудi және жер учаскесiн бөлуге қажеттi қорытындылар берудi жүзеге асырады;
20-2) магистральды мұнай құбырларымен мұнай мен газ тасымалдауға, кейiннен оларды сақтауға және көлiктiң басқа түрлерiне қотарып құюға байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiн жоспарлау, жобалау, салу мәселелерi бойынша, сондай-ақ мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымының бар объектiлерiн пайдалану мәселелерi бойынша құрылыс қызметi саласында реттеудi, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге
асыруға қатысады;"; 12-тармақтың 7) тармақшасында "басқа мемлекеттiк органдар" деген сөздер "мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.